Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6261 болып енгізілді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.
      2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының аңшы куәлiгiн беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2007 ж., № 5, 261-құжат) бұйрығы;
      2) «Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 231 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4830 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған) бұйрығы.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 301 бұйрығына      
1-қосымша         

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 1-қосымша жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

Нысан

Аңшы куәлiгi
Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы
(көлемi 105х80 мм, түсi жасыл, жазбасы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)


Қазақстан Республикасы Аңшы куәлігі

Куәлiк бланкiсiнiң 1-парағы       
(мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмденедi)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
№ _____ аңшы куәлiгi

3х4 см фотосуретке арналған орын

_______________________________________________________
(Тегi)
_____________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты)

      Туған күнi «____» ______________ ______ж.
      Аңшы өтiлi ___________жылдан бастап
М.О.
Куәлiктi берген ______________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы)___________________________________________________________     (куәлiктi берген лауазымды тұлғаның қолы және аумақтық инспекцияның арнайы мөрi)
Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсыру туралы белгi ___________
      (емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмiрi мен күнi)
Берілген күні 20__ж. «__»_____, 20__ж. «__»____ дейiн жарамды.

2-парақ

Аңшылық суық қылыш қаруды тіркеуге алу

Қарудың атауы

Нөмiрi

Сатушы ұйымның белгiсi










Аң аулайтын иттерді, қыран құстарды тіркеуге алу

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған күні

Иттің ветеринарлық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты ұстау мерзімі









3-парақ

Есепке алу және есептен шығару туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы










4-парақ

(куәлiк мұқабасының iшкi бетiнiң оң жағына желiмденедi)

Куәлік
20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» __________
20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» __________ 20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» ___ дейiн ұзартылды.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі   
№ 301 бұйрығына       
2-қосымша          

Нысан

Балықшы куәлігі
Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы
(көлемi 105х80 мм, түсi көк, жазбасы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)


Балықшы куәлігі

Балықшы куәлiгі бланкiсiнiң 1-парағы   
(мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмденедi)

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
           (балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)
                       №___балықшы куәлігі     

3х4 см фотосуретке арналған орын

_________________________________________________________________
      (Тегi, аты, әкесiнiң аты)

Туған күнi «____» ______________ ______ж.

М.О.
Аңшының өтiлi _____ж. бастап
Куәлiк_____________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы, мөр, куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы)__________________________________ берілді
Берілген күні 20__ж. «__»_______, 20__ж. «__»______ дейiн жарамды.

Балықшы куәлiгі бланкiсiнiң 2-парағы     
(мұқабаның iшкi бетiнiң оң жағына желiмденедi)

Куәлiк
20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» __________
20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» __________ 20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» ____ дейiн ұзартылды.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 301 бұйрығына      
3-қосымша        

Нысан

Қорықшы куәлігі
Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы
(көлемi 95х66 мм, түсi қызыл, жазбасы алтын түстi, көгілдір түсті фонда баспаханалық тәсілмен жасалады)


Қорықшы куәлігі

Қорықшы куәлiгі бланкiсiнiң 1-парағы    
(мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)

_______________________________________________________________
_______________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)

№___қорықшы куәлігі

3х4 см фотосуретке арналған орын

_____________________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты)  ______________________________________________________________
      (лауазымы)

      Туған күнi «____» ______________ ______ж.
      М.О.

Куәлiк __________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы, мөр, куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы)
____________________________________________________________ берілді
Берілген күні 20__ж. «__»_______, 20__ж. «__»_______ дейiн жарамды.

Қорықшы куәлiгі бланкiсiнiң 2-парағы   
(мұқабаның iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi)

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)

№___қорықшы куәлігі

__________________________________________________________________
                       (Тегi, аты, әкесiнiң аты
__________________________________________________________________ аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)
      «Қорықшыларға арналған айырым белгiлерi бар арнайы киiм киюге, қызметтік қаруды алып жүруге және табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны жөніндегі хаттама толтыруға құқығы бар».

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 301 бұйрығына       
4-қосымша          

Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі Жалпы ережелер

      1. Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн берудiң осы ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзiрленген және аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) аңшы – аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
      2) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өз еңбек міндеттеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
      3) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметiнiң қызметкерi;
      4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын құжат;
      5) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі беретін құжат;
      6) қорықшы куәлігі – жеке тұлғаның қорықшы қызметі қызметкерінің функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
      7) балық шаруашылығы субъектісі – негізгі қызметінің бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
      8) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
      9) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (аңшылық минимумы) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама.

2. Аңшы куәлiгiн беру тәртiбi

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 3-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      3. Аңшы куәлiгi тұратын жері бойынша 10 жыл мерзiмге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі – Инспекция) берiледi.
      Аңшы куәлiгiнде Инспекцияның тиiстi жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мемлекеттiк баждың төленгенi туралы белгi болмаса, жеке тұлғаның аң аулауға құқығы жоқ.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 4-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      4. Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес аңшыны есепке алу карточкасы толтырылады, оған мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбіртек жапсырылып аңшы куәлiгi қолданыста болу мерзiмi iшiнде, бөгде адамдардың қолы жетпейтін сенiмдi жабылатын шкафтарда сақталатын аңшының жеке iсi қалыптастырылады.
      5. Жеке тұлғалар аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейін аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтедi.
      Аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өткен жеке тұлғаға мерзімі 1 жылға жарамды сертификат беріледі, осы мерзімде жеке тұлға тұрақты тұратын (тiркелген) жері бойынша аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсыруына болады.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 6-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      6. Аңшы куәлiгiн алу үшiн жеке тұлғалар Инспекцияға осы Ережеге  2-қосымшаға сәйкес тұрғылықты жерi бойынша сауалнама ұсынады.
      Сауалнамаға:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (азаматтығы жоқ және шетел азаматтары үшiн - Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау қүқығын куәләндыратын тұратын елінде берілген құжаттың және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу құжатының көшірмесі);
      2) өтiнiш берушiнiң өзi көрсеткен тұрақты тұратын жерiн (тiркелгенiн) растайтын құжат;
      3) Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      4) көлемi 3x4 фотосурет (түрлi-түстi) - 3 дана;
      5) аңшылық минимумы жөнiндегi курсты бiтiргенi туралы сертификаттың көшiрмесi қоса беріледi.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 7-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      7. Инспекция екі жұмыс күн iшiнде өтiнiштi қарайды және өтiнiш берушiге аңшылық минимумы бойынша емтиханға жiберу (не жiберуден дәлелдi бас тарту туралы), күнi мен оның өткiзiлетiн жерi туралы хабарлайды.
      Емтихан өткiзудiң күнi сауалнама берiлген күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей белгіленеді.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 8-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      8. Аңшылық минимумы бойынша емтихан жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, жабайы жануарлардың биологиясы, аңшылық қаруды және басқа аулау құралдарын, аң аулайтын иттер мен қыран құстарды ұстау мен пайдалану саласындағы заңнама мәселелерiн қамтитын тестілік тапсырмалар бойынша тестiлеу әдiсiмен жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 9-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      9. Аңшылық минимумы бойынша емтихан қабылдауды Инспекция бастығының бұйрығымен Инспекция жанында құрылатын кемiнде үш адамнан тұратын тұрақты түрде жұмыс iстейтiн емтихан алу комиссиялары жүзеге асырады. Емтихан алу комиссиясының төрағасы болып жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын Инспекция бастығының орынбасары не осы инспекцияның тиiстi бөлiмшесiнiң басшысы тағайындалады. Емтихан алу комиссиясының құрамына (келiсiм бойынша) жергiлiкті атқарушы органдардың, iшкi iстер органдарының, аңшылардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi кiруi мүмкiн.
      Емтихан нәтижелерi бойынша құжаттарды қабылдауды және ресiмдеудi Инспекцияның штат қызметкерлерi қатарынан тағайындалатын емтихан алу комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 10-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Өтiнiш берушi бiр сағат iшiнде 25 тестiлiк сұрақтардың 20-сына дұрыс жауап берген жағдайда емтихан нәтижесi оң деп есептеледi. Бес қатеден асқан жағдайда емтихан тапсырылмаған болып есептеледi және өтiнiш берушi Инспекция бекіткен кесте бойынша ең жақын күні емтиханды қайтадан тапсыруға жiберiледi және бұл мәліметтер жеке тұлғаға таныстырылып анкетаға белгі қойылады.
      Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған жағдайда өтiнiш берушiге бiр жылдан кейiн осы Ереженің 5-тармағында белгiленген тәртiппен өтiнiш беру мүмкiндігі берiледi.
      Аңшы куәлiгiн берудi бастықтың бұйрығымен тағайындалатын Инспекцияның жауапты тұлғасы (бұдан әрi – Инспекция өкiлi) емтихан тапсырғаннан кейiн 10 күнтізбелік күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
      Емтихан алу комиссиясының хаттамасы жеке тұлға таныстырылып осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес аңшы куәлiгiн беруге негiз болып табылады.
      11. Аңшы куәлiгiн оның қолданыста болу мерзiмi аяқталғанғаннан кейін ауыстыру, сондай-ақ қолданыста болу мерзiмi бітпей жоғалту себебінен немесе жарамсыз болып қалғандықтан дубликат беру есепке алу карточкасының негiзiнде жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 12-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Аңшыларды есептен шығару және есепке қою олар аңшы куәлiгi берiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) аумағынан тыс тұрақты тұратын жерге көшкен кезде жүргiзiледi. Бұл жағдайда аңшы жаңа тұрақты тұратын жерге келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде тұрақты тұратын жерi бойынша Инспекцияға есепке тұруы қажет. Бұл ретте тиiстi Инспекция аңшының өзi тiркелген бұрынғы орнынан кеткенi туралы белгiсi бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке iсiн сұратады. Инспекцияда аңшының бұрынғы тiркелген жерi бойынша аңшыны есепке алу карточкасының және есепке алу карточкасы мен жеке iстiң түпнұсқасын жаңа есепке алу жерi бойынша қайта салу туралы белгiсi бар және оларды қайта салудың негiзi көрсетiлген iлеспе хаттың көшiрмесi сақталады.
      Аңшының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiндегi тұрақты тұратын жерi өзгерсе, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында көрсетiлетiн басқа да деректер өзгерген кезде аңшы осы өзгерiстер туралы өзi есепке алынған жерi бойынша хабарлайды.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 13-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      13. Аңшы куәлiгiнiң бланкiлері және аңшыны есепке алу карточкалары Инспекцияның өтiнiмi бойынша орталықтандырылған түрде уәкiлеттi органмен дайындалады. Аңшы куәлiгiнiң бланкiлерiнде баспаханалық тәсiлмен қойылған нөмiрлер болады және олардың сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайларда сақталады.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 14-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Аңшы куәлiгiн беру осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес арнайы жорналда тiркеледi, ол аңшы куәлiгi бланкiлерiнiң қозғалысын есепке алуға негiз болып табылады.
      Аңшы куәлiгi берілген кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес арнайы мөрмен куәландырылады, ал мерзімін ұзарту кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға жыл сайын төленетін мемлекеттік баж салығының төленгенін белгілеуге арналған мөртабан қойылады.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 15-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Аңшы куәлiгi бланкiлерi мен аңшыны есепке алу карточкаларын уәкiлеттi орган акт бойынша Инспекцияға бередi. Аңшы куәлiгiн берудi жүзеге асыратын Инспекция өкiлi тоқсан сайын, Инспекцияның бухгалтерлiк есеп қызметiне аңшы куәлiгi бланкiлерiнiң қозғалысы туралы есеп бередi.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 16-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      16. Аңшы куәлiгi бланкiлерiн есептен шығару олардың аңшыларға берiлуiне қарай жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 17-тармақты алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      17. Аң аулау құқығынан айрылған аңшылардан алынған аңшы куәлiгi, сондай-ақ куәлiктiң бүлiнген бланкiлерi Инспекцияның комиссиясымен қажеттілігі бойынша жойылуы тиiс.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 18-тармақ жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      18. Инспекциялар уәкiлеттi органға тоқсан сайын және есептi жыл нәтижелерi бойынша аңшы куәлiгi бланкiлерiнiң қозғалысы туралы есеп бередi.

3. Балықшы куәлiгiн беру тәртiбi

      19. Балықшы куәлігін беру бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде атқаратын міндеттеріне сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын осы балық шаруашылығы субъектісінің қызметкерлеріне балық шаруашылығы субъектісінің өкілімен жүзеге асырылады.
      20. Балықшы куәлігін беруді жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің өкілі балық шаруашылығы субъектісі басшысының бұйрығымен тағайындалады.
      21. Егер балықшы куәлігі жоғалса немесе жарамсыз болып қалса балық шаруашылығы субъектісі балықшының өтініші бойынша балықшы куәлігіне дубликат береді.
      22. Балықшы куәлігінің қолданылу мерзімі балық шаруашылығы субъектісімен бекітіледі.
      23. Куәліктің әрекет ету мерзімі аяқталса немесе балықшы жұмыстан  босатылған жағдайда куәлік балық шаруашылығы субъектісіне қайтарылып беріледі.

4. Қорықшы куәлiгiн беру тәртiбi

      24. Қорықшы куәлігін беру аңшылық және балық шаруашылығы субъектісімен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметiнiң қызметкерлеріне Инспекцияға жұмысқа қабылданған қызметкерлер туралы ақпарат ұсынылып жүзеге асырылады.
      25. Қорықшы куәлігін беруші аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің өкілі аңшылық және балық шаруашылығы субъектісі басшысының бұйрығымен тағайындалады.
      26. Қорықшы куәлігі жоғалса немесе жарамсыз болып қалса қорықшының өтініші бойынша қорықшы куәлігіне дубликат беріледі.
      27. Қорықшы куәлігі мерзімінің ұзарту мүмкіншілігімен бір жылға жарамды.

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесіне 
1-қосымша        

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 1-қосымша жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
_________________________ облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы Аңшының есептік карточкасы

3х4 см фотосуретке арналған орын

          Тегi_________________________________________________________
Аты_______________________ Әкесiнiң аты______________________
Туған күнi «___» ______________ ____________ ж.
Жеке куәлiгi/төлқұжаты/______________________________________
СТН (ЖСН)____________________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы, телефоны _________________________________
Аңшының өтiлi _____________жылдан бастап
Аңшының куәлiгi №__________ «____»________20 __ жылы берiлдi.
Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгi____     (емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмiрi және күнi)

Уәкiлеттi лауазымды тұлғаның қолы және мөр _________________

                      Ерекше белгілер
1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәлiметтер    

Түрi

Маркасы

Калибрi

Шығарылған
жылы

Зауыттық нөмiрi

Өзгелер



















2. Аң аулайтын иттердi, қыран құстарды тiркеуге алу

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған күні

Иттің ветеринарлық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты ұстау мерзімі













3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны туралы белгi____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________     Аңшы куәлiгi:
«__» ______ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.

«__» ______ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.

«__» __ 20 __ж. «__» __ 20 __ж. «__» __ 20 __ж. дейiн ұзартылды.

Есепке алу және есептен шығару туралы белгі  

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы










Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесіне 
2-қосымша       

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 2-қосымша жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

Нысан

Алдыңғы беті

Сауалнама

3х4 см фотосуретке арналған орын

Тегі__________________________________________________________
Аты_______________ Әкесінің аты_______________________________      Туған күнi «____» ______________ ______ж.
М.О.
Азаматтығы ____________________________________________________
Жеке куәлiгi/төлқұжаты ________________________________________
СТН (ЖСН)______________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны _______________________________________________________________    ___________________________________ (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы)
_____________________________________________________бастығына
_______________________________________________________________
(аңшы куәлiгiн берген ұйымның атауы және берген күнi)
берген қолда бар № ____________________________________________
аңшы куәлiгiнiң орнына беру/ауыстырып беру үшін келесі құжаттар беріледі:
      Қосымша:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берілген құжаттың және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу құжатының көшірмесі);
      2)_______________________________________________________ (сауалнамада көрсетiлген мекен-жайы бойынша өтiнiш берушiнiң тұратын жерiн (тiркелуiн) растайтын құжат)
      3) Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      4) мөлшерi 3 х 4 см фотосурет (түрлi түстi) - 3 дана;
      5) аңшылық минимумы жөнiндегi бағдарламаның курсын өткенi туралы сертификаттың көшiрмесi.
      Жеке тұлғаның қолы _______________/_____________________/
                                              (Т.А.Ж.)
      Күнi «___» __________ 20 _____ ж.

Өтiнiштi қабылдадым ________________________________________                  (Өтiнiштi қабылдаған тұлғаның Т.А.Ж, лауазымы, қолы)
Күнi «___» ______________ 20__ ж.

1. Аңшылық минимумы жөнiндегi бағдарламаның курсын өткенi туралы белгi

Аңшылық минимумы жөнiндегi бағдарламаның курсы 20__ ж. «__» ____
бастап 20 __ ж. «__» __________ аралығында өттi.
Курс аяқтағаны туралы құжат 20 __ ж. «__» ________ берiлдi.
Курсты өткiзушi ұйым басшысының қолы _____________________
                                          (Т.А.Ж.)
Күнi 20 __ ж. «___» _________ М.О.

2. Емтиханға жiберiлгенi туралы белгi

Емтиханға ______________________________________
             (жiберiлдi/жiберiлген жоқ)
Емтихан тапсыруға жiберуден бас тарту негiздемесi _________
Лауазымды адамның қолы ______________/_____________________
Күнi 20 __ ж. «__» _____________ М.О.

Емтиханды қайтадан тапсыруға _______________________________
                              (жiберiлдi/жiберiлген жоқ)
Емтиханды қайтадан тапсыруға жiберуден бас тарту негiздемесi____
________________________________________________________________ Лауазымды адамның қолы _____________/____________________/
Таныстым, жеке тұлғаның қолы /________/
М.О. Күнi 20 __ ж. «___» _____________

3. Емтихан нәтижелерi туралы белгi

Тест тапсырмасының нөмiрi____
Емтихан нәтижелерi:
дұрыс жауаптар______________
             (жауаптар саны)
бұрыс жауаптар _____________
           (сұрақтар саны)
жiберiлген қателiктер ______
           (сұрақтар саны)

Емтиханның нәтижесi:
Емтихан __________________
(тапсырылды/тапсырылған жоқ)
Емтихан комиссиясының хатшысы_________________________
          (Т.А.Ж., қолы)
Күнi 20 __ ж. «___»______ Таныстым, жеке тұлғаның қолы/___/

Тест тапсырмасының нөмiрi____
Емтихан нәтижелерi:
дұрыс жауаптар______________
             (жауаптар саны)
бұрыс жауаптар _____________
           (сұрақтар саны)
жiберiлген қателiктер ______
           (сұрақтар саны)

Емтиханның нәтижесi:
Емтихан __________________
(тапсырылды/тапсырылған жоқ)
Емтихан комиссиясының хатшысы_________________________
(Т.А.Ж., қолы)
Күнi 20 __ ж. «___»______ Таныстым, жеке тұлғаның қолы/___/

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне 
3-қосымша        

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 3-қосымшаны алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

Нысан

Аңшылық минимумы бойынша емтихан қабылдау жөнiндегi

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы)
емтихан алу комиссиясының

20 ___ жылғы «___» __________ № _____ Хаттамасы

Емтихан тапсы рушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның тұратын жері

Тест тапсырмасының нөмiрi

Жауаптардың нәтижелерi

Емтихан бойынша қорытынды (тапсырылды/тапсырылған жоқ)

Дұрысы

Бұрысы

1

2

3

4

5

6







      Емтихан алу
      комиссиясының төрағасы _______    ___________________
                                  қолы           (Т.А.Ж.)

      Комиссия мүшелерi:   1. _______    ____________________
                                  қолы            (Т.А.Ж.)
                              2. ______    ____________________
                                  қолы            (Т.А.Ж.)

      Комиссия хатшысы       ________    ____________________
                                 қолы             (Т.А.Ж.)

      Хаттамамен таныстым, жеке тұлғаның қолы _____/_____/

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне 
4-қосымша        

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 4-қосымша жаңа редакцияда қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

Нысан

Аңшы куәлiгiн беру жорналы

___________________________________________________________ _________________________________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы)

№ р/с

Аңшының тегi, аты, әкесiнiң аты

Тұрақты тұратын жерiнiң мекен-жайы

Емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмiрi және күнi

Аңшы куәлi гiнiң нөмiрi, берілген күні

Алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5

6













      Облыстық аумақтық
      инспекциясы бастығының қолы _________ _________________
                                    (қолы)       (Т.А.Ж.)

      М.О.         «___» _________ 20 __ ж.

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне 
5-қосымша       

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 5-қосымшаны алып тастау қарастырылады - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

Нысан

Аңшы куәлігі үшін арнайы мөрдің
ЭСКИЗІ

      Арнайы мөр дөңгелек пішінді, диаметрі 30 мм., ішкі диаметрі 15 мм. Сыртқы және ішкі диаметр аралығында мемлекеттік тілдегі тиісті облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының толық атауы, ішкі шеңбердің ортасында мемлекеттік тілде «Аң аулау куәлігі үшін арнайы мөрі» жазуы жазылады.

Қағаз мәтінінен қараңыз

Аңшы куәлігі үшін мөртабан ЭСКИЗІ

      Мөртабан тік төртбұрышты, мөлшері 23х10 мм. Ішкі жағында мемлекеттік тілде «Өтелді Инспектор Т.А.Ж.__________ қолы» деген жазу болады.

Қағаз мәтінінен қараңыз