Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі N 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6369 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011.07.15 N 330 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы N 232 шешіміне
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 01 сәуірде мемлекеттік тіркеу N 10-8-114, 2010 жылғы 07 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің N 27 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың 22-тармағының 1)-тармақшасының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "электр қуаты 1 айға 1 адамға -70 квт/сағ, 2 адамға- 140 квт/сағ, 3 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға- 210 квт/сағ".
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XXIV сессиясының төрағасы                         С. Көзейбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                      А. Атақаев