Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 № 240-Ө бұйрығымен.
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар тізбесі және балық аулау әдістері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 296 бұйрығымен бекітілген
Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлерінің және балық аулау әдістерінің тізбесі
Балық аулау кәсіпшілік құралдар түрлері |
|
1. |
Полиамидтік және илемді моножіп және моноталшықтан жасалған аулардан басқа аулардың барлық түрлері |
2. |
Вентерлер |
3. |
Сүйреткіштер |
4. |
Жылым ау |
5. |
Аулардың барлық түрлері (шиланды, тастама, түпті, бұрап лақтыратын, тіректі, қойылатын) |
6. |
Тралдардың барлық түрлері (электрлық, егіздік, тіректі) |
7. |
Сүзгіштер (аулық, лақтырғыш, көтерілетін, екі ауыздық) |
8. |
Мереждер |
9. |
Төбелер |
Балық аулау кәсіпшілік емес құралдар түрлері |
|
10. |
Қармақ |
11. |
Қапты ілмек |
12. |
Сапсыз қармақ |
13. |
Ілмек |
14. |
Су астында аңшылық ететін мылтық |
15. |
Шаянаулағыштар |
16. |
Спиннингтердің барлық түрлері |
Балық аулау әдістері |
|
17. |
Ұяшықтайтын құралдарымен аулау балықтың ұяшықтарда немесе торда ұяшықталуына (оралып қалуына) негізделген: қойылмалы ауларға қазықтың, зәкірдің көмегімен қозғалмайтын жайда орнатылатын ұяшықтайтын құралдардың барлық түрлері кіреді; |
18. |
Тұзақтармен аулау балықтың кері шығуы қиындатылған кірістері бар аулық және басқа құрылғыларға өз еркімен кіруіне негізделген: қойылмалы аулар – үстері ашық ірі тұзақтар; |
19. |
Сүзетін құралдармен аулау (тралдық аулау, лақтырмалы аулармен аулау, судын түбінде аулармен аулау, шошақ аулармен аулау, борттық қапсырмаларымен аулау, қалталы аулармен аулау) ау қабырғасымен балықты қоршап, оны аулау құралы орнын ауыстыру барысында судан бөліп алынуында негізделген: |
20. |
Қармақ құралдарымен аулау – жемі бар ілмектерді балықпен жұту немесе жемсіз ілмектермен аулау объектін іліп алуда негізделген аулау құралдары: |
21. |
Балық сору қондырғыларымен аулау – балықты сумен бірге аулау құрылғысына сорып, кейіннен кеме үстінде балықты судан бөлуде негізделген аулау құралдары. |
Ескертпе: аулау құралдардың түрлері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі құрамдас бөліктері өзгертусіз болуы тиіс.