"Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 3

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6832 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 11.05.2016 № 2/19 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Приозерск қаласы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орыны реттелсін ("Родина" орталық қалалық стадионы).
      2. Приозерск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 272/42 "Приозерск қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлау мерзімінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу орындарын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-81 болып тіркелген, 2007 жылғы 27 шілдедегі N 19 (94) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Жолдас Б.Қ.).
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасы
О. Әйтбенбетов
Қалалық мәслихат хатшысы
Е. Омаров
КЕЛІСІЛДІ
 
Приозерск қаласының әкімі
 
Е. Өтешев
 

      
      2011 жыл