Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1988. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 131 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Денсаулық сақтау жүйесiндегi қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 "Жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" бұйрығына (2002 жылғы 8 тамызда ресми газетте жарияланған 2001 жылғы 10 тамыздағы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiндегi мемлекеттiк тiркеуi N 1620; "Қазақстан Республикасында жүктiлiктi тоқтатуды жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шілдедегi N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2002 жылғы 13 мамырдағы N 481 бұйрығының мемлекеттiк тiркеуi N 1884) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң Ережесiнде:
      8-тармақта "028/y есепке алу үлгiсiн пайдалана oтырып" сөздерi алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Емдеу-алдын алу iсi департаментiнiң директоры Халел Сағынға жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр