Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4636 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 298 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына және "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 1-5 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының атауы өзгертуге жататын кейбір ауылдық елді мекендерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 30 наурыздағы
N 36-8 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысының
атауы өзгертуге жататын кейбір
ауылдық елді мекендерінің
тізбесі

      Сырым ауданы бойынша:
      - Сарой ауылдық округінің "Коминтерн" ауылы "Шағырлой" ауылы

      Казталовка ауданы бойынша:
      - Талдыапан ауылдық округінің "Никонор" ауылы "Қосаба" ауылы болып

      Шыңғырлау ауданы бойынша:
      - Алмазов ауылдық округінің "Константиновка" ауылы "Аққұдық" ауылы  болып
      - Алмазов ауылдық округінің "Лебедевка" ауылы "Сегізсай" ауылы болып
      - Қарағаш ауылдық округінің "Новопетровка" ауылы "Қарағаш" ауылы болып
      - Белогор ауылдық округінің "Марксизм" ауылы "Торыатбас" ауылы болып өзгертілсін.