Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды ден тану туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 240-Ө бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауын;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы реши жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 2014 жылдың 21 қарашасынан бұрын емес мерзімде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы 
Қоршаған орта және су  
ресурстары министрінің 
2014 жылғы 27 маусымдағы
бұйрығына қосымша      

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) «Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 121-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 5 маусымда № 8498 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 73319 «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2) «Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 318-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2033 жылғы 15 қарашада № 8907 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (28228) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      3) «Балық аулауға рұқсат етілетін кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлері және балық аулау әдістері тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 296 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 мамырда № 6258 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      4) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 31. желтоқсандағы № 398-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 ақпанда № 9131 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда № 52 (28276) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).