РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің қоса беріліп отырған тізімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелеуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 292 бұйрығымен
бекітілген
Республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі
№ р/с |
Сулы-баптақты жерлердің атауы |
Орналасуы |
Көлемі, га |
1. |
Ырғыз-Торғай көлдерінің жүйесі (Қызылкөл, Айыркөл, Шолақкөл, Қарманкөл, Майкөл, Қулыкөл, Айдаркөл, Айке көлі) |
Ақтөбе облысы |
24 000 |
2. |
Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі |
Алматы облысы |
800 000 |
3. |
Зайсан көлінің көршілес акваторийімен Қара Ертіс өзенінің атырауы |
Шығыс Қазақстан облысы |
34 000 |
4. |
Марқакөл көлі |
Шығыс Қазақстан облысы |
45 500 |
5. |
Бозшакөл көлі |
Қостанай облысы |
3 520 |
6. |
Құсмұрын көлі |
Қостанай облысы |
46 015 |
7. |
Сарықопа көлдері жүйесі |
Қостанай облысы |
33 600 |
8. |
Теңіз-Қарақамыс көлдері жүйесі |
Қостанай облысы |
13 200 |
9. |
Сырдария өзенінің атырауы мен Кіші Арал |
Қызылорда облысы |
117 000 |
10. |
Қаракөл көлі |
Маңғыстау облысы |
4 500 |
11. |
Қызылкөл көлі |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
1 500 |
12. |
Шардара су қоймасы |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
113 000 |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 292 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі
№ р/с |
Сулы-батпақты жерлердің атауы |
Орналасуы |
Көлемі, га |
1. |
Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі |
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары |
914 663 |
2. |
Жайық өзенінің атырауы және Каспий теңізінің іргелес жағалауы |
Атырау облысы |
111 500 |
3. |
Жарсор-Ұркаш соры |
Қостанай облысы |
41 250 |
4. |
Қойбағар-Тымтәуір көлдері жүйесі |
Қостанай облысы |
58 000 |
5. |
Қулыкөл-Талдыкөл көлдері жүйесі |
Қостанай облысы |
8 300 |
6. |
Наурызым көлдері жүйесі (Сарымойын, Жаркөл, Кіші және Үлкен Ақсуат) |
Қостанай облысы |
139 714 |
7. |
Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесі |
Ақмола және Қарағанды облыстары |
353 341 |