«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасын және 25-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі бекітілсін.
2. "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 136, (2007 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4636 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы сәуір-мамыр) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2010 жылғы
29 сәуірдегі № 298
бұйрығымен бекітілген
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрі - ЕҚТА) паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін регламенттейді.
2. ЕҚТА паспорты мемлекеттік тілде және орыс тілінде үш данада жасалады.
Тіркелген ЕҚТА паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады.
3. Табиғат қорғау ұйымы паспортының бір данасы табиғат қорғау ұйымында, екіншісі - өзі қарауына жататын мемлекеттік органда, үшіншісі - ерекше қорғалатын табиғи аумақ саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) болады.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік табиғи қаумалдар, мемлекеттік қорық аймақтары паспортының бір данасы ЕҚТА-тың көрсетілген түрлерін қорғау бекітілген ұйымда, екіншісі - қарауына осы ұйым жататын мемлекеттік органда, үшіншісі - уәкілетті органда болады.
2. ЕҚТА паспортты әзірлеу
4. ЕҚТА паспортын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ЕҚТА құру және кеңейту туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шешiм қабылдағаннан кейiн ЕҚТА құрудың және кеңейтудiң техника-экономикалық және жаратылыстану-ғылыми негiздемесiне сәйкес алты ай iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5. ЕҚТА паспорты осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ресімделеді.
6. Қарауында ЕҚТА бар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіленген үлгідегі паспорт жасайды және оны уәкілетті органда тіркеуден өткізеді.
ЕҚТА бойынша есептік көрсеткіштер (өсімдіктер мен жануарлардың индикаторлық түрлерінің, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, туристік маршруттар мен соқпақтардың және басқалардың саны) паспортта ол жасалған сәтте келтіріледі.
7. Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
8. Орталық атқарушы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және өздерiнiң қарауындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ЕҚТА паспорттарын бекiтедi және оларды тiркеуге (қайта тіркеуге) уәкiлеттi органға бередi.
Уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ЕҚТА паспортарын тіркейді.
Берілген паспорт осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган 20 күнтізбелік күн ішінде ЕҚТА паспортын орталық атқарушы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына пысықтауға жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
9. Қарауында ЕҚТА бар мемлекеттік органдар көрсетілген ақпараттың сапасын және оның шынайылығын, паспорттың уәкілетті органға келісуге және тіркеуге уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
3. ЕҚТА паспортты тіркеу (қайта тіркеу)
10. ЕҚТА паспортын тiркеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ЕҚТА құру және кеңейту туралы шешiмдерi қабылданғаннан кейiн жүргiзiледi.»
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
11. ЕҚТА паспортын тіркеу уәкілетті органның бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
ЕҚТА паспортын тіркеу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тіркеу журналында атап өтіліп, оларға мынадай тіркеу нөмірлері беріледі:
1) мемлекеттік табиғи қорықтар - МТҚ-00;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер - МҰТП-00;
3) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер - МӨТП-00;
4) мемлекеттік табиғи резерваттар - МТР-00;
5) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік зоологиялық парктер - тиісінше МЗП-р-00 және МЗП-ж-00 тиісінше;
6) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақтар - МББ-р-00 және МББ-ж-00;
7) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік дендрологиялық парктер - МДП-р-00 және МДП-ж-00;
8) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері - МТЕ-р-00 және МТЕ-ж-00;
9) республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтары - МҚА-00;
10) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар - МҚ-р-00 және МҚ-ж-00;
12. ЕҚТА паспортын қайта тіркеу осы Ережеге сәйкес он жылда әрі кеткенде бір рет жүргізіледі, ЕҚТА-ның нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған немесе кеңейтілген жағдайлар бұған қосылмайды, ондай жағдайларда паспортты тіркеу үш айлық мерзімде жүргізіледі.
13. ЕҚТА паспортын қайта тіркеуді жүзеге асыру кезінде оның тіркеу нөмірінде бөлшек белгісі арқылы кезекті қайта тіркеу нөмірі көрсетіледі.
14. ЕҚТА паспорты ол уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Республикалық және жергілікті маңызы
бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың паспорттарын әзірлеу
және тіркеу (қайта тіркеу)
ережесіне 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Нысан
____________________________ ____________________________
(қарауына ЕҚТА жататын (ЕҚТА саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органның атауы) органның атауы)
____________________________ _____________________________
20__жылғы "___" ____________ 20__жылғы "__" ______________
бұйрығымен (шешімімен) бұйрығымен тіркелген бекітілген _______________________________ (ЕҚТА-ның тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)
ПАСПОРТЫ
20___жыл
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы, оның түрімен санаты ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған немесе кеңейтілген мемлекеттік орган актісінің атауы, нөмірі және қабылданған күнi
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттік органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________ 4. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы _____________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Туристік инфрақұрылымы, шекарасының сипаттамасы, географиялық координаттары, аумағының көлемі және күзет аймағы көрсетілген карта-схемасы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жері:
5.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(облыс, аудан, елді мекен)
5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипаттамасы_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА шекарасының сипаттамасы ЕҚТА бұрылыс нүктелері бойынша және географиялық координаттары көрсетіле отырып беріледі, заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА шекарасының сипаттамасы табиғи шектер бойынша беріледі)
5.3 ЕҚТА-ның жалпы алаңы ______________________________ га (табиғат қорғау ұйымының алаңы тұрақты жер пайдалану құқығының мемлекеттiк актiлерiне сәйкес; мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың, мемлекеттiк қорық аймақтарының алаңы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, ЕҚТА құру туралы астананың жергілікті атқарушы органдарының шешiмiне сәйкес берiледi)
Ескерту. 5.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5.4 ЕҚТА қорғау аймағының алаңы-__________________га
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ЕҚТА қорғау аймағын белгiлеу туралы облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы шешiмiнiң
атауы, нөмiрi мен күнi көрсетiледi)
Ескерту. 5.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5.5 ЕҚТА инфрақұрылымы көрсетілген ЕҚТА карта-схемасы
ЕҚТА инфрақұрылымы көрсетілген ЕҚТА карта-схемасы келтіріледі (масштабы 1:200 000) |
(ЕҚТА карта-схемасына ЕҚТА-ның қазіргі және жоспарланып отырған инфрақұрылымы: ЕҚТА туристік маршруттары мен соқпақтары, шатырлы лагерльер, жағажайлар, тамашалау алаңдары, уақытша құрылыстар (сауда нүктелері, дүңгіршіктер, жазғы дәмханалар, қайық стансалары, жалдау бекеттері, жылжымалы вагондар мен трейлерлер) енгізіледі.
ЕҚТА туристік маршруттары мен соқпақтарының тізбесі (жол берілетін рекреациялық жүктеме көрсетіліп) және ЕҚТА аумағында орналастырылған қазіргі және жоспарланып отырған уақытша құрылыстардың тізбесі (жол берілетін өткізу қабілеті көрсетіліп) ЕҚТА карта-схемасына бөлек тіркеледі.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің тізбесі олардың сандық және сапалық сипаттамасымен бірге паспорттың 1-қосымшасында келтіріледі.
6.1. ______________________ (ЕҚТА атауы) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай-күйін айқындайтын индикаторлық түрлер.
6.1.1 Өсімдіктер:_____________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
(өсімдіктердің индикаторлық түрлері санамаланады)
6.1.2 Жануарлар:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жануарлардың индикаторлық түрлері санамаланады)
6.1.3 Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны паспортқа - қосымшада келтіріледі.
6.2. ______________________аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра (ЕҚТА атауы)
объектілері:___________________________________________________ _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тарихи-мәдени мұра объектілері санамаланады)
6.2.1 Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі паспортқа3-қосымшада келтіріледі.
7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимінің түрлері, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөніндегі олардың міндеттемелері мен ауыртпалықтары туралы мәліметтер.
7.1 Функционалдық аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтың күзет режимдері:
р/с |
Функционалдық аймақтың атауы |
Алаңы, га |
Күзет режимі |
1 |
2 |
3 |
4 |
БАРЛЫҒЫ: |
7.2 ЕҚТА-да және оның күзет аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен ауыртпалықтары туралы мәліметтер________________________________________________________
__________________________________________________________________ __________________________________________________________________
(жер санаттары мен жер учаскелерінің алаңдары, сондай-ақ табиғат пайдалануда белгіленген міндеттемелер мен ауыртпалықтар көрсетіле отырып, ЕҚТА мен оның күзет аймағының шекараларында орналасқан жер учаскелерінің барлық меншік иелері мен бөтен жер пайдаланушылардың тізбесі келтіріледі)
8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтің рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлеріне қойылған шектеулер:_______________________________________________
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына байланысты қызметтің тыйым салынған және рұқсат етілген түрлерінің сипаттамасы келтіріледі).
9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу, оның жұмыс режимі және рекреациялық жүктемесі___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына, рекреациялық және туристік мақсаттағы объектілердің рекреациялық сыйымдылығына байланысты әрбір ЕҚТА-тың өзіндік ерешеліктерін ескере отырып, ЕҚТА-да болу және рекреациялық ресурстарын пайдалану ережесі, ЕҚТА-ның жұмыс режимі баяндалады)
Паспортты әзірлеген:_________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
М.О.
Паспорттың әзірленген күні:
"___" __________ 200 ___ж.
__________________________
_______________ паспортына
(ерекше қорғалатын табиғи
аумақтың атауы)
1-қосымша
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
__________________________________________
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)
р/с |
Мемлекеттік табиғи-қорық |
Саны |
1 |
2 |
3 |
Өсімдік түрлерінің болуы - барлығы, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері: |
||
Жануар түрлерінің болуы - барлығы, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері: |
||
Мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің болуы, олардың атауы, орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы: |
||
___________________________
_________________ паспортына
(ерекше қорғалатын табиғи
аумақтың атауы)
2-қосымша
Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны
_______________________________________________
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)
Жануардың атауы |
Саны |
|
Оңтайлы |
Нақты |
|
1 |
2 |
3 |
___________________________
___________________________
________________ паспортына
(ерекше қорғалатын табиғи
аумақтың атауы)
3-қосымша
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі_____________________________________________
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)
р/с |
Атауы |
Орналасқан жері және |
1 |
2 |
3 |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің атауы |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағында орналасқан тарихи- мәдени мұра объектілерінің |
|
орналасқан жері көрсетіледі, олардың қысқаша сандық және сапалық сипаттамасы келтіріледі |
||
келтіріледі |
||
Республикалық және жергілікті
маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың паспорттарын әзірлеу
және тіркеу (қайта тіркеу) ережесіне
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012.10.02 № 17-02/489 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Нысан
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі
Р/с |
Тіркеу нөмірі |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортын тіркеу күні |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша нормативтік құқықтық актінінің күні және нөмірі |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ қарауына жататын мемлекеттік органның паспортты бекіту туралы актінің күні мен нөмірі |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ паспортын тіркеу (қайта тіркеу) туралы уәкілетті орган бұйрығының күні мен нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |