Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 131 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6254 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.19 № 15 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.01.19 № 15 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

Д. Құсдәулетов


  Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а.
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 131 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.19 № 15 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а.
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 131 бұйрығына
2-қосымша

Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін нақтылайды және "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының негізінде жасалды.

      2. Мемлекеттiк тiркеуге, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылар арасында жасалған лицензиялық шарттар жатады.

      Лицензиялық шарттың мемлекеттiк тiркелуiн растау осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк тiркеу куәлiгiн (бұдан әрi - МТК) беру және осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлiметтердi лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiзiлiміне енгiзу болып табылады.

2. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу

      3. Комитет лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - мемлекеттiк тiркеу) не оларды тiркеуден бас тартуды өтiнiш берушiден өтiнiш келiп түскен күннен бастап он жұмыс күні iшiнде жүргiзедi.

      4. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке:

      1) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) тігілген, нөмірленген және өтініш берушінің өзімен куәландырылған (әр бетіне қол қойылған) лицензиялық шарттың көшірмесі;

      3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      4) жеке тұлға үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке куәліктің және (немесе) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

      5) мемлекеттік тіркеген үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы тапсырылады.

      5. Лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алымдарды төлеуден босатылған тұлғалар:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар – куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгiнiң не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшiрмесiн, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшiрмесiн немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттiң көшiрмесiн, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшiрмесiн, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнiң көшiрмесiн немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органнан немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар – еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттардың көшiрмесiн (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердiң, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерiнiң, немесе сот шешiмдерiнiң, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерiнiң), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билеттiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;

      мүгедектер – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшiрмесiн;

      бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшiрмесiн және туу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiмен берiлген оралманның куәлiгiнiң көшiрмесiн;

      кәмелетке толмағандар – туу туралы көлiгiнiң көшiрмесiн ұсыну керек.

      6. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары ұсынады.

      Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу құжаттарды ұсынған кезде ата-аналарының немесе асырап алушыларының немесе қорғаншыларының жазбаша келісімі ұсынылады.

      7. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс рәсімделуін тексеру он жұмыс күні мерзімде жүзеге асырылады.

      Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, аталған мерзімде жазбаша бұдан әрі қараудан бас тартудың толық негізделген жауабы беріледі.

      8. Тіркеу Комитет төрағасы не оны ауыстыратын адамның қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған МТК беру және лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiзiлiміне мәлiметтердi енгiзу арқылы жүзеге асырылады.

      МТК лицензиялық шартты тiркеу жасалғанын растайтын және оның иесiне туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.

      МТК-нiң қолданылу мерзiмi лицензиялық шарттың қолданылу мерзімінен асуы мүмкін емес.

      9. Комитет МТК жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның телнұсқасын автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

      МТК телнұсқасын берген үшiн Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгiленген мемлекеттiк тiркеген үшiн алым алынады.

      10. Лицензиялық шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту кезiнде Комитетке ұсынылған өтiнiш пен лицензиялық шарттың көшiрмесi негiзiнде МТК-нiң қолданылу мерзiмi де ұзартылады.

      11. Лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту алған жағдайда өтініш беруші ескертулерді ескеріп тиісті құжаттарды қайта береді.

3. Қорытынды ережелер

      12. Лицензиялық шарттарды тiркеуге және тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

      13. Лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ақпарат заңнамада белгiленген тәртіппен берілуі мүмкін.

      14. Өтiнiште көрсетілген мәлiметтердiң растығын өтініш беруші қамтамасыз етеді.

  Туындыларды және сабақтас
құқықтар объектілерін
пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқығы комитеті
Мемлекеттiк тiркеу куәлiгi

      №_______ 20__ жылғы "__" _____

      ___________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат деректерi немесе атауы, заңды деректемелерi)

      ___________________________________________________________________, ___________________________________________________________________ __________________ берiлдi

      20___ жылғы "__" ________ № ____

      _______________________________________ лицензиялық шарт негiзiнде

      Лицензиар __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Лицензиат __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар объектісiнiң түрi __________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi __________________________________

      Мерзiмi ______________________________ дейiн ұзартылған

      Төраға _______________ МО

  Туындыларды және сабақтас
құқықтар объектілерін
пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

      нысан

Лицензиялық шарттардың мемлекеттік тізілімі

р/с

Өтініштің келіп түскен күні (күні, айы, жылы)

Тіркелген күні (күні, айы, жылы)

Мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі

өтініш берген заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы

Лицензиар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты немесе ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымның атауы, лицензиялық шарттың нөмірі, күні, қолдану мерзімі)

Пайдаланатын туындының түрі және (немесе) сабақтас құқықтар объектісі

Күні және мемлекеттік тіркеу куәлігін алғаны туралы қолы

ескерту

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.










  Туындыларды және сабақтас
құқықтар объектілерін
пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа
3-қосымша

      нысан

      Комитеттің төрағасы ______________________

      (тегі, аты-жөні)

      __________________________________________

      (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты,

      __________________________________________

      тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін – заңды

      __________________________________________

      тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)

      телефоны: ________________________________

Өтініш

      Мен (Біз) ______________________________________________________ (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (лицензиардың тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы мен заңды деректемелері)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар объектісінің түрі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Өтінішке қосымша беріледі: 1. ________________________

      2. ________________________

      3. ________________________

      20 ____ жылғы "__" _____ ______________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а.
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 131 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1987 болып тіркелген, 2002 жылы № 41-42, 721-құжат Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған).

      2. "Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1988 болып тіркелген, 2002 жылы № 41-42, 722-құжат Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған).

      3. "Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4064 болып тіркелген, 2006 жылы № 18-19, (998-999) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).

      4. "Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4065 болып тіркелген, 2006 жылы № 18-19, (998-999) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).

      5. "Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына және "Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 21 наурыздағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5631 болып тіркелген, 2009 жылы № 69, (1666) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).