Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылғаны танылсын.
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына және "Актуарлық статистикалық бюро" ЖШС-ға мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілді |
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесі
Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесі Қордың Қор қатысушысы – мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мақсатына мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дебиторлар тізілімі - тарату комиссиясы беретін сақтандыру шарттарының сақтандыру сыйлықақылары төлемі бойынша таратылатын сақтандыру ұйымы алдында борышы бар тұлғалардың тізімі;
2) кредитор - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар адамға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;
3) кредиторлар тізілімі - тарату комиссиясы беретін кепілдік төлемді алу құқығына иеленген тұлғалар тізімі.
4) сақтандыру актісі - сақтандырушы және (немесе) оның өкілінің қатысуымен қатысушы-сақтандыру ұйымы жасаған үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе мүлкіне) келтірілген зиянның жері, уақыты, мөлшері және себебі көрсетілген және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжат;
5) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Қормен қатысу шартын жасасқан және оның акционері болып табылатын сақтандыру ұйымы;
6) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем - Қордың Заңында көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы;
7) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген тәртіппен және талаптармен басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
8) шарттардың тізілімі - Заңның 15-1-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы аннуитетті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімі;
9) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Қордың міндетті сақтандыру түрлері бойынша кепілдік төлемдерін жүзеге асыруы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Кепілдік төлемін алу негіздері Заңның 15-бабының 1-тармағында белгіленген.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.3. Кредитор Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемін алу үшін Қорға өтініш берген жағдайда, кепілдік төлемін жүзеге асыру жөніндегі жазбаша өтінішке мынадай растайтын құжаттарды:
1) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан не сақтандыру төлемін толық емес көлемде жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда сақтандыру ұйымы мен сақтанушы (сақтандырылушы) арасында жасалған бітімге келу келісімін, сақтандыру төлемін не сақтандыру төлемінің даулы бөлігін заңды күшіне енгені жөніндегі белгімен жүзеге асыру туралы соттың шешімін, не сот актісі болмаған жағдайда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемінен бас тарту немесе оны ішінара жүзеге асыру туралы шешімін (бар болғанда), сондай-ақ жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің көлемін растайтын төлем құжаттарын, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжаттарды;
2) егер сақтандыру жағдайы қатысушы сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін табыстау күніне дейінгі кезеңде болған жағдайда - кредитор сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын қойған кезде ұсынатын Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы немесе сақтандыру шартында көзделген құжаттарды, сондай-ақ болжамды сақтандыру төлемінің мөлшерін не оны жүзеге асырудан бас тарту себептерін көрсете отырып, осы талапты қарау қорытындылары бойынша таратылатын сақтандыру ұйымы уақытша әкімшілігінің (тарату комиссиясының) шешімін бар болған - қоса береді.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) береді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Кредитор осы Ереженің 3-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап Қор 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік төлемін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) туралы мәселені қарайды. Кредитордан келіп түскен өтініш бойынша шешім қабылдау үшін Қор қатысушы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясынан (бұдан әрі - тарату комиссиясы) жазбаша түрде кредитордың сақтандыру ісін, соның ішінде есептелген және төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, сақтандыру төлемдерінің мөлшері туралы ақпаратты сұратады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Тарату комиссиясы Қордың сұратуын алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде құжаттардың тізімдемесін жасап, Қорға бар сақтандыру ісі мен қажетті құжаттарды жібереді не кредитор жөніндегі құжаттар мен ақпараттың жоқтығы туралы хабарлайды.
6. Осы Ереженің 3-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторы Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына сақтандыру жағдайының басталуы және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында көзделген мерзімде және тәртіппен сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру туралы өтінішпен хабарласа алады. Қор мекенжайын көрсете отырып, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы не Қор міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамалық актілерде немесе сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген жағдайда кредиторларға сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру үшін Қор қатысушы-мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде тарату комиссиясынан жазбаша түрде міндетті сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде сол шарттар бойынша есептелген және төленген сақтандыру сыйлықақының мөлшері туралы ақпаратты, кредиторлар тізілімі мен өтемақы төлемінің тізілімін сұратады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.8. Тарату комиссиясы Қордың сұратуын алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде сұраған ақпаратты Қорға жібереді.
Қор ақпаратты алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде оны қатысушы-сақтандыру ұйымына жібереді.
9. Кредитор қатысушы - сақтандыру ұйымына сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы өтінішпен хабарласқан жағдайда қатысушы - сақтандыру ұйымы кредитор туралы ақпараттың болуын кредиторлар тізілімінен және (немесе) деректер базасынан тексереді.
Кредитор туралы мәліметтер кредиторлар тізілімінде және (немесе) деректер базасында болмаған жағдайда қатысушы-сақтандыру ұйымы кредитор мен Қорға өтінішті қабылдаудан бас тартуды жібереді, сондай-ақ кредиторға осы факті бойынша Қорға хабарласу қажеттігін түсіндіреді.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.10. Кредитор өзі туралы мәліметтер кредиторлар тізілімінде және (немесе) деректер базасында болмағандықтан Қормен хабарласқан кезде Қор тарату комиссиясына үш жұмыс күн ішінде кепілдік төлемін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) үшін кредитор жөніндегі ақпаратты беру туралы жазбаша түрде сұраныс жібереді.
11. Тарату комиссиясы Қордың сұратуын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қорға сақтандыру полисінің көшірмесін не сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақы төлемін растайтын құжатты жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Өтініш берушіде қатысушы-мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен сақтандыру шарты бойынша ақпараты болған кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы кредитор міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген құжаттың толық пакетін берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі мөлшерінің есебін және сақтандыру актісін жасайды не Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту жөнінде жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптасқан құжаттар пакетін Қорға жібереді.
Құжаттар пакетіне сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асырумен байланысты шығыстарды және бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын Қордың өтеуі туралы қатысушы-сақтандыру ұйымының талабы қоса беріледі. Қор құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде нақты болған шығыстар мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына жасалған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жеті айлық есептік көрсеткіштен астам емес мөлшерде қатысушы-сақтандыру ұйымының шығыстарын өтейді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.14. Қор қатысушы - сақтандыру ұйымынан міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында және осы Ережеде көзделген құжаттар пакетін алғаннан кейін, Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру не жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімді міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде қабылдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Қор кепілдік төлемін Заңда, міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, сақтандыру шартында және осы Ережеде белгіленген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде жүзеге асырады.
Қор кепілдік төлемін жүзеге асыруы үшін кредитор осы Ережеде көзделген құжаттардан басқа жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктік деректемелері (бар болған кезде) туралы деректерді ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Кепілдік төлемін Қор тікелей өзі немесе кредитордың банк шотына қолма-қол ақшасыз нысанда агент-банк арқылы не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылуы мүмкін.
17. Егер қатысушы сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін табыстау күніне дейін Қор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі талаптарға сәйкес кредитордың талабын қабылдаған ішіндегі уақыт кезеңі аяқталғанға дейін сақтандыру жағдайының басталуына әкеліп соқтырған оқиғаның нәтижесінде кредитордың денсаулығы нашарласа (мүгедектік немесе мүгедектіктің ең жоғарғы тобы белгіленеді) не ол қайтыс болса, Қор кредитордан немесе оның мұрагерлерінен келіп түскен өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және мерзімде кепілдік төлемінің сомасын қайта есептейді. Кепілдік төлемінің сомасын қайта есептеген кезде есепке бұрын төленген сомалар қабылданады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Кредитордың (сақтанушының) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы алдында сақтандыру сыйлықақылары бойынша берешегі болған жағдайда, Қор осы кредиторға төлейтін кепілдік төлемінің мөлшерін, берешек сомасын шегере отырып, белгілейді.
19. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту себептерін негіздей отырып, осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша хабарлама жіберіледі.
Қор бір уақытта мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту жөнінде хабарлайды.
20. Кепілдік төлемінің төленген сомаларын салыстырып тексеру Қор және агент-банк жасайтын кепілдік төлемінің төленген сомалары бойынша салыстырып тексеру актісінің негізінде, төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Қордың өтемақы төлемдерін жүзеге асыруы
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
3-1-тарау. Қордан аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдерін жүзеге асыруы
Ескерту. Ереже 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20-1. Қордан аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдері келесі түрде жүзеге асырылады:
1) кредиторларға - "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша;
2) Заңның 7-бабы 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі үшінші абзацпен белгіленген жағдай туындағанда "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлар пайдасына.
Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығы кредиторда Қордан шарттардың тізілімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткен соң туындайды және сақтандыру қызметі туралы Заңда көзделген тәртіппен қатысушы - таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі тапсырылған күнге дейін қолданылады.
Уәкілетті орган өз қызметін "өмірді сақтандыру" саласында атқарған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындаған уақытша әкімшілік, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөнінде және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорынан сақтандыру аннуитетті сыныптары бойынша шарттар тізілімін Қорға қалыптастырып береді және тапсырады, олар бойынша Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 1) тармақшасына сәйкес кепілдік ұсынылады.
Қор уақытша әкімшіліктен аннуитетті сақтандыру шарттарының тізілімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асырғаны туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және Қордың интернет-ресурсында жариялайды.
20-2. Қор сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдердің үзіліссіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді. Қор мен сақтандырушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында жаңа шарт жасаудың қажеті жоқ.
Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығының туындауына байланысты кредитор Қорға өтініш жасаған жағдайда, Қор кепілдік төлемін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 2) тармақшасымен белгіленген құқығын жүзеге асыру мақсатында және заңды тұлға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда, кредитор "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қорға жүгінеді.
Осындай аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын Қор төлейді.
Қажет болған жағдайда, кредитор және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының дұрыс есептелгенін тексеру үшін Қор тәуелсіз актуарийді тартады.
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартын жасаған кезде және ол шарттың қолданысы өткен соң қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуы тиіс.
Заңның 7-бабының 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі екінші абзацпен белгіленген аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кредиторларға кепілдік төлемді Қор шарттар тізілімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткен соң кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
32. Қор және тарату комиссиясы қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңдық күшіне енген күнінен бастап екі ай мерзімі өткеннен кейін мынадай мәліметтері:
1) кредиторлар деректері, кепілдік төлемінің мөлшері, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты Қормен шеккен шығын мөлшері көрсетілген кепілдік төлемін алған кредиторлар тізімі;
2) кредиторлар деректері көрсетілген кепілдік төлемін жүзеге асыруға бас тарту туралы шешімі қабылданған кредиторлар тізімі;
3) тарату комиссиясына қайтарылған сақтандыру бар салыстырып тексеру актісіне қол қояды.
33. Қор мен тарату комиссиясы салыстырып тексеру актісіне қол қойған кезде Қор кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін қабылдаған бойынша кредиторлардың сақтандыру істерін Қор тарату комиссиясына бір уақытта тізімдеме бойынша тапсырады.
34. Қормен кепілдік төлемі жүзеге асырылған бойынша кредиторлардың құжаттары қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қорда үш жыл бойы сақталады.
35. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.36. Кепілдік төлемдері жүзеге асырылған күннен бастап Қорға жүзеге асырылған кепілдік төлемінің көлемінде кредитордың таратылатын сақтандыру ұйымына болған кері талап ету құқығы көшеді.
Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 71 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4221 тіркелген);
2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының 17-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген);
3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 21 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6155 тіркелген).