Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 131 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6254 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                              Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а. 
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 131 бұйрығына    
1-қосымша      

Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық

1. Жалпы ереже

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін нақтылайды және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының негізінде жасалды.
      2. Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге:
      1) әдеби туындылар;
      2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
      3) сценарий туындылары;
      4) хореография және пантомима туындылары;
      5) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
      6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
      7) кескіндеме, мүсіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
      8) қолданбалы өнер туындылары;
      9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
      10) суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындылар;
      11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
      12) электронды есептеуіш мәшинеге (бұдан әрі – ЭЕМ) арналған бағдарламалар;
      13) өзге де туындылар қабылданады.
      Бұдан басқа:
      туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсцинировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
      жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар.
      3. Заңның 9-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор(лардың) өтініштері, сондай-ақ туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн құқық иеленушінің өтініштері авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта қабылданады.
      4. Комитет төрағасы не оны ауыстыратын адамның қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авторлық құқықпен қорғалатын объектiге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің (бұдан әрi - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк) берілуі және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авторлық құқықпен қорғалатын объектiлерге құқықтарды тiркейтiн мемлекеттiк тiзiлiмге мәлiметтердi енгiзу авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардың мемлекеттiк тiркелуiнiң ресми дәлелдемесi болып табылады.
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк авторлық құқықты қорғау мерзіміне берiледi және сот тәртiбiмен бұл туындының авторы немесе құқық иесi басқа тұлға екенi анықталмайынша қолданылады.

2. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу

      5. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - мемлекеттiк тiркеу) Комитет автордың (авторлардың) немесе құқық иесiнiң (құқық иеленушiлердiң) өтiнiшi келiп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні мерзiм iшiнде жүргiзедi.
      6. Мемлекеттік тіркеу автордың (авторлардың) осы Стандарттың  3-қосымшасына сәйкес нысыны бойынша немесе құқық иеленушінің (құқық иеленушілердің) (авторлардың) осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысыны бойынша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
      Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған туынды авторының (құқық иеленушiнiң) тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсету қажет.
      7. Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарий туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының данасы;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      8. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туынды жазылған тасушы, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы;
      3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      Тең авторлардың жеке жасаған музыкалық туындыларына берілетін құқықтар жеке де, сондай-ақ бірге де тіркелуі мүмкін.
      9. Хореграфия, пантомима, дыбыстау-бейнелеу туындыларын құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туынды жазылған тасушы;
      3) туынды сипаттамасы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      10. Сәулет, қала құрылысы, бау-саябақ өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының нобайлары, сызбалары, суреттері;
      3) туындының егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      11. Кескіндеме, мүсіндеме, графика, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының нобайлары және/немесе суреттері және/немесе безендірулері және/немесе туындының суретке түсіру түріндегі бейнесі және/немесе сызбалары;
      3) туындының егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      12. Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен жасалған туындыларға, сондай-ақ карталарға, жоспарларға, нобайларға, безендірулерге және географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының данасы;
      3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      12. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға, дерек қорларға құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) бағдарлама мен бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар ЭЕМ-ге арналған бағдарлама немесе дерекқорлар жазылған тасушы (дискета немесе басқа электронды тасушы);
      3) ЭЕМ-ге арналған бағдарламасының немесе дерекқордың, деректер базасының атауын, өтініш берушінің атауын (тегі, аты, әкесінің аты), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, қызмет мүмкіндігін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асыратын ЭЕМ-ның түрін қамтитын ЭЕМ-ге арналған бағдарламасының немесе дерекқордың рефераты;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      Құрамына бірнеше бағдарлама енген (бағдарламалық кешендер) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар толық тіркелуі тиіс.
      14. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алымдарды төлеуден босатылған тұлғалар:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар – куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгiнiң не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшiрмесiн, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшiрмесiн немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттiң көшiрмесiн, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшiрмесiн, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнiң көшiрмесiн немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органнан немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар – еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттардың көшiрмесiн (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердiң, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерiнiң, немесе сот шешiмдерiнiң, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерiнiң), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билеттiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;
      мүгедектер – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшiрмесiн;
      бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшiрмесiн және туу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiмен берiлген оралманның куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      кәмелетке толмағандар – туу туралы көлiгiнiң көшiрмесiн ұсыну керек.
      15. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары ұсынады.
      Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу құжаттарды ұсынған кезде ата-аналарының немесе асырап алушыларының немесе қорғаншыларының жазбаша келісімі ұсынылады.
      16. Қызмет бабында міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібі бойынша жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін, қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың иелікте болуы туралы автор мен жұмыс берушінің арасында шарт жасалған жағдайда осындай шарттың көшірмесін ұсыну қажет.
      Құқық иеленуші заңды тұлға болған жағдайда, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсыну қажет.
      17. Құрамдас және туынды шығармаларға құқықтарды тіркеген жағдайда автормен (авторлармен) немесе құқық иесімен (құқық иеленушілермен) жасасқан авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
      Құжаттарды сенімді тұлға арқылы ұсыну кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған, автор қол қойған, сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосымша ұсыну қажет.
      18. Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және әр бетіне автордың (құқық иеленушінің) қолы қойылуы қажет.
      19. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс рәсімделуін тексеру он жұмыс күні мерзімде жүзеге асырылады.
      Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, аталған мерзімде жазбаша бұдан әрі қараудан бас тартудың толық негізделген жауабы беріледі.
      20. Комитетке мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру үшiн ұсынылатын туындылар тасымалдағыштарда олардың объективтi нысанда болуын тексеру үшiн қарауға жатады.
      21. Комитетке ұсынылған материалдар (сонымен бірге тіркеуден бас тартылған материалдар), құқықтарды тіркеуге берген өтінім берушінің оларды қайтару туралы жазбаша өтініші болған жағдайды есептемегенде, қайтарылмайды. Материалдарды қайтару мерзімі он жұмыс күні.
      22. Комитет мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның телнұсқасын автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң телнұсқасын бергені үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгiленген алым алынады.

3. Қорытынды ережелер

      23. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркеуге және туындыларды тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
      24. Өтiнiште көрсетілген мәлiметтердiң растығын өтініш беруші қамтамасыз етеді.

Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды   
мемлекеттік тіркеу туралы 
нұсқаулыққа 1-қосымша    

нысан

Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

№ ______                              20 __ ж. "____" _______

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк
құқығы комитетiнде автордың/құқық иеленушінің өтiнiшi бойынша авторы _________________________________________________ болып табылатын
             (тегi, аты, әкесiнiң аты)
авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша мүліктік емес/мүліктік құқықтар «___________________________________» атауымен тіркелгені
куәландырады.
Автордың/құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша (мүлiктiк) құқықтар және _________________жасалған объектi ___________________________ тиесiлi
(күнi, айы, жылы)                (тегi, аты, әкесiнiң аты немесе
                                      заңды тұлғаның атауы)
және автор/құқық иеленушi жоғарыда көрсетiлген объектiнi жасаған  кезде басқа адамдардың зияткерлiк меншiк құқығы бұзылмағандығына кепілдік береді.
      Тiзiлiмде 200__ жылы «____»________ жасалған №____ жазба бар.

     Төраға

      М.О.

Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды    
мемлекеттік тіркеу      
туралы нұсқаулыққа      
2-қосымша          

нысан

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тізілімі

Келiп түскен күнi

Тiркелген күнi

Автордың немесе авторлардың тегi, аты, әкесiнiң аты

Автордың немесе құқық иеленушінің Мекен-жайы

Құқықиеленушi

Құқықтар объектiсiнiң атауы

Ескерту

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.









Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды  
мемлекеттік тіркеу   
туралы нұсқаулыққа   
3-қосымша      

нысан

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрлігі  
Зияткерлік меншік құқығы
Комитетінің төрағасы

__________________________
мекенжай бойынша тұратын
__________________________
автор(лар)дың Т.А.Ә.А.)
тел.: ____________________
__________________________
(жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері) 

ӨТІНІШ

      Мен (Біз) ___________________________________________________
                  (автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________ жасалған
           (жасалған күні, айы, жылы)
_______________________________________________________ деп аталған
жарияланбаған _____________________________________________________
                  (авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы болып табылатынымды (мызды) растаймын (мыз) және осы авторлық құқық объектісін Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуді өтінемін (міз).
      Сондай-ақ, осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі (лер) болып табылатынымды (ымызды) және осы объектіні жасаған кезінде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын растаймын (мыз).
      Туындыны Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілген.

20____жылғы «____» __________             __________________________
                                              (автор(лар)дың қолы)

Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды   
мемлекеттік тіркеу    
туралы нұсқаулыққа    
4-қосымша       

нысан

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі  
Зияткерлік меншік құқығы
Комитетінің төрағасы
_____________________________
(Құқық иеленушінің Т.А.Ә.А.
немесе атауы)     
Мекенжайы: ___________________
______________________________
тел.: ________________________
______________________________
(төлқұжат деректері/заңды  
тұлғаны тіркеу       
туралы куәліктің деректері)

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________
                        (құқық иеленушінің атауы)
авторы (лары)_____________________________________________________
                (автордың (лардың) Т.А.Ә.А., төлқұжат деректері)
болып табылатын___________________________________________ жасалған
                    (жасалған күні, айы, жылы)
________________________________ деп аталған _____________________
                               (авторлық құқық объектісінің түрі)
Айрықша мүліктік құқықтарының иесі(лері) болып табылатынымызды растаймын (ды) және осы авторлық құқық объектісін Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуді өтінемін (ді).
      Сондай-ақ, осы объектіні жасаған кезінде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын растаймын (ды).
      Туындыны Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілген.

20____жылғы «___» __________                      _______________

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а.
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 131 бұйрығына    
2-қосымша      

Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін нақтылайды және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының негізінде жасалды.
      2. Мемлекеттiк тiркеуге, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылар арасында жасалған лицензиялық шарттар жатады.
      Лицензиялық шарттың мемлекеттiк тiркелуiн растау осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк тiркеу куәлiгiн (бұдан әрi - МТК) беру және осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлiметтердi лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiзiлiміне енгiзу болып табылады.

2. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу

      3. Комитет лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - мемлекеттiк тiркеу) не оларды тiркеуден бас тартуды өтiнiш берушiден өтiнiш келiп түскен күннен бастап он жұмыс күні iшiнде жүргiзедi.
      4. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке:
      1) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) тігілген, нөмірленген және өтініш берушінің өзімен куәландырылған (әр бетіне қол қойылған) лицензиялық шарттың көшірмесі;
      3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) жеке тұлға үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке куәліктің және (немесе) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      5) мемлекеттік тіркеген үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы тапсырылады.
      5. Лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алымдарды төлеуден босатылған тұлғалар:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар – куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгiнiң не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшiрмесiн, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшiрмесiн немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттiң көшiрмесiн, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшiрмесiн, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнiң көшiрмесiн немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органнан немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар – еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттардың көшiрмесiн (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердiң, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерiнiң, немесе сот шешiмдерiнiң, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерiнiң), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билеттiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;
      мүгедектер – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшiрмесiн;
      бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшiрмесiн және туу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiмен берiлген оралманның куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      кәмелетке толмағандар – туу туралы көлiгiнiң көшiрмесiн ұсыну керек.
      6. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары ұсынады.
      Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу құжаттарды ұсынған кезде ата-аналарының немесе асырап алушыларының немесе қорғаншыларының жазбаша келісімі ұсынылады.
      7. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс рәсімделуін тексеру он жұмыс күні мерзімде жүзеге асырылады.
      Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, аталған мерзімде жазбаша бұдан әрі қараудан бас тартудың толық негізделген жауабы беріледі.
      8. Тіркеу Комитет төрағасы не оны ауыстыратын адамның қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған МТК беру және лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiзiлiміне мәлiметтердi енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
      МТК лицензиялық шартты тiркеу жасалғанын растайтын және оның иесiне туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.
      МТК-нiң қолданылу мерзiмi лицензиялық шарттың қолданылу мерзімінен асуы мүмкін емес.
      9. Комитет МТК жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның телнұсқасын автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
      МТК телнұсқасын берген үшiн Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгiленген мемлекеттiк тiркеген үшiн алым алынады.
      10. Лицензиялық шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту кезiнде Комитетке ұсынылған өтiнiш пен лицензиялық шарттың көшiрмесi негiзiнде МТК-нiң қолданылу мерзiмi де ұзартылады.
      11. Лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту алған жағдайда өтініш беруші ескертулерді ескеріп тиісті құжаттарды қайта береді.

3. Қорытынды ережелер

      12. Лицензиялық шарттарды тiркеуге және тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
      13. Лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ақпарат заңнамада белгiленген тәртіппен берілуі мүмкін.
      14. Өтiнiште көрсетілген мәлiметтердiң растығын өтініш беруші қамтамасыз етеді.

Туындыларды және сабақтас 
құқықтар объектілерін   
пайдалануға лицензиялық  
шарттарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқығы комитеті Мемлекеттiк тiркеу куәлiгi

№_______                                    20__ жылғы «__» _____
___________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат деректерi немесе атауы, заңды деректемелерi)
___________________________________________________________________, ___________________________________________________________________   __________________ берiлдi
20___ жылғы «__» ________ № ____
_______________________________________ лицензиялық шарт негiзiнде
Лицензиар __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Лицензиат __________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар объектісiнiң түрi __________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi __________________________________
Мерзiмi ______________________________ дейiн ұзартылған

Төраға _______________                      МО

Туындыларды және сабақтас
құқықтар объектілерін  
пайдалануға лицензиялық 
шарттарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

нысан

Лицензиялық шарттардың мемлекеттік тізілімі


р/с

Өтініштің келіп түскен күні (күні, айы, жылы)

Тіркелген күні (күні, айы, жылы)

Мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі

өтініш берген заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы

Лицензиар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты немесе ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымның атауы, лицензиялық шарттың нөмірі, күні, қолдану мерзімі)

Пайдаланатын туындының түрі және (немесе) сабақтас құқықтар объектісі

Күні және мемлекеттік тіркеу куәлігін алғаны туралы қолы

ескерту

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.










Туындыларды және сабақтас  
құқықтар объектілерін   
пайдалануға лицензиялық  
шарттарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа    
3-қосымша         

нысан

Комитеттің төрағасы ______________________
               (тегі, аты-жөні)
__________________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты,
__________________________________________
тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін – заңды
__________________________________________
тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)  
телефоны: ________________________________

Өтініш

Мен (Біз) ______________________________________________________     (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(лицензиардың тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы мен заңды деректемелері)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар объектісінің түрі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Өтінішке қосымша беріледі: 1. ________________________
                           2. ________________________
                           3. ________________________

20 ____ жылғы «__» _____                  ______________________
                                         (өтініш берушінің қолы)

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а. 
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 131 бұйрығына    
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1987 болып тіркелген, 2002 жылы № 41-42, 721-құжат Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған).
      2. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1988 болып тіркелген, 2002 жылы № 41-42, 722-құжат Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған).
      3. «Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4064 болып тіркелген, 2006 жылы № 18-19, (998-999) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      4. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4065 болып тіркелген, 2006 жылы № 18-19, (998-999) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      5. «Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына және «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 21 наурыздағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5631 болып тіркелген, 2009 жылы № 69, (1666) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).