Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 123 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6228 болып енгізілді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

       «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 123 бұйрығымен 
бекітілген    

Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу
мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын
айқындау ережесі

      1. Осы Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау тәртібін айқындайды.
      3. Сот сараптамасы зерттеулері күрделілік дәрежесі бойынша 4 санатқа бөлінеді:
      жай – зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін, жүргізу мерзімі 5 тәуліктен аспайтын күрделі емес объектілер бойынша стандартты;
      күрделілік дәрежесі орташа - объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары, сондай-ақ сот сараптамасы зерттеулерінің қолданылатын әдістемелері, жүргізу мерзімі 10 тәулікке дейін, белгілі бір уақыт шығынын талап етпейді;
      күрделі – ұзақ және көп ғылыми еңбек сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі (3 объектіден көп немесе істің 250 парағынан көп), көп сұрақтары бар жүргізу мерзімі 20 тәулікке дейінгі сот-сараптамалық зерттеулер;
      аса күрделі – жаңа объектілердің өзіне ғана тән, стандартты емес, сондай-ақ әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан күрделендірілген, соның ішінде ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі жүргізу мерзімі 30 тәулікке дейінгі зерттеулер.
      4. Ерекше жағдайларда сот сараптамасын жүргізу мерзімін 30 тәуліктен астам ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының дәлелді өтініші бойынша сараптама тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
      5. Кешенді, қайталама, комиссиялық сараптамалардың күрделілік дәрежесі осы Ережемен белгіленген күрделілік санатына қарай анықталады.
      6. Сот сараптамаларының нақты түрлерінің (кіші түрлерінің) күрделілік дәрежесі тиісті сот-сараптамалық технологияларының жетілдірілуіне орай қайта қаралуы мүмкін.
      7. Сот-сараптамасы зерттеулерінің түрлері бойынша сот сараптамаларының күрделілік санаты осы Ережеге қосымшада келтірілген.

Күрделілік санаттарына қарай сот
сараптамаларын жүргізу мерзімдерін
есептеу және олардың күрделілік
санаттарын айқындау ережесіне 
қосымша          

Сот сараптамасы зерттеулерінің түрлері бойынша сот
сараптамаларының күрделілік санаттары 1. Құжаттардың сот сараптамасы

      1. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу:
      1) жай:
      қозғалыс жүйесін жетілдіру дәрежесі бойынша қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау;
      жазу дағдысының дәрежесі бойынша (жазба, қолтаңба) қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау;
      әдеттегі жағдайда орындалған үлкен немесе орташа көлемді қолжазба мәтінін орындаушыны анықтау (шығарып тастау);
      әдеттегі жағдайда орындалған қолжазбаның түпнұсқалығын анықтау (шығарып тастау).
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      бір объектіге қатысты жазу мен қолтаңбаны сәйкестендірушілік зерттеу;
      қозғалыс жүйесін жетілдіру дәрежесі бойынша қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау;
      жазу дағдысының дәрежесі бойынша (жазба, қолтаңба) қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау;
      әдеттегі жағдайда орындалған үлкен немесе орташа көлемді қолжазба мәтінін орындаушыны анықтау (шығарып тастау);
      әдеттегі жағдайда орындалған қолжазбаның түпнұсқалығын анықтау (шығарып тастау).
      3) күрделі:
      екі және одан да көп объектілерге қатысты жазу мен қолтаңбаны сәйкестендірушілік зерттеу;
      белгілі бір адамның атынан орындалған қолтаңбаны сол адамның өзі орындағанын немесе ол басқа адамның орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      ойдан шығарылған адамның атынан орындалған қолтаңбаны нақты адамдардың ішінен кім орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      мәтін, жазба және қолтаңба әдеттен тыс психофизиологиялық күйде немесе әдеттен тыс жағдайда; нақты адамның жазуына (қолтаңбасына) еліктеумен; сол қолмен (орындаушы үшін қалыпты оң қолмен), әдейі өзгертілген жазумен орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      зерттелетін құжаттың мәтінін қай жынысқа жататын адам орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      құжатты орындаушының жасы нешеде екенін анықтау мақсатындағы зерттеу.
      4) аса күрделі:
      егде және қарт жастағы адамдардың атынан, алькогольден немесе есірткіден мастану күйінде, әдеттегідей емес психофизиологиялық күйде, баспа шрифті мен арнайы шрифтерге еліктеп, шынайы қолтаңбаға еліктеп, әдейі өзгертілген жазумен, дағдыланбаған сол қолды жазумен орындалған екі және одан да көп объектіге қатысты жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
      өзгеше материалдағы жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
      шетел шрифтінде орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу.
      2. Құжаттарды сот-техникалық зерттеу:
      1) жай:
      құжаттардың деректемелерін өзгерту тәсілін анықтау;
      деректемелердің бастапқы мазмұнын анықтау (аз көлем);
      баспа үлгісінің бедерлерін басу тәсілін анықтау;
      құжат бөлігін ауыстыру фактісін анықтау;
      мүшелену бірыңғай сызығы болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау;
      жазу материалының түрін және жалпы тектік тиістілігін анықтау;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      құжат деректемелерінің барлық түрлеріне қатысты сәйкестендірушілік зерттеу;
      бірыңғай мүшелену сызығы жоқ болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау;
      полиграфиялық өнімді зерттеу;
      қиылысатын штрихтардың орындалуының хронологиялық реттілігін анықтау;
      таңба басатын құрылғылармен (электронды есептеуіш машиналарының принтерлерімен, кассалық аппараттармен және т.б.) алынған бедерлерді зерттеу;
      құжат деректемелерін өңдеу (жою) үшін қолданылған заттардың табиғатын анықтау;
      құжаттардың материалдарына қатысты сәйкестендірушілік зерттеу;
      3) күрделі:
      күрделі жіктеушілік және сәйкестендірушілік міндеттерді шешу мақсатындағы полиграфиялық өнімді зерттеу;
      құжаттардың материалдарын күрделі сәйкестендірушілік зерттеу;
      4) аса күрделі:
      хаттың материалдарын күрделі сәйкестендірушілік зерттеу;
      құжаттардың деректемелерінің орындалу мерзімін анықтау.
      3. Сот-автортану зерттеуі:
      1) күрделілік дәрежесі орташа:
      жазбаша сөздің белгілері әдейі бұрмалаусыз құрастырылған мәтіннің авторын анықтау;
      біртұтас мәтінді құрайтын мәтін фрагменттерінің авторын анықтау;
      2) күрделі:
      басқа тілдің жазбаша сөзінің белгілеріне ұқсатып орындалған мәтіннің авторын анықтау;
      басқа адамның жазбаша сөзінің белгілеріне ұқсатып орындалған мәтіннің авторын анықтау;
      әдеттен тыс жағдайда орындалған мәтіннің авторын анықтау;
      3) аса күрделі:
      басқа тілдің жазбаша сөзінің белгілеріне ұқсатып орындалған мәтіннің авторын анықтау (көлемі 10 парақтан көп);
      басқа адамның жазбаша сөзінің белгілеріне ұқсатып орындалған мәтіннің авторын анықтау (көлемі 10 парақтан көп);
      әдеттен тыс жағдайда орындалған мәтіннің авторын анықтау.

2. Сот портреттік сараптама

      4. Адамның бейнелерін зерттеу:
      1) күрделі:
      ұсынылған фотосуреттерге, негативтерге, пленка кадрларына және басқа да тасымалдаушыларға түсіріліп алынған адамдарды дифференциалау бойынша зерттеу;
      2) аса күрделі:
      зерттеуге ұсынылған фотосуреттерде, негативтерде, пленка кадрларында және басқа да тасымалдаушыларға түсірілген нақты адамның ұқсастығын анықтау бойынша сәйкестендірушілік зерттеу.
      5. Жануарлардың бейнелерін сыртқы белгілері бойынша зерттеу:
      аса күрделі:
      жануарларды (жануар мәйіттерін) зерттеуге ұсынылған  фотосуреттердегі, негативтердегі, пленкалардың кадрларындағы және басқа да тасымалдаушылардағы бейнелер бойынша сәйкестендірушілік  зерттеу.
      6. Жануарлардың ен-таңбаларының бейнелерін зерттеу:
      1) күрделілік дәрежесі орташа:
      жануарда (бөлінген бөліктерінде) ен-таңбалардың болуын (болмауын), олардың орналасуын, пішінін, суретін және т.б. анықтау;
      жануарға (оның бөліктеріне) ен-таңбаларды салу тәсілін анықтау;
      2) күрделі:
      жануардағы ен-таңбалар бойынша белгі салу құралын сәйкестендірушілік зерттеу (белгі салу құралын ұсынумен және ол жоқ болғанда).

3. Сот бейнефонографиялық сараптама

      7. Сот–сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу:
      1) жай:
      аудитивті материалдарды одан кейінгі сәйкестендірушілік зерттеулер үшін жарамдылығын анықтау (1 объектіге қатысты);
      механикалық монтаждау фактісін анықтау (1 объектіге қатысты);
      мәтіннің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (5 минутқа дейін);
      дыбыс жазу құрылғысын диагностикалық және жіктеушілік зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      аудитивті материаларды одан кейінгі сәйкестендірушілік зерттеулер үшін жарамдылығын анықтау (2-3 объектіге қатысты);
      механикалық монтаждау фактісін анықтау (2-3 объектіге қатысты);
      мәтіннің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (15 минутқа дейін);
      электроакустикалық монтаждау фактісін анықтау (1 объектіге қатысты 20 минутқа дейін);
      көшірме/түпнұсқа туралы сұрақты шешу;
      3) күрделі:
      мәтіннің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (30 минутқа дейін);
      адамдардың даусы мен сөзін сәйкестендірушілік зерттеу (2-ден көп емес);
      электроакустикалық монтаждау фактісін анықтау (30-40 минут);
      30 минут шегіндегі диагностикалық тапсырмаларды шешу;
      4) аса күрделі:
      4 және одан да көп объектілердің электроакустикалық монтаждау фактісін анықтау;
      мәтіннің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (30 минуттан артық);
      адамдардың дауысы мен сөзін сәйкестендірушілік зерттеу (2-ден көп);
      30 және одан да көп минут шегіндегі диагностикалық тапсырмаларды шешу.

4. Сот фототехникалық сараптама

      8. Фотографиялық бейнелерді зерттеу:
      1) күрделі:
      суретте бейнеленген заттардың мөлшерін және олардың арақашықтығын анықтау;
      суретке түсіру жағдайларына (жарық беру – табиғи, жасанды; объектив типі – қалыпты, кең бұрышты, телеобъекив; репродукция немесе тікелей заттың өзінен түсіру және т.б.) қатысты жағдайларды анықтау;
      суретті дайындау тәсілін анықтау (фотографиялық технология ережесін сақтау, фотомонтажды пайдалану, ретушты қолдану және т.б.);
      суретке түсіру аппаратураларын, техникалық құралдарды (ұлғайтқыш, рамкалар, кескіштер және т.б.), позитив бойынша негативтерді, сондай-ақ заттарды, үй-жайларды, жергілікті жер телімдерін сәйкестендіру;
      оңып кеткен бейнелерді қалпына келтіру;
      мөлдір емес заттың дағы басылған бейнелерді қалпына келтіру;
      2) аса күрделі:
      фотосуретті дайындау мерзімін (ескілігін) анықтау;
      суретті дайындау тәсілін анықтау (фотографиялық технология ережесін сақтау, фотомонтажды пайдалану, ретушты қолдану және т.б.);
      мөлдір емес заттың дағы басылған бейнелерді қалпына келтіру (көп объектілі).
      9. Фотографиялық материалдарды зерттеу:
      1) күрделі:
      жарық сезгіш материалдың түрін анықтау;
      2) аса күрделі:
      жарық сезгіш материалды (фотоқағазды, пленкаларды) және осы суретті өңдеу үшін қолданылған фото айқындағышты (айқындалатын заттың атауы бойынша) сәйкестендіру.
      10. Бейнеқұжаттарды зерттеу:
      1) жай:
      кинопленкаға, бейнетаспаға түсірілген әрекеттердің мазмұнын анықтау;
      кинопленкаға, бейнетаспаға түсірілген фильмдердің мазмұнын анықтау;
      кино-, бейнепленкадағы эпизодтарды (әрекеттерді) түсіру мерзімін анықтау.
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      кино-, бейнежазбаларды – түсірілімнің ракурстарын жасау жағдайларын, бейнекамераның объективін жауып тұратын кедергі-заттарды, жеткіліксіз жарықты, бейненің жеткіліксіз айқындылығын және т.б. анықтау;
      кино-, бейнепленканы механикалық монтаждау фактісін анықтау;
      бейнепленкада түсірілген заттардың мағыналық және мақсаттық қолданылуын анықтау;
      кино-, бейнежазбаларды порнографиялық (эротикалық) мазмұндағы объектілерге жатқызу үшін зерттеу;
      кино-, бейнежазбаларды зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерге жатқызу үшін зерттеу;
      3) күрделі:
      аралық аппаратура арқылы кино-, бейнепленкалардағы бейнелерді монтаждау фактісін анықтау;
      қолда бар кино-, бейнежазбаларды түпнұсқаға (көшірмеге) жатқызу үшін зерттеу;
      кино-, бейнепленкада түсірілген заттардың мөлшерін және олардың арақашықтығын анықтау;
      кино, бейнетүсірілімді орындаған адамда оператордың кәсіби дағдыларын анықтау;
      4) аса күрделі:
      кино-, бейнематериалдарда түсірілген объектілерді (зат, құрылыс, үй-жай, жергілікті жер телімі және т.б.) сәйкестендірушілік зерттеу;
      аралық аппаратура көмегімен кино-, бейнепленкадағы бейнелердің монтаж фактісін анықтау (көп объектілі).

5. Сот трасологиялық сараптама

      11. Сот–сараптамалық трасологиялық зерттеу:
      1) жай:
      мүшеленудің жалпы сызығы болған кезде бөлшектері бойынша бүтінді анықтау;
      металдану іздерін анықтау;
      қол мен аяқ іздерінің жарамдылығын зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      объектілердегі зақымдардың пайда болу механизмін анықтау;
      жекелеген бөлшектердің нақты көлік құралына жататындығын анықтау;
      объектілерді дайындау тәсілін анықтау;
      іздерді қалдырған көлік құралының моделін анықтау мақсатында киімдегі протектор іздерін зерттеу;
      3) күрделі:
      объектілердегі зақымдарды түсірген затты анықтау мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
      шинадағы зақымдарды зерттеу;
      түймені нақты тігін бұйымына жататындығын анықтау;
      қол және аяқ іздерін сәйкестендірушілік зерттеу;
      құлыптардың жарамдылығы және нақты кілтпен ашылуы мүмкіндігі туралы сұрақты шешу мақсатында олардың механизмдерін зерттеу;
      жойылған нөмірлерді анықтау;
      шетелде шығарылған нақты көлік құралына тиістілігін анықтау мақсатында фардың шашыратқышының сынықтарын зерттеу;
      мүшеленудің жалпы сызығы болмаған жағдайда бөлшектері бойынша бүтінді анықтау;
      кедергілердегі бұзудың іздерін зерттеу, бұзу құралдарын сәйкестендіру;
      4) аса күрделі:
      объектілердегі зақымдарды түсірген затты анықтау мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
      зақым келтіру сәтіндегі жәбірленушінің орнын анықтау;
      зерттеу объектісінде қан іздерінің пайда болу механизмін анықтау бойынша зерттеу.

6. Сот баллистикалық сараптама

      12. Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу:
      1) жай:
      заттарды атыс қаруына және оқ-дәрілерге жатқызу;
      қаруды дайындау (зауыттық, қолөнер, қолдан жасау) тәсілін зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      снаряд құрамын зерттеу (аз объектілі сараптамалар);
      қарудың нақты данасын теңдестіру мақсатында атыс қаруын және оқ пен гильзадағы оның іздерін зерттеу;
      зақымдарды атыс қаруынан жасалған зақымдарға жатқызу мақсатында зерттеу;
      қаруды атыс қаруына жатқызу мақсатында зерттеу;
      3) күрделі:
      жабдықтаудың бірыңғай шығу көзі туралы сұрақты шешу мақсатында аңшылық патрондарды жабдықтау компоненттерін зерттеу (көп объектілі);
      жарғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды зерттеу;
      4) аса күрделі:
      бытыра, кәртештегі іздер бойынша тегіс ұңғылы қаруды сәйкестендіру мақсатында зерттеу;
      снарядтың (оқтың, гильзаның) компоненттерінің пайда болуының бірыңғай көзін анықтау;
      атыс іздері мен жағдайларын зерттеу.

7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

      13. Заттар мен материалдардың сот–сараптамалық зерттеу:
      1) жай:
      қатпарларды табу мақсатында тасымалдаушы объектілерді зерттеу;
      заттың, қатпарлардың затын лакты-бояу жабындарына, лакты-бояу материалдарына, полимерлік материалдарға; металдар мен қорытпаларға; мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарына; топыраққа; спиртқұрамды сұйықтарға жатқызу мақсатында оның табиғатын анықтау;
      жаратылысы талшықты емес тасымалдаушы-объектілердегі (тырнақ астындағылар, дактиласкопиялық пленка және т.б.) жекелеген талшықтарды олардың табиғаты мен пайда болуы мүмкін көздерін анықтау мақсатында зерттеу;
      салмағы 0,02 грамға дейінгі топырақ текті объектілерді зерттеу (10 объектіден көп емес);
      лакты бояу материалдары мен жабындардың іздерін көлік құралының белгілі бір түріне жатқызу мақсатында зерттеу;
      спиртқұрамды сұйықтықтарды зерттеу (этил спиртінің құрамын, мемлекеттік стандартқа сәйкестігін (бұдан әрі - Мемстандарт) айқындау);
      тектік, түрлік тиістілігін анықтау мақсатында металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын зерттеу;
      люминесценциялайтын заттардың қатпарларын табу және оларды физикалық сипаттамалары негізінде арнайы химиялық заттарға жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      жаратылысы талшықты объектілерді жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу: аз объектілі, киімнің жекелеген заттарымен шектелген (2-ден көп емес) не аз талшықты құраммен сипатталатын киім;
      талшықты материалдардың қандай мақсатқа қажеттілігін анықтау мақсатында олардың жанып кеткен қалдықтарын зерттеу;
      салмағы 0,02 грамға дейін (6 объектіден көп емес) не 0,1 грамға дейін (10 объектіден көп емес) топырақ қатпарларын жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
      бұйымның нақты тегіне, түріне, маркісіне жатқызу, бірыңғай салмағын, көлемін, нақты затқа, бұйымға тиістілігін анықтау мақсатындағы лакты-бояу материалдары мен жабындарды, полимер материалдарын, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, спиртқұрамды сұйықтықтарды жіктеушілік зерттеу;
      спиртқұрамды сұйықтарды дайындау тәсілін анықтау;
      белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (анализдің дәстүрлі әдістерін қолданумен);
      арнайы химиялық заттардың із қалдыру қабілетін және тасымалдаушы-заттың ізді қабылдау қабілетін анықтау;
      қатпарлану іздерін химиялық және инструменталды әдістерді қолданумен белгілі бір арнайы химиялық заттарға тиістілігін анықтау мақсатында жіктеушілік зерттеу;
      арнайы химиялық заттарды бір топқа, түрге, маркіге тиістілігін анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу (аз объектілі - үлгілер, пара заттары, күдікті қолынан алынған сүртіндісі бар тампон);
      3) күрделі:
      ортақ тектік, топтық тиістілігін анықтау мақсатында лакты-бояу жабындарын, лакты-бояу материалдарын, полимерлік материалдарды, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, спиртқұрамды сұйықтықтарды сәйкестендірушілік зерттеу;
      жаратылысы талшықты объектілерді (көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын ескере отырып) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
      салмағы 0,1 г-дан асатын топырақтың қатпарларын (6 объектіден көп) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
      ахуалды модельдеу әдістерін пайдалана отырып, арнайы химиялық заттардың із жасау механизмін зерттеу;
      физикалық-техникалық әдістер кешенін қолдана отырып, бүтінді бөлшектері бойынша анықтау;
      4) аса күрделі:
      түйіспелі қарым-қатынас фактісін анықтау;
      аймақтың жергілікті телімдерін, шығу тегі топырақтық-биологиялық объектілердің іздерінің пайда болу уақытын анықтау;
      талдаудың дәстүрлі емес әдістерін қолданумен дәстүрлі емес объектілерді зерттеу;
      ортақ пайда болуды, бірыңғай массаға тиістілігін анықтау, бүтінді бөлшектері бойынша анықтау сұрақтарын шешу мақсатында зерттеу;
      киімді сәйкестендірушілік және ахуалдық зерттеу: көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын қамтитын, объектілердің көнерген күйі;
      дәстүрлі емес әдістерді, мекеменің мәліметтер базасын қолдануды қажет ететін сараптамалық міндеттерді шешу, сырттан мамандарды қатыстыру;
      топырақтық-биологиялық-техногендік кешенге қатысты зерттеу (бұдан әрі – ТБТК);
      арнайы химиялық заттардың белгілі бір тобына, түріне, маркісіне жатқызу мақсатында арнайы химиялық заттарды (көп объектілі, оқиға орнының заттық күйінің әртүрлі тасымалдаушы-объектілерін – жеке заттарды, құжаттарды, заттарды, киімдерді және т.б. қамтитын) сәйкестендірушілік зерттеу;
      объектілердің нақты бір қылмыс оқиғасының жағдайларымен кеңістік-уақыт бойынша байланысын зерттеу.

8. Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының
сот сараптамасы

      14. Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу:
      1) жай:
      жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) жағдайларын ҚазССҒЗИ әзірлеген бағдарламалық пайдалана отырып (қосымша редакциялау қажеттігі болмағанда), автоматтандыру режимінде зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      қосымша редакциялау немесе ҚазССҒЗИ әзірлеген және қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламалық өнімдермен есепке алынбаған мәселелердің бөліктерін шешу қажет болған жағдайда ЖКО жағдайларының мәселелерін автоматтандырылған режимде шешу;
      3) күрделі:
      оқиға орнына шығумен байланысты зерттеу;
      автомобиль жолдарының элементтерін, көлік құралдарын зерттеу;
      4) аса күрделі:
      графикалық талдауды және ахуалды модельдеуді пайдаланып, ЖКО-ны зерттеу, талдау және жаңғырту.
      15. Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу:
      1) күрделілік дәрежесі орташа:
      көлік құралдарының өзара байланысқан бөліктерін, көлік құралдарының соқтығысу бұрышын, 2 көлік құралы және заттық жағдайды тиісті деңгейде шегендеп, барлық қажетті бастапқы мәліметтер болған кездегі алғашқы соқтығысу кезіндегі олардың өзара орналасуын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      көлік құралдарының соқтығысу орнын, олардың жолдың жүріс бөлігінде орналасуын, соқтығысу алдындағы динамикалық күйін, 2 көлік құралы және заттық жағдайды тиісті деңгейде шегендеп, барлық қажетті бастапқы мәліметтер болған кездегі ЖКО динамикасын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      2) күрделі:
      мәліметтердің жиынтығы және заттық жағдайды тиісті деңгейде шегендеу болмаған кездегі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген күрделілік дәрежесі орташа санаттағы сұрақтарды шешу мақсатында зерттеу;
      көлік құралының жүргізушісі маневр (бұрылыс/кері қарай бұрылыс) жасар алдын жолдағы жағдайды айқындау;
      3) аса күрделі:
      тек бір көлік құралы ғана ұсынылған кезде (көлік құралдары соқтығысқан жағдайда) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында зерттеу;
      ЖКО жасалған сәтте рульде отырған адамды анықтау;
      оқиға орнындағы іздер мен жаяу жүргіншінің киімі және аяқ киіміндегі іздер бойынша жаяу жүргіншіні басып кету орнын анықтау;
      түйісу сәтіндегі көлік құралына қатысты жаяу жүргіншінің орны мен қозғалыс режімін анықтау.
      16. Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу:
      1) жай:
      аспаптар базасын қолдана отырып (көлік құралын зертханалық жағдайда бөлшектеу қажет болмаған жағдайда) жарамды көлік құралдарының техникалық күйін зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      объектілер мөлшері аз болған кезде немесе көлік құралдарын зертханалық жағдайда бөлшектеу қажет болған кезде жүрмейтін көлік құралдарының техникалық күйін зерттеу;
      3) күрделі:
      шамдарды зерттеу;
      көлік құралдарының бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатында зерттеу (зертханалық жағдайда көлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бөлшектеу қажет болмаған кезде);
      4) аса күрделі:
      көлік құралдарының бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатында зерттеу (зертханалық жағдайда көлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бөлшектеу қажет болған кезде);
      көлік құралдары бөлшектерінің бұзылуының нақты себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу;
      ЖКО-на дейін/алдын пайда болған табылған ақау мен ЖКО-ның болу фактісі арасындағы себеп-салдар байланысын зерттеу.

9. Сот экономикалық сараптама

      17. Шаруашылық оперцияларын сот-сараптамалық зерттеу:
      1) күрделілік дәрежесі орташа:
      заңды тұлғаның жарғылық қорындағы құрылтайшының үлесін анықтау;
      есепке алуда есептік операцияның дұрыс көрінуін анықтау;
      материалдық құндылықтардың толық және уақытылы кіріске алынғанын анықтау;
      2) күрделі:
      қаржы-шаруашылық қызмет субъектісінің есептік қаржылық көрсеткішінің негізділігін анықтау;
      ақшаны өндіріс пен пайда шығындарына аударудың негізділігін анықтау;
      заңды тұлғалардың несиелік және дебиторлық берешектерінің сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылға дейін);
      3) аса күрделі:
      заңды тұлғалардың несиелік және дебиторлық берешектерінің сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылдан артық);
      еңбек ақы бойынша персоналмен есептесу бойынша несиелік берешек сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылдан артық).
      18. Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу:
      1) жай:
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АҚ) 353-бабына сәйкес соманы қайта есептеуді жүргізу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      қойылатын талаптарға сәйкес бухгалтерлік есептегі қаржылық-шаруашылық оперцияларының дер кезділігі мен көрсетілуінің толықтығын анықтау;
      3) күрделі:
      жекелеген атаулары бойынша материалдық құндылықтардың толық және уақытылы кіріске алынғанын анықтау;
      материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін есептеу операцияларының есепке алуда дұрыс көрсетілгенін анықтау;
      ақша қаражаттарының дер кезінде және толық кіріске алынғанын (есептелгенін) анықтау;
      ақша қаражаттарын төлеу және есептен шығару негізділігін анықтау;
      кем шығушылықтың, артық шығудың пайда болуына, ақша қаражаттарын негізсіз есептен шығаруға, басқа материалдық залалға әкелуге себеп болған немесе себеп болуы мүмкін немесе олардың дер кезінде пайда болуына кедергі келтірген ұйымдағы және бухгалтерлік есеп пен бақылауды жүргізудегі кем шығушылықты анықтау;
      материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының кем шығушылығы, артық шығуы фактісін анықтау үшін тексеру жүргізу кезінде бақылаудың барлық қажетті әдістерінің қолданылуын анықтау;
      кем шығушылық (артық шығушылық) пайда болған кездегі материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын жүргізген материалдық-жауапты адамдардың шеңберін анықтау;
      тауарлық-материалдық құндылықтардың (ТМҚ), (ақша қаражаттарының) кем шығушылық сомасын анықтау;
      төлемдер (еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы) бойынша берешектің мөлшерін айқындау;
      материалды-жауапты адамның есеп беруіндегі ақша қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың кем шығушылық сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін);
      шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепке алудағы және есеп берудегі көрінуін бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және есеп беруді құрастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін);
      тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және есептен шығару жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есепке алуда көрініс табуының дұрыстығын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін);
      тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысты айқындау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін);
      4) аса күрделі:
      кем шығушылықтың, артықшылықтың, ақша қаражаттарын негізсіз есептен шығарудың пайда болуына, басқа материалдық нұқсан келтіруге мүмкіндік туғызған немесе мүмкіндік туғыза алған немесе оларды дер кезінде табуға кедергі келтірген ұйымдағы және бухгалтерлік есеп пен бақылау жүргізудегі кем шығушылықты анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылдан артық);
      материалды-жауапты адамның есеп беруге міндетті ақша қаражаттары мен тауарлық-материалдық құндылықтарындағы кем шығушылық сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);
      шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруде көрініс табуының бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және есеп беруді құрастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);
      тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және есептен шығару жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есепке алуда көрініс табуының дұрыстығын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);
      тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысты айқындау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық).
      19. Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу:
      1) жай:
      дербес шоттарға қызмет көрсету (ашу, ақша қаражаттарының қозғалысы) жөніндегі операциялардың бекітілген талаптарға сәйкестігі;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      несиені (салынған депозиттерді) пайдаланғаны үшін пайызды есептеу негізділігін анықтау;
      несие ресурстарын пайдалану (мақсатты қолдану) негізділігін анықтау;
      3) күрделі:
      ақша қорлары мен несиелерді жұмсау кезіндегі бұзушылықты анықтау;
      несие алу үшін банкке көрінеу дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау.
      20. Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу:
      1) күрделілік дәрежесі орташа:
      салық құжаттамасын рәсімдеудің қойылатын талаптарға дұрыстығын анықтау;
      салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық және дер кезінде төлеуді анықтау;
      2) күрделі:
      негізгі құралдармен есептесу операцияларына салық салуды зерттеу;
      Қазақстан Республикасының резиденті еместерге салық салуды зерттеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден төлемдері мен салықтарын есептеуді зерттеу;
      акцизделетін тауарларға акциздерді есептеуді зерттеу;
      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді айқындау;
      3) аса күрделі:
      бағалы қағаздармен операцияларға салық салуды зерттеу;
      негізгі құралдармен есептесу операцияларына салық салуды зерттеу (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);
      Қазақстан Республикасының резиденті еместерге салық салуды зерттеу (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);
      салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық және дер кезінде төлеуді анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық).

10. Сот тауартану сараптамасы

      21. Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
      1) жай:
      бірлі-жарым объектілердің объектілерінің мөлшерлік (салмағын, жиынтықтығын және т.б.) сипаттамаларын зерттеу;
      бірлі-жарым объектілердің күнделікті сұраныстағы тауарларының құндық сипаттамаларын зерттеу;
      қарапайым объектілерді жіктеушілік зерттеу (күнделікті сұраныстағы тауарлар);
      2) күрделілік  дәрежесі орташа:
      объектілерді өндіруші елді анықтау;
      объектілердің құнын анықтау (нарықта таралмаған, мамандандырылған);
      объектілердің тозу дәрежесін анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары);
      сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚТН) кодын анықтау (таралған объектілердің);
      қарапайым объектілердің Мемстандартқа және техникалық шарттарға (бұдан әрі - ТШ) сәйкестігін анықтау;
      объектілерді өндіру тәсілін анықтау;
      қарапайым объектілерді қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары);
      3) күрделі:
      технологиялық құрал-жабдықтар мен эксклюзивті объектілердің (тозуды, бұзылуды, зақымдалуды ескерумен және ескерусіз) құнын анықтау;
      эксклюзивті объектілердің СЭҚТН кодын анықтау (таралмаған, мамандандырылған объектілер);
      объектілерді ұсынылған үлгілермен сәйкестендіру;
      тауарлардың сапасы мен жиынтықтығы жағынан Мемстандарттардың, ТШ-дың, Халықаралық стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін анықтау;
      объектілерді қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау (мамандандырылған техниканың);
      объектінің зақымдарының, ақауларының сипаты мен пайда болу себептерін анықтау (машиналар мен құрал-жабдықтардың, мамандандырылған техниканың);
      объектінің атауының, мөлшерінің, сортының, салмағының ілеспе құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін анықтау;
      4) аса күрделі:
      құрал-жабдықтардың, эксклюзивтік объектілердің, техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) жүргізу жөніндегі қызметтердің, жобаларды дайындаудың бағасын анықтау;
      құрал-жабдықтардың, мамандандырылған техниканың және қызметтердің Мемстандарттар мен ТШ-ға сәйкестігін анықтау;
      объектілерді (машиналар мен құрал-жабдықтарды, мамандандырылған техниканы, ауыр индустрия объектілерін) қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау;
      өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі бұйымдарды зерттеу кезінде объектілердің тауарлық түрін жоғалтуын анықтау.
      22. Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
      1) жай:
      бірлі-жарым объектілердің сапалық сипаттамаларын анықтау;
      бірлі-жарым объектілердің мөлшерлік сипаттамаларын анықтау;
      бірлі-жарым объектілердің құндық сипаттамаларын анықтау;     
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      бірлі-жарым объектілердің ТШ-ға, Мемстандарттарға және т.б.сәйкестігін анықтау;
      заттар мен материалдардың сот-сараптамасымен бірге кешенді сараптамаларда тауарлардың сипаттамаларын зерттеу;
      3) күрделі:
      азық-түлік тауарларының бірлі-жарым объектілерінің негіз болатын сипаттамаларын жиынтықты түрде (сапасын, мөлшерін, бағасын – 5 объектіге дейін) зерттеу;
      азық-түлік тауарларының тағамдық құндылығын анықтау;
      азық-түлік тауарларының Мемстандарт талаптарына және ТШ-ға сәйкестігі;
      азық-түлік тауарларының құнын анықтау (көпобъектілі);
      4) аса күрделі:
      тауарларды контрафактілік үшін зерттеу;
      өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі объектілерді зерттеу кезінде тауарлық түрін жоғалтуын анықтау;
      23. Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі:
      1) жай:
      ұсынылған көлік құралының сипаттамасын анықтау (моделі, маркасы, шығарылған жылы, жарақтандырылуы және т.с.с);
      ұсынылған көлік құралының амортизациялық тозуын анықтау;
      көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдары мен атаулары бойынша көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау;
      зерттеу объектісінің ұсынылған уақытынан екі жыл аспайтын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау;
      көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының қалдық бағасын анықтау;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      көлік құралына немесе детальдарына тексеру жүргізудің қажеттілігімен көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау;
      ұсынылған уақытынан екі жыл асатын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау;
      көлік құралдарын ұсынған кезде көлік құралы мен детальдарының қалдық бағасын анықтау;
      көлік құралының тауарлық түрін жоғалту құнын анықтау;
      3) күрделі:
      көлік құралын қалпына келтіру-жөндеу құнын анықтау;
      көлік құралын жөндеудің техникалық-экономикалық мақсатқа сайлығын анықтау;
      4) аса күрделі:
      көлік құралын қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстардың түрі мен олардың жөндеу технологиясына сәйкестігін анықтау.
      24. Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі:
      1) жай:
      құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылмалардың құнын анықтау;
      сақтау мерзімін есепке ала отырып құрылыс материалдарының қалдық құнын анықтау;
      құрылыс материалдарын, бұйымдарды, құрылмаларды сақтау мен оларды тасымалдау шарттарының стандарттардың, техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау;
      зерттеуге ұсынылған жылжымайтын мүлік объектісінің құнын анықтау.
      2) орташа:
      құрылыс бұйымдарының құнын олардың физикалық тозуын немесе нақты күйін есепке ала отырып анықтау;
      3) күрделі:
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттарының немесе имараттарының құнын анықтау;
      құрылысы аяқталмаған ғимараттар мен имараттардың құнын анықтау.
      25. Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
      1) жай:
      зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 5 данаға дейін;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау - 5-тен 10 данаға дейін;
      3) күрделі:
      зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 10-нан 20 данаға дейін;
      4) аса күрделі:
      зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 20-дан бастап және одан да көп дана.

11. Сот құрылыс сараптамасы

      26. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу:
      1) күрделілік дәрежесі орташа:
      жылжымайтын мүліктерді (пәтерлерді, жеке тұрғын үйлерді) қайта құру жұмыстарының нақты құнын анықтау;
      өрт немесе су басу нәтижесінде зақымданған үй-жай немесе пәтер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау;
      2) күрделі:
      су басу (өртену) нәтижесінде өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары мен имараттарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау;
      келесілерді анықтау бойынша міндеттерді шешу мақсатындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық - сметалық және есептік құжаттаманы, құрылыстың жеке объектілерін зерттеу:
      құрылысшылар мен тапсырысшылар арасындағы сметалық есептерде, өзара есептесулерде қолданылған бағаның дұрыстығы мен негізділігін;
      есептердің дұрыстығын және объект құнының нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлеміне сәйкестігін;
      белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын;
      құрылыс жобасының ғылыми-техникалық және экономикалық негізділігін;
      құрылыс барысында анықталған техникалық-экономикалық қателіктер, техникалық жобалардағы кемшіліктер;
      үй қожалығын қайта жабдықтау бойынша жұмыс түрлерін, бөлудің ұсынылған нұсқаларының әрқайсысы бойынша қайта жабдықтауға кететін материалдық шығынды анықтау;
      белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын, сондай-ақ құрылыс материалдарына шығындардың артуы және оларды есептеудің негізділігін анықтау;
      3) аса күрделі:
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылысшылар мен тапсырысшылар арасындағы сметалық есептерде, өзара есептесулерде қолданылған бағаның дұрыстығы мен негізділігін зерттеу;
      есептердің дұрыстығын және объект құнының өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттарында, имараттарында нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлеміне сәйкестігін зерттеу;
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын зерттеу;
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс жобасының ғылыми-техникалық және экономикалық негізділігін зерттеу;
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс барысында анықталған техникалық-экономикалық қателіктерді, техникалық жобалардағы кемшіліктерді зерттеу;
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын сапасыз орындау нәтижесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны мен көлемін анықтау;
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша жасалған сметалық құжаттамалардың мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау;
      өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыстарды, олардың бөліктерін тұрғызу жұмыстарын, жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағаны үшін құнның негізділігін анықтау.
      27. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу:
      1) жай:
      қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі - ҚНмЕ) сәйкес құрылыс - монтаждау немесе жөндеу - құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қолданудың дұрыстығын анықтау;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің санитарлық-техникалық күйін анықтау;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестігін анықтау;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      бөлмелерді қайта жобалау мүмкіндігін және жүргізілген жұмыстардың қолданыстағы ҚНмЕ-ге сәйкестігін анықтау;
      пәтерді су басудың себептері мен көзін анықтау;
      қалпына келтіру - жөндеудің (су басу, өрт және т.б. нәтижесінде) көлемін анықтау мақсатында көп қабатты тұрғын үйлердегі және жеке сектордағы пәтерлерді зерттеу;
      құрылыста материалдармен жұмыс істеу (жүктi тиеу-түсiру жұмыстары, өңдеу және т.с.) барысында оның сапасын өзгерткен факторларды анықтау;
      материалды пайдалану барысында оның сапасының өзгеру фактісін анықтау;
      салу және пайдалану кезінде ережелер мен нормалардың бұзылғанын анықтау мақсатында жеке үй құрылыстары мен жер телімдерін зерттеу;
      жеке үй құрылыстарында санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтау;
      жерді пайдалану тәртібін айқындау;
      3) күрделі:
      жеке үй қожалықтары мен жер телімдерін бөлу нұсқаларын анықтау;
      жүргізілген құрылыс-монтаждау, жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын, анықталған сәйкессіздіктерін көрсете отырып құрылыс материалдары мен бұйымдарының ҚНмЕ талаптарына жарамдылық сапасын анықтау;
      құрылыс материалдарын мақсатына сай қолданудың сәйкестігі мен негізділігін анықтау;
      жеке үй құрылыстары мен жер телімдерін келесілерді анықтау үшін зерттеу:
      ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану кезінде құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылғанын;
      санитарлық, өртке қарсы және пайдалану нормаларының бұзылғанын;
      4) аса күрделі:
      құрылыс барысында табылған техникалық қателіктерді, техникалық жобалардың кемшіліктерін анықтау;
      құрылыс құрылмаларының зақымдануының себептерін анықтау;
      техникалық жобалардың бұзылуы мен одан келген зардаптың (құрылыстың сапасыздығымен және апатпен, бақытсыз жағдаймен) арасындағы себептік байланысты анықтау;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі апаттың техникалық себептерін анықтау;
      жобада белгіленген құрылыс құрылымына түсетін салмақтың (күш салудың) негізділігін анықтау;
      жобада қолданылған құрылыс материалдарының негізділігін, олардың беріктігі мен жобалау құжаттамаларына сәйкестігін анықтау.

12. Компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы

      28. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу:
      1) жай:
      файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің бар болу, жоқ болу фактісін анықтау (бір объектіге қатысты);
      файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (бір объектіге қатысты);
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің бар болу, жоқ болу фактісін анықтау (3 объектіден көп емес мөлшерде);
      файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (3 объектіден көп емес мөлшерде);
      дербес электрондық есептеу машиналарының (бұдан әрі - ДЭСМ) техникалық күйін анықтау (3 объектіден көп емес мөлшерде);
      жойылған файлдарды қалпына келтіру (1 объектіден көп емес мөлшерде);
      Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпаратты анықтау (1-2 данаға дейінгі мөлшерде);
      3) күрделі:
      файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің бар болу, жоқ болу фактісін анықтау (3 объектіден көп мөлшерде);
      файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (3 объектіден көп мөлшерде);
      ДЭСМ - нің техникалық күйін анықтау (3 объектіден көп мөлшерде);
      жойылған файлдарды қалпына келтіру (3 объектіден көп емес мөлшерде);
      нұсқаларды, жиынтықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді қондырудың әдістерін анықтау (5 данаға дейінгі мөлшерде);
      ДЭСМ - нің техникалық күйін анықтау (барлық функционалдық блоктарымен бірге 3 жиынтықтан артық мөлшерде);
      бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау (5 данаға дейін);
      Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпараттарды анықтау (3 объектіден көп мөлшерде);
      зиян келтіретін бағдарламалардың бар болуы мен олардың неге арналғанын анықтау;
      4) аса күрделі:
      ұсынылған компьютермен Интернет жүйесінде жұмыс істеу фактісін анықтау;
      Интернет жүйесіне кіру күнін анықтау;
      ұсынылған компьютерден кіру жүзеге асырылған сайттарды, сонымен қатар ұсынылған компьютерлерден белгілі бір сайттарға кіру жүзеге асырылған көздің күні мен уақытын анықтау.

13. Сот өрт-техникалық сараптама

      29. Сот өрт-техникалық сараптама:
      1) жай:
      электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде);
      заттар мен материалдардың өздігінен жану мүмкіндігін анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде);
      үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде);
      өртенген заттар мен материалдарды қалпына келтіру (5 объектіден кем);
      тасымалдаушы-объектілерде мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының болуын анықтау;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      өрт ошағын және жанудың таралу бағытын анықтау мақсатында құрылымдарды зерттеу (15 объектіге дейінгі мөлшерде);
      электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
      заттар мен материалдардың өздігінен жану мүмкіндігін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
      үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
      электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу;
      өртенген заттар мен материалдарды олардың қалдықтары бойынша қалпына келтіру (5 объектіден артық);
      мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының түрін анықтау;
      3) күрделі:
      өрт механизмін сараптамалық қалпына келтіру;
      мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының нақты көлемін сәйкестендіру;
      заттар мен материалдардың өздігінен жануын зерттеу;
      үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіден көп мөлшерде);
      өрттің шығу көзінің табиғатын анықтау мақсатындағы зерттеу;
      4) аса күрделі:
      мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының нақты көлемін сәйкестендіру;
      заттар мен материалдардың өздігінен жануын кешенді зерттеу.

14. Сот жарылыстехникалық сараптама

      30. Сот–сараптамалық жарылыстехникалық зерттеу:
      1) жай:
      жарылғыш заттың табиғатын анықтау;
      оқ-дәрілердің типін, олардың тактикалық-техникалық және құрылымдық мәліметтерін анықтау;
      2) күрделілік  дәрежесі орташа:
      қолдан жасалған жарылғыш құралдары дайындау тәсілін (құрылымын, материалдарын) және оның жұмыс істеу принципін анықтау;
      жарғыш жүйесінде, жарғыш құралдарында жарылыстың болмау себебін анықтау;
      апатты жағдайдың пайда болу себебі мен жарылыстың тікелей техникалық себептерін анықтау;
      3) күрделі:
      жарылғыш заттардың пайда болуының бірыңғай көзін анықтау;
      жарылыс механизмін қалпына келтіру мақсатында жарылыс іздерін (жарылғыш заттардың қолданылуын және олардың мөлшерін, жарғыш құрылғысының түрі мен құрылымын, жарылыс ошағын және т.б.), жарылысқа дейінгі материалды жағдайдың түрі мен қасиетін зерттеу;
      жарылыс объектісі немесе онымен технологиялық тұрғыдан байланысты болған құрал-жабдықтардың техникалық күйін анықтау және бағалау;
      4) аса күрделі:
      жарылыс механизмін қалпына келтіру мақсатында жарылыс іздерін, жарылысқа дейінгі материалды жағдайдың түрі мен қасиетін кешенді зерттеу.

15. Есірткі  құралдары, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың сот сараптамасы

      31. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот сараптамалық зерттеу:
      1) жай:
      сараптама нәтижелерін автоматтандырылған құралдар арқылы рәсімдеуді пайдалана отырып, қолдан дайындалған есірткі құралдарын диагностикалық зерттеу (20 объектіден көп емес);
      есірткі құралдары мен психотроптық заттарды (табиғаты әртүрлі 10-нан 20-ға дейінгі объектілер); таңбалық мәліметтер мен салыстырмалы үлгілері болған кезде фармацептикалық препараттарды (5 объектіден көп емес) диагностикалық зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      қолдан дайындалған есірткі құралдарын диагностикалық зерттеу (20-дан бастап және одан да көп объектілер);
      белгісіз есірткі құралдары мен психотроптық заттардың табиғатын анықтау;
      3) күрделі:
      мөлшерлік анықтауды қамтитын есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сәйкестендірушілік зерттеу;
      көп мөлшерлі сұрақтары бар көп нысанды сараптамалар;
      ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеу;
      4) аса күрделі:
      мөлшерлік анықтауды қамтитын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сәйкестендірушілік зерттеу.

16. Сот биологиялық сараптама

      32. Сот-сараптамалық биологиялық зерттеу:
      1) жай:
      биологиялық жаратылысты қатпарларды анықтау және өсімдік немесе жануарлар тобына жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;
      2) күрделілік  дәрежесі орташа:
      биологиялық, зоологиялық және жіктеудің басқа түрлері бойынша объектілердің нақты түрін анықтау;
      объектілерді бір түрге, текке, тұқымдастыққа жатқызу мақсатында салыстырмалы зерттеу;
      із пайда болу механизмінің, болаттың, вегетацияның сақталу дәрежесінің белгілері бойынша олардың жалпы топқа тиістілігін анықтау;
      3) күрделі:
      салыстырылып жатқан объектілердің ортақ тектік, топтық тиістілігі сұрағын шешу бойынша сәйкестендірушілік зерттеу;
      4) аса күрделі:
      салыстырылатын объектілердің біртұтастыққа жататындығы туралы сұрақты шешу бойынша сәйкестендірушілік зерттеу;
      объектілердің бір массаға (шикізатқа, жартылай өнімге, өсімдік және жануар шикізатынан өңделген өнімдер) тиістілігі туралы сұрақты шешуге бағытталған зерттеулер;
      аймақтағы жер телімін анықтау бойынша кешенді зерттеу (ТБТК объектілері);
      ТБТК объектілерінің қатпарларының шығу көзін анықтау бойынша диагностикалық міндеттерді шешу;
      зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты оқиғасы жағдайларымен кеңістік-уақыттық байланысын анықтау.

17. Cот молекулярлық-генетикалық сараптама

      33. Cот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу:
      1) күрделі:
      қан үлгілері және букальды эпителийлер бойынша биологиялық әкелікті анықтау;
      қан үлгілері және букальды эпителийлер бойынша биологиялық аналықты анықтау;
      2) аса күрделі:
      адамды сүйек қалдықтары бойынша сәйкестендіру;
      белгілі бір адамдардан алынған, заттардағы және т.б. адам қанының, сілекейінің, ұрығының, шашының, ұлпаларының қатпарларын зерттеу;
      сүйек қалдықтары бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау;
      түсік материалдары бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау.

18. Сот психологиялық-криминалистикалық сараптама

      34. Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу:
      1) жай:
      шектеулі көлемде келіп түсетін, порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:
      ойын картасын - 5 колодаға дейінгі;
      бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, дербес қалта компьютерін (бұдан әрі - ДҚК) - 2 данаға дейінгі;
      фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 5 данаға дейінгі;
      журналдарды, газеттерді - 2 данаға дейінгі;
      кітаптарды – 1 данаға дейінгі мөлшерде зерттеу;
      2) күрделілік дәрежесі орташа:
      шектеулі көлемде келіп түсетін порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:
      ойын картасын - 10-15 колодаға дейінгі;
      бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 3-5 данаға дейінгі;
      фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 5-10 данадан көп;
      журналдарды, газеттерді - 5 данаға дейінгі;
      кітаптарды – 2-4 данаға дейінгі (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай) мөлшерде зерттеу;
      3) күрделі:
      порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:
      ойын картасын - 15-ке дейін және одан көп колода;
      бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 5 данадан бастап және одан да көп;
      фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 10 данадан бастап және одан да көп;
      журналдарды, газеттерді – 5 данадан бастап және одан да көп;
      хаттарды, өзге де авторлық қолжазбалардың нұсқаларын 5 данадан бастап және одан да көп;
      кітаптарды – 5 данадан бастап және одан да көп (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай);
      ойын бағдарламаларын – 1 данадан бастап және одан да көп;
      өзге стандартты емес объектілерді – 1 данадан бастап және одан да көп;
      порнографияны, зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын белгілердің бар/жоқ екендігін анықтау, объектілерді эротикалық/порнографиялық/зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын топқа жатқызу – 1 бейнетаспадан артық емес мөлшерде зерттеу;
      тасымалдаушы – объектілерге түсіріліп алынған (көзбен шолынатын, ауызша айтылған) әрекеттердің мағыналық мазмұнын анықтау;
      4) аса күрделі:
      порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:
      бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 15 данадан бастап және одан да көп;
      фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 30 данадан бастап және одан да көп;
      журналдарды, газеттерді - 10 данадан бастап және одан да көп;
      хаттарды, кез келген өзге авторлық қолжазба нұсқаларын – 10 данадан бастап және одан да көп;
      кітаптарды - 10 данадан бастап және одан да көп (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай);
      ойын бағдарламаларын - 1 данадан көп;
      өзге стандартты емес объектілерді - 1 данадан көп мөлшерде зерттеу;
      объектілерді - нақты адамның күйі мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезеңі, тергеу әрекеттері – жауап алу, оқиға орнында түсініктерді тексеру, ұстау және т.б. жазылған бейнежазбаларды - 1 данадан көп көлемде зерттеу;
      адамның физиологиялық және психологиялық күйін өзгерту мақсатында, оған әртүрлі тәсілдермен ықпал жасау фактісін анықтау;
      адамның физиологиялық және психологиялық күйінің, өзінің жасаған әрекеттерінің барысында, не болмаса оған қандай да бір тәсілдермен ықпал жасау нәтижесінде өзгеру фактісін анықтау – 5-20 данадан артық емес.

19. Сот психологиялық-филологиялық сараптама

      35. Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу:
      1) күрделі:
      мәтіннің жалпы бағыттылығын анықтау;
      басылымның мазмұнын түсінуге жалпының қолжетімділігін, онда жасырын, жанама ниет бар/жоқтығын айқындау;
      мәтіннің жанрлық, стилистикалық, композициялық ерекшеліктері, лексикалық-фразеологиялық тәсілдерін анықтау;
      сөйлеу дағдысы, тілдік қалыптарды зерттеу;
      материалдың мәтіні бойынша қолданылатын сөздер мен сөз айналымдарының семантикалық мағынасын зерттеу;
      материалдардың адамның (бір топ адам) эмоциялық, жігерлік өрісіне әсер етуінің психологиялық аспектісін зерттеу;
      адамның, не бір топ адамның күйіне, пікіріне, ойына, мінез-құлығына әсер ету мүмкіндігі бар материалдарды ақпарат ретінде баяндау стилін, үлгісін зерттеу;
      2) аса күрделі:
      сөз мәтінінде ұлтаралық және діни араздықты, алауыздықты қоздыру, ұлттық және діни құндылыққа тіл тигізу, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп құлату немесе өзгерту, не болмаса тұтастығына күштеп бұзуға шақыру белгілері бар сөйлеген сөздердің, пікірлердің бар/жоқ екендігін зерттеу;
      материалдарда қамтылған ақпараттарға сәйкес олардың белгілі бір діни бағытқа, ағымға (Ислам мұсылман діні, христиандық, буддизм, сондай-ақ әртүрлі сектанттық көріністер шеңберінде) жататындығын зерттеу;
      сөз мәтінінде жеке және заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне қатысты қорлау сипатындағы айтылған сөздердің, пікірлердің болуы/болмауын зерттеу.