Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 49 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6204 болып енгізілді

Жаңартылған

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                           Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2010 жылғы 29 наурыздағы   
№ 49 қаулысына        
қосымша           

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесі

      Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 тіркелген, 2005 жылғы 19 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 101-102 (726) санында жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      кіріспедегі:
      «қызметі туралы» деген сөздерден кейін «2000 жылғы 18 желтоқсандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      «есеп беру туралы» деген сөздерден кейін «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      «қоғамдар туралы» деген сөздерден кейін «2003 жылғы 13 мамырдағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын.
      2. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықта:
      1-тармақтағы:
      «қамсыздандыру туралы» деген сөздерден кейін «1997 жылғы 20 маусымдағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      «қадағалау туралы» деген сөздерден кейін «2003 жылғы 04 шілдедегі» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      «есеп беру туралы» деген сөздерден кейін «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын.
      3. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2953 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы маусымда № 15 санында, 105-құжатта жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде:
      9-тармақтағы:
      «2008 жылғы 22 тамыздағы № 118» деген сөздер мен цифрлар «2009 жылғы 5 тамыздағы № 181» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын;
      «5322» деген цифрлар «5793» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде:
      кіріспедегі «Инвестициялық қорлар туралы», «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі және «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын.
      6. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4164 тіркелген):
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлердің жарғы капиталының барынша төмен мөлшері Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысында белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233).».
      7. <*>
      7-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 134 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. <*>
      Ескерту. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Агенттік Басқармасының «Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi капиталы жеткiлiктiлiгi коэффициенттерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс берушi акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетiн, ашық жинақтау зейнетақы қорының iрi қатысушыларын қолдау жөнiндегi шаралар туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 246 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5542 тіркелген, 2009 жылғы 6 наурыздағы «Заң газеті» газетінде № 35 (1458) санында жарияланған, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 5 санында жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс берушi акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетiн ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi капиталы жеткiлiктiлiгi коэффициенттерiн қолдау жөнiндегi шаралар туралы нұсқаулықта:
      5-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5789 тiркелген) (бұдан әрi - № 180 қаулы), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5793 тiркелген) (бұдан әрi - № 181 қаулы), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5810 тiркелген) (бұдан әрi - № 215 қаулы) белгiленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциалдық нормативтерiн сақтауын тексеру мақсатында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiгiн талдау негiзiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйiн тоқсан сайын бағалау, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi капиталы жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң төмендеуiне ықпал ететiн тәуекелдердi бағалау;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi нұсқаулықты бекiту» 2009 жылғы 7 шілдедегi № 135 қаулысымен (2009 жылғы 20 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 тіркелген) белгiленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорындағы тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуына жыл сайынғы бақылау, оның iшiнде көрсетiлген талаптар жүйесiне сәйкестiгiне баға беру;»;
      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «№ 117 қаулымен, № 118 қаулымен, № 119 қаулымен» деген сөздер мен цифрлар «№ 180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 215 қаулымен» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «№ 117 қаулымен, № 118 қаулымен, № 119 қаулымен» деген сөздер мен цифрлар «№ 180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 215 қаулымен» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын;
      11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «№ 117 қаулымен, № 118 қаулымен, № 119 қаулымен» деген сөздер мен цифрлар «№ 180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 215 қаулымен» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын.
      11. Агенттік Басқармасының «Ислам банктерiне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтiк мәндерi және есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктерiне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтiк мәндерi және есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      7-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының резиденті емес-» деген сөздер алынып тасталсын.
      12. <*>
      Ескерту. 12-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.