Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Агенттіктің кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулыға қосымшаның 2-тармағының жиырма төртіншіден жиырма алтыншыға дейінгі абзацтарының қолданылуы 2010 жылғы 1 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 30
сәуірдегі № 58 қаулысына қосымша
Агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесi
Агенттігінің кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер қайта құрылымдауды аяқтаған жылы алынған ағымдағы жылдың кірістерін бiрiншi деңгейдегi капитал есебіне кіргізуіне болады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер меншікті капитал есебіне банктің меншікті сатып алынған акцияларын шегергенде төленген жарғылық капиталының сомасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын көлемдегі қайта құрылымдау шегінде шығарылған (сатып алынған) қаржы құралдары бойынша шығыстарды кіргізбеуіне болады.»;
15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 – 0,05-тен кем болмайды;
2012 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,07 кем еместі құрайды;
2013 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,08 кем еместі құрайды;
k1-2 – 0,05-тен кем болмайды;
2011 жылғы 01 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні к1-2 – 0,08-ден кем болмайды.»;
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдинке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,10-нан кем болмайды.»;
18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) туындысы ретінде мына сомада есептеледі:»;
26, 27 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Акциялардың нарықтық құны немесе акциялар индексi өзгеруіне байланысты қаржы құралдарының нарықтық тәуекелi бар айрықша тәуекелi 0,12-ге тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын білдіреді.»;
«27. Жалпы тәуекел белгiлi бiр акциялар немесе акциялардың белгiлi бiр индексiнiң нарықтық құны өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентің жасайтынын бiлдiредi.»;
28-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Шетелдiк валюталарының айырбастау бағамы (қымбат металдардың нарықтық құны) өзгеруiне байланысты активтердiң, шартты және ықтимал талаптар мен мiндеттемелер бойынша тәуекел есебi мына сомалардың бiрi мейлiнше мәндi болатын 0,12-гe тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi:»;
31-тармақтың бірінші бөлігіндегі «банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін» деген сөздер «банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармақта:
4) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «банктің заемшыға қоятын банк балансынан шығарылған талаптары, сондай-ақ» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші бөлігінің екінші абзацында «мәмілелер бойынша кредиттер» деген сөздерден кейін «, банктің заемшыға қоятын банк балансынан шығарылған талаптар, 100% провизиялар (резервтер) қалыптасқан бойынша заемшылар алдындағы банкпен» деген сөздермен толықтырылсын;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есептік апта бойы кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасының (тазартылған қымбат металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзылуы болып келесі жағдайлар есептелмейді:
банк белгіленген лимиттерді 0,09 проценттiк шектен;
сот шешімі бойынша банкке қатыссыз себептермен, банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде асыруы.
Егер банкке қатыссыз, сот шешімі негізінде банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кетуді айқындаған күннен бастап үш ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң шектен асып кетуі осы шектен асып кету анықталған күннен бастап аталған нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.».
3. Агенттік Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген) қаулысына:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін Standard & Poor,s агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).»;
11-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бас банкі не банк холдингі бар болған кезде 0,10-нан кем болмайды.»;
14-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«басқа да заемшылар үшін банк конгломераты меншікті капиталының жиырма бес проценті (оның iшiнде, заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелердiң бланктiк заемдары бойынша не заемшыға банк конгломератының ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын осы деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еместеріне қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты меншікті капиталының 0,10-нан астам емес).».
4. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі «Заң газеті» газетінде № 110 (1313) санында жарияланған) қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесінде:
10-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
26-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер;»
27-тармақта «құжаттарды қарамастан қайтарады.» деген сөздерді «бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тартады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
тақырыбында «Құрылтайшы» деген сөзден кейін «(акционер)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармағында «Құрылтайшысы» деген сөзден кейін «(акционері)» деген сөзбен толықтырылсын;
3-қосымшада:
«Құрылтайшы» деген сөзден кейін «(акционер)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармағында «Құрылтайшысы» деген сөзден кейін «(акционері)» деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармағында «құрылтайшысы» деген сөзден кейін «(акционері)» деген сөзбен толықтырылсын.
5. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5617 тіркелген) қаулысына:
1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілетін артықшылық берілген акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспауы тиіс. Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілмеген артықшылық берілген акциялардың сомасы екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізіледі. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асырған (аяқтаған) банктер бірінші деңгейдегі капиталға артықшылық берілген акцияларды толық көлемде енгізе алады, оларды шығару талаптарында артықшылық берілген акциялар көрсетілген мерзім өткеннен кейін жай акцияларға міндетті түрде айырбасталуы тиіс мерзім көзделеді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін бірінші деңгейдегі капиталға енгізілетін артықшылық берілген акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспауы тиіс.».