Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жанындағы Сот Әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010 жылғы 14 шілдедегі N 01-01-31/244 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6346 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 304 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.11.03 № 304 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2010.10.25. бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 174-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет туралы ереженің 17-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.U101039
      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

                                                     Г. Ким

Қазақстан Республикасының 
Жоғарғы Соты жанындағы  
Сот әкімшілігі жөніндегі 
комитет Төрағасының   
2010 жылғы 14 шілдедегі 
№ 01-01-31/244 бұйрығымен
бекітілген         

Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге
асыру ережесі

      1. Осы Ереже «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган аумақтық органының (бұдан әрі – аумақтық орган) және өңірлік жеке сот орындаушылары алқасының жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-қимылдарының заңдылығын бақылауды жүзеге асыру және іс жүргізу ережесін сақтауы жөніндегі бірлескен құзыретінің іске асырылу тетігін белгілеу мақсатында әзірленді.
      2. Бақылау мақсаты мыналар болып табылады:
      жеке атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты және оның халыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету;
      жеке атқару практикасының қолданыстағы заңнаманың атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін және халықаралық құқық талаптарына сәйкестігін зерделеу.
      3. Бақылау міндеттері мыналар болып табылады:
      атқарушылық іс жүргізу тараптарының мүліктік және мүліктік емес құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      жеке сот орындаушыларының құқық қолдану практикасында бірізділікті қамтамасыз ету;
      атқарушылық іс жүргізу саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту.
      4. Бақылауды жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:
      объективтілік;
      алаламаушылық;
      кәсіби этиканы сақтау;
      кәсіби құпияны сақтау;
      атқарушылық іс жүргізу тараптарының, сондай-ақ жеке сот орындаушысының өзінің де құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
      5. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық іс-қимылдың заңдылығын және оның іс жүргізу ережесін сақтауын бақылауды уәкілетті және аумақтық органдар, Республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылары алқалары жүзеге асырады.
      6. Жеке сот орындаушыларының кәсіби қызметін тексеру мыналарды ұйғарады:
      тексерілетін жеке сот орындаушысының атқарушылық іс-қимылдарды жасау кезінде қолданыстағы заңнаманың атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін заңнаманы, сондай-ақ кәсіби этика сақтау ахуалын зерделеу және тексеру;
      жасалатын атқарушылық іс-қимылдардың серпінін, құрылымы мен сипатын талдау;
      жеке сот орындаушысының іс жүргізуге қойылатын талаптарды сақтауын, оның ішінде іс жүргізу тіліне қойылатын талаптарды сақтауын тексеру;
      жеке сот орындаушысы мұрағатының жай-күйін зерделеу;
      есептілікті жасаудың және атқарушылық іс жүргізуді есепке алудың дұрыстығы мен растығын зерделеу;
      жеке сот орындаушысының жеке сот орындаушысының кәсіби ар-намыс кодексін сақтауы және оның өңірлік сот орындаушылары алқасы жарғысының талаптарын орындауы.
      7. Жеке сот орындаушыларының кәсіби қызметін тексеру түрлері:
      1) алғашқы тексерулер;
      2) мерзімді тексерулер;
      3) жедел тексерулер.
      8. Осы Ереженің 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген тексерулер аумақтық орган өңірлік жеке сот орындаушылары алқасымен бірлесіп жасайтын бірыңғай тексерулер кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
      Тексерулердің кестесі:
      1) тексеру жүргізу мерзімін және жеке сот орындаушыларының кәсіби қызметі басталған күннен бастап алты айдан кем емес және бір жылдан аспайтын тізімін (алғашқы тексерулер);
      2) тексеру жүргізу мерзімін және жеке сот орындаушыларының кәсіби қызметін соңғы тексеру бір жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген тізімін (мерзімді тексерулер) анықтайтын бөлімдерден тұрады.
      9. Бастапқы тексеру кестесі тоқсан сайын түзіледі және өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасымен келісім бойынша өткен тоқсанға сәйкес 10-шы жұлдызынан кешіктірілмей аумақтық орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Мерзімді тексеру кестесі бір күнтізбелік жылға жасалады және тиісті ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасымен келісім бойынша аумақтық орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Тексеру кестесін түзету өңірлік жеке сот орындаушылары алқасымен келісім бойынша аумақтық органмен бір жылда екі реттен көп емес жүзеге асырылады.
      Кесте бір жеке сот орындаушысының кәсіби қызметін жылына бір реттен жиі емес тексеруді жүргізу үшін негіз болып табылады.
      10. Кестені жасау кезінде мынадай факторлар мен жағдайлар есепке алуға жатады:
      жеке сот орындаушысы кеңсесінде сот орындаушысының жалпы жұмыс мерзімі;
      алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
      жеке сот орындаушысының алдыңғы тексерулерде алған ұсынымдарды орындауы;
      жеке сот орындаушысының іс-әрекетіне шағымдар мен өтініштердің саны;
      сот тәртібімен жойылған атқарушылық іс-қимылдарының, жеке сот орындаушысына қатысты соттар енгізген жеке ұйғарымдардың болуы;
      жеке сот орындаушысына қатысты қозғалған қылмыстық істің болуы;
      прокурорлық қадағалау актілері.
      11. Жеке сот орындаушысына атқарушылық іс-қимылдар жасауға жүгінген тұлғалардың шағымдары, прокурорлық қадағалау актілері, соттардың жеке қаулылары, жедел тексерулер жүргізу үшін негіз болады.
      Жедел тексеру заңсыздығы (дұрыс еместігі) шағымда немесе құқық қорғау органдары мен соттардың іс жүргізу құжаттарында көрсетілген іс-әрекеттерді ғана қамтиды.
      12. Алғашқы және мерзімді тексерулерді жүзеге асыру үшін аумақтық орган басшысының бұйрығымен өңірлік жеке сот орындаушылары алқасымен келісім бойынша аумақтық органның қызметкерлері, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының өкілдерінен кемінде үш адамнан тұратын тұрақты әрекет ететін комиссиялар құрылады.
      13. Бұйрықта комиссияның дербес құрамынан басқа кәсіби қызметі тексеруге жататын жеке сот орындаушысының аты-жөні, тексеру негіздері, тексеруді жүзеге асыру үшін белгіленетін мерзім, тексерумен қамтылатын жеке сот орындаушысының жұмыс мерзімі көрсетіледі.
      Бұйрықпен өңірлік жеке сот орындаушылары алқасымен келісім бойынша комиссия мүшелерінің қызметін тексеру мен үйлестіруді тиісінше ұйымдастыру жүктелетін комиссия төрағасы бекітіледі.
      14. Тексерілетін жеке сот орындаушысы бұйрықпен қол қоя отырып, тексеру басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей танысады.
      Жеке сот орындаушысы тексеру туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда комиссия бас тарту туралы хаттама жасайды. Жеке сот орындаушысының бұйрықпен танысудан бас тартуы тексеруді кейінге қалдыруға негіз бола алмайды.
      15. Ауырған, отбасылық және қызметтік жағдайларына байланысты бұйрықта белгіленген тексеру мерзімін есептеу тоқтатылады.
      Тексеру мерзімін тоқтатқан немесе ұзартқан жағдайда комиссия төрағасының аумақтық органға жазбаша өтініші негізінде аумақтық орган басшысының бұйрығы шығарылады.
      16. Жеке сот орындаушысының қызметін алғашқы тексеру:
      орналасқан үй-жайға меншіктігі туралы құқық иелендіретін құжаты немесе жалдау шартының, жеке сот орындаушысының үй-жайды мақсатына сай пайдалану;
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылдың 26 сәуіріндегі № 01-01-31/146 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарын сақтау (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу реестрінде № 6247 тіркелген);
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылдың 26 сәуіріндегі № 01-01-31/140 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушыларының кеңсесінде іс жүргізу ережесін сақтау (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу реестрінде № 6252 тіркелген);
      мұрағат үй-жайының жай-күйін;
      жеке сот орындаушысының жалдау бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын жасауын (еңбек шартының болуы, жұмыс орындарын беру, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету);
      жеке сот орындаушысының мөрін және бланкілерін сақтау, атқарушылық іс жүргізуді, берілген тапсырмаларды, есепке алу журналдарын және кітаптарын жүргізу және сақтау жағдайларын;
      азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруын;
      жеке сот орындаушысының қызметтік ақпараттық-нормативтік қамтамасыз ету ахуалын зерделеуді және тексеруді ұйғарады.
      17. Комиссия мүшелері:
      тексерілетін жеке сот орындаушысынан атқарушылық іс-қимыл туралы, оның ішінде тексеру жүргізу үшін қажетті есептік мәліметтерді алады;
      жеке сот орындаушысынан ол жасаған атқарушылық іс-қимылдарға қатысты жеке түсініктемелерді алады;
      сот қаулыларымен, прокурорлық қадағалау актілерімен, бақылау-тексеру органдары жүргізген алдыңғы тексерулердің нәтижелері туралы актілермен және анықтамалармен танысады.
      18. Комиссия мүшелері:
      объективті және алаламауы;
      қолданыстағы заңнаманың атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін ережелері мен талаптарын, жеке сот орындаушысының кәсіби ар-намыс кодексін, өңірлік жеке сот орындаушылары алқасының жарғыларын білуі;
      атқарушылық іс-қимылдар жасау кезінде жеке сот орындаушыларының тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі;
      тексеру кезінде оларға мәлім болған мәліметтерді жария етпеуі;
      кәсіби этиканы сақтауы.
      19. Жеке сот орындаушысы оның қызметін тексеруді жүргізу барысында:
      комиссияға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуға қатысты мәліметтер мен құжаттарды береді;
      комиссияға атқарушылық іс жүргізудің барлық талап етілетін материалдарын және есептерді береді;
      қажет болған кезде өзінің атқарушылық іс-қимылдарына жазбаша және ауызша түсініктер, сондай-ақ түсініктемелер береді;
      атқарушылық іс-қимылдар жасау кезінде анықталған қателер мен бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
      20. Тексеру нәтижесі үш дана болып жасалатын барлық комиссия мүшелерімен және жеке сот орындаушысымен қол қойылатын комиссияның анықтамасында көрініс табады.
      Анықтама көшірмесі тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жеке сот орындаушысына, аумақтық органға және өңірлік жеке сот орындаушылары алқасына жіберіледі.
      21. Анықтама ахуалды толық талдауды, комиссияның бағалаулары мен қорытындысын, сондай-ақ, іске асыру мерзімін көрсете отырып нақты ұсынымдарды қамтиды.
      22. Тексеру нәтижелері жеке сот орындаушысы аттестаттаудан өткен кезде есепке алынуы тиіс.