Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі N 349 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6366 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 49-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелері бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 349 бұйрығымен    
бекітілген       

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарлар
бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн
салығын төлеуді қолдану
ережесі

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу ереже (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) 49-1-бабына сәйкес әзірленген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындағанда жүзеге асырылады:
      1) Тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында бекітілген тауарлардың тiзбесiне енгізілген;
      2) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген Тауарлардың импорты бойынша төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және көрсетілген тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі – Міндеттеме) салық қызметі органына табыс етілген жағдайда.
      3. Міндеттеме Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көрсетілген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір уақытта салық қызметі органына табыс етіледі.
      4. Міндеттемеге Қазақстан Республикасының кеден органдары беретін Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытынды қоса беріледі.
      Бұл ретте келісімшартта мұндай тауарды бірнеше рет жеткізу көзделсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша беріледі, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі беріледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      5. Міндеттеме екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
      6. Міндеттеменің негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздермен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте төлеген жағдайда ҚҚС іс жүзінде төлеусіз жүргізіледі.
      7. Міндеттемеде көрсетілген ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте есептеу мен есепке жатқызу ҚҚС бойынша декларацияда бір уақытта көрсетіледі.
      8. Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген мүлікті лизингке беруді қоспағанда, тауарларды одан әрі өткізу ҚҚС салуға жатады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында белгіленген талаптарды бұзған және осы Ереженің 2, 4 және 7-тармақтарының ережелерін орындамаған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.
      Осы Ереженің шарттары сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға сыйақыны ескермей, лизинг шартымен көзделген лизинг төлемі сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде лизинг шарты (келісімшарты) бойынша да таралады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің      
аумағынан Қазақстан Республикасының    
аумағына импортталатын тауарлар бойынша
есепке алу әдісімен қосылған құн салығын
төлеуді қолдану ережесіне қосымша      

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

нысан

Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті
қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы
жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды
мақсатты пайдалану туралы міндеттеме

1-бөлім. Жалпы ақпарат

Алушы/импорттаушы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы, немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі














Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), егер ол болған жағдайда














ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы
|_|_|_|_|_| № |_|_|_|_|_|_|_| «____» _________ 20 ___ ж. берілген
_____________________________________________________________________
                       (салық органының атауы)
_____________________________________________________________________

2-бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен
төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған
құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету

      Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының сомасын жүк кеден декларациясына сәйкес есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын
_____________________________________________________________________
                            (салық кезеңі)
(____________________________________________________________________
____________________________________________________________) теңге,
                           (сомасы жазбаша)
№ __________________________ «_______» ________ 20 ______ж. көрсетуге міндеттенемін.

3-бөлім. Есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты
пайдалану бойынша қосылған құн салығын төлеу

Тауарлар ретінде мыналар әкелінді: __________________________________
                                   (тауарлардың атауы, ТН ВЭД (сыртқы
_____________________________________________________________________
   экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды)
      Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының коды бойынша қорытынды
_____________________________________________________________________
Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының кодының жіктемесін растайтын 20 ___ жылғы «____» ___ № ___ _____________________________ құжат.

Осыған орай көрсетілген тауарларды, яғни қаржы лизингі мен реэкспорт режимінде тауарды қайтаруға беруді қоспағанда, яғни олардың мақсатты бағытына сәйкес өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін пайдалануға міндеттенемін.
      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы мен өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
______________________________________________________  /_________/
        (Салық төлеушінің аты-жөні)                        (қолы)

Міндеттемені тапсыру күні 20 ___ жылғы «____» ____ № ____
______________________________________________________  /_________/
(Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні)    (қолы)

Міндеттемені қабылдау күні 20 ___ жылғы «____» ____ № ___

Салық қызметі органының М.О.

Ескертпе. Міндеттеме «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір уақытта екі данада салық қызметі органына табыс етіледі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БСН/ЖСН 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс.