Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 17 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6181 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2012.11.12 № 134 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай статистикалық есепті одан әрі жетілдіру мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5854 тіркелген):

      аталған бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      1-тармақта "мемлекеттік органдарға бірыңғай" сөздерінен кейін тұрған "әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысы заңды күшке енген" сөздері алып тасталсын;

      4-тармақта:

      екінші бөлімдегі "Әскери басқармада" сөздер "Комитеттің әскери басқармасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліммен толықтырылсын:

      "ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері анықтаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитет басқармаларында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.";

      7-тармақта:

      екінші бөлімдегі екінші сөйлем келесі мазмұнда жазылсын:

      "Ішкі істер органдары үшін 22-29 деректемелер толтырылуы қажет";

      екінші бөлімнен кейінгі үшінші бөлім келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "Қаулы шығарылған соң, соттар аталған деректемелерді толтырады және жоғарыда аталған АЕҚ сот қабылдаған шешім туралы мәліметтерді АЕҚ-на енгізу үшін әкімшілік практика субъектілеріне жолдайды.";

      8-тармақтағы "(есептік тоқсан айының 30 санына дейін)" деген сөздер мынадай сөздермен ауыстырылсын "(келесі есептік тоқсан айының 10 санына дейін)";

      9-тармақтың төртінші және бесінші бөлімінде "басқармаға", "Басқармалармен" деген сөздер "әкімшілік практика субъектісіне", "Әкімшілік практика субъектісімен" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      10-тармақ келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "Егер қаулы заңды күшіне енген күннен бастап, бір жыл мерзім ішінде, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулысы бойынша заңды күшіне енген күннен 5 жыл мерзім ішінде қаулы орындалмаса, ҚРӘҚтК 703-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы белсенді есепке алынудан шығарылуы керек.";

      15-тармақтың екінші бөлімінде "3.1", "3.2" сандарынан кейін "күні" сөзімен толықтырылсын;

      21-тармақта "10-шы деректемеде" сөздерінен кейін ", ал соттар үшін сот органдарына түскен күні 10.1-ші деректемеде" сөздерімен толықтырылсын;

      келесі мазмұнда 29-1-тармағымен толықтылырсын:

      "29-1. 19-деректемеде ҚРӘҚтК 672-бабына сәйкес наразылық шығарылған күні, ал 20-деректемеде оның қарау қорытындысы көрсетіледі. 19 және 20-деректемелерді соттардың БААТЖ-нен деректерді шығарған кезде, бірінші сатылы соттар толтырады.";

      30-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "30. Соттардың БААТЖ-нен апелляциялық сатылы соттың қарау нәтижесі туралы осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес №2-АП нысанды ЕАҚ шығарылады."

      31-тармақта:

      "17" саны "21" санымен ауыстырылсын;

      "Сол сияқты 17.1. деректеме– сот қызметкерлеріне қатысты." сөйлемі алып тасталсын;

      32-тармақта "18", "25" сандары "22", "29" сандарымен ауыстырылсын;

      33-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "33. Электронды №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру "жеке тұлғалар үшін "Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жері, ЖИН" деректемелерін немесе заңды тұлғалар үшін "Заңды тұлға атауы", "Салық төлеушінің тіркеу нөмірі, БИН, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы" деректемелерін толтырудан басталады. Заңды тұлғалардың деректері кодтары көрсетілген заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерліктердің нысандары түрлерінің толық анықтамалығын экранға шығару жолымен толтырылады. Жеке кәсіпкерге АЕҚ-ын толтыру жеке тұлға үшін толтыру түріне ұқсас келеді.

      "Заңды тұлға атауы, заңды мекенжайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деректемесі қысқартуларсыз, материалда (хаттамада, істе) көрсетілген мәліметтерді енгізе отырып толтырылады.

      Жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты мәліметтерді енгізу барысында жеке және заңды тұлғаларға қатысты мәлімет енгізуге арналған кіріспелер жасырылады.

      Жеке және заңды тұлғалардың бекіту мәліметтерін толтырғаннан соң, бағдарлама соңғыларын жойып тастамау әдісімен, түзетулер енгізу мүмкіндігімен енгізілетін тұлғаларға қатысты мәліметтердің бар екендігі туралы анықтамаларды ұсынады, сонымен қатар мәліметтердің сақталуы толық жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттардың енгізілуі "Жаңа кәртішке" терезесінде жүргізіледі".

      Электронды форматта толтырудың бірінші деректемесі құқық бұзушылықты анықтаған "орган" деректемесі болып табылады. Аталған деректеме ведомство кодын таңдау жолымен толтырылады. Кодтары көрсетілген әкімшілік субъектілердің толық анықтамалығын шақыру тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.

      "Соның ішінде мемлекеттік органның бастамасымен", "Жасалған орны" және "Материалды қараған орган" деректемелер бөліктері ел аймақтарының немесе әкімшілік практика субъектілерінің толық анықтамалығы көмегімен ведомство кодын сәйкестендіріп қою жолымен толтырылады.

      Әкімшілік материалдарды сот органдарына жіберген кезде негіз (хаттама, түбіртек, қаулы, материал, іс, ұйғарым және т.б.) көрсетіле отырып, 3.2-деректеме толтырылады.

      "Материал нөмірі және басталу күні", "Істі қараған тұлғаның аты-жөні", "Тіркеудің күні мен нөмірі" және "ҚСжАЕК келіп түсу күні" № 1-ӘҚ нысанды АЕҚ көрсетілген мәліметтерді енгізумен немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдармен (хаттама, іс) толтырылады. Ведомстволық деректер банкі бар әкімшілік практика субъектілері "ҚСжАЕК келіп түскен күні" деректемесін толтыру барысында, онда АЕҚ енгізуінің нақты күнін белгілейді. Материалдарда әкімшілік істі қозғап, қылмыстық істен бас тарту туралы мәліметтер болған кезде, "Бас тарту материалының нөмірі және ҚІҚБТ күні" толтырылады. "Субъект", "Кәсібі", "Біліктілік" және "Кінә нысаны" деректемелері әкімшілік практика субъектілерінің кодификациялық тізбесін, ҚРӘҚтК баптарының тізбесін қамтитын анықтамалықтарды тармақтар мен тармақшаларға бөле отырып, сонымен қатар кінә нысандары түрлерін пайдаланып толтырылады.

      "Құқық бұзушылық біліктілігі" деректемесінде тармақты немесе тармақшаны көрсету қажет болған жағдайда, енгізу барысында олардың алдына "0 (нөл)" саны қойылады. Мысалы, 79-5-бап, 2-бөлім 079502 түрінде, 532-бап, 1-бөлім 532001 түрінде белгіленеді.

      Құқық бұзушылық фабуласы толық аяқталған сөздермен толытырылады. Өткен жылдардағы кәртішкелерді, оларда құқық бұзушылықтар фабулаларының жоқтығын ескере отырып түзеткен кезде, ҚРӘҚтК баптарының атаулары жазылады.

      "Негізгі жазалау шаралары", "Қосымша" және "Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары" деректемелері де қандай да бір жазалау шаралары сәйкес келетін кодты тышқан тетігінің оң жақ батырмасын басу арқылы қойып, экранға жаза түрлерін белгілеп, тек жоғарыда көрсетілген баптарға қатысты қолданылатын толық анықтамалықты шығару үшін толтырылады.

      Мысалы, ӘҚБК 423-бабын көрсету барысында, анықтама "айыппұл", "тұтқынға алу", "рұқсаттамадан айыру (тоқтату)" деректемелерінен тұратын болады, себебі аталған баптың диспозициясы тек осы жазаларды тағуды көздейді.

      "Келтірілген шығын сомасы", "Мемлекет пайдасына өндірілген", "Салынған айыппұл мөлшері" және "Өтелген айыппұл мөлшері" деректемелері материалдарда (хаттама, істе) нүкте және үтірсіз теңге түрінде көрсетілген сомаларды көрсетумен толтырылады.

      Мемлекеттеке келтірген шығын сомасы сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі және т.б. саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда көрсетіледі.

      АЕҚ сомманы төлеу және толық өтеу туралы мәліметтерді бір мезгілде көрсеткенде, әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуы жөніндегі ескерту толтырылмайды.

      Егер әкімшілік практика субъектісі ҚРӘҚтК 641-бабына сәйкес әкімшілік істі қысқартса, "Қысқартқан күні" 11.4 деректемесіне белгі қойылады.

      "Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны" деректемелері кәртішкеде, материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген мәліметтер бойынша толтырылады.

      "Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны", "Заңды тұлға/жеке кәсіпкерлік атау", "заңды мекенжай", "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деректемелері заңды тұлғаның мәліметтерін енгізген кезде толтырылады.

      "Кәртішкені толтырған тұлғаның аты-жөні және лауазымы" деректемесі аты-жөнін, лауазымын қысқартусыз толтырылады.

      1-АП электрондық кәртішкесінің 6 және 7-парақтары ішкі істер органдарының толтыруына арналған.";

      35-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "35. Шағым немесе наразылық бойынша сотқа түскен әкімшілік іс бойынша БААТЖ-нен (Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі) сандық форматта соттар ұсынған мәліметтер № 2-АП нысанды АЕҚ-қа шығарылады.";

      Нұсқаулыққа қоса берілген 1, 2 және 3 қосымшалар осы бұйрыққа қоса берілген 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын:

      2) күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 2012.09.24 № 113 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 2012.09.24 № 113 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеулуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

      3. Осы бұйрықтық орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен соң қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

Қ. Мәми


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2010 жылғы 17 наурыздағы
№ 17 бұйрығына 1-қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін құру туралы"
Нұсқаулыққа № 1-қосымша

1-ӘҚ нысанды Әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу кәртішкесі

1.______________________________________________________________

құқық бұзушылықты анықтаған органның аталуы

1.1.____________________________________________________________

соның ішінде, мемлекеттік орган бастамасы бойынша

2.______________________________________________________________

құқық бұзушылық жасалған орын

3.______________________________________________________________

істі, материалды (хаттаманы) қарастырған

өкілетті орган

3.1. ведомстволығы (соттылығы) бойынша түскен күні "__" __ 20_ж.

3.2. Сот органдарына қарау үшін жолдаған күні "__" _____ 20__ ж.

4. Істегі материалдың (хаттаманың) нөмірі ____________________

басталған күні "___"______________20__ж.

4.1. бас тарту материалының нөмірі________________________

ҚІҚБТ күні "___"_______________20__ж.

5. _________________________________________

істі қараған лауазымды тұлғаның аты-жөні

6. Тіркеу күні "___"___20 ж.

6.1. "__"__________20__ж. №______________

тіркелген күні және әкімшілік практика

субъектісінің тіркеу нөмірі

7. ҚСжАЕКБ келіп түскен күні "__"___________ 20__ж.

Түзету күні "__"_____________ 20__ж.

8. Субъект: жеке тұлға "1";

жеке кәсіпкер "2"; заңды тұлға "3"; шетел заңды тұлғасы "4";

шетелдік қатысудағы заңды тұлға "5"; лауазымды тұлға "25"; "26" лауазымды тұлғаға теңестірілген;

8.1.орган қызметкерлері: ӘМ ҚАЖК "6"; қаржы полициясы "7"; ішкі істер "8"; қорғаныс министрліктері "9"; ұлттық қауіпсіздік "10";  еден қызметі "11"; шекара қызметі "12"; прокуратуралар "13"; салық қызметі "14"; Төтенше жағдайлар министрлігі "15"; ҚР ІІМ ішкі әскер "16"; Республикалық Гвардия "17"; соттар "18";Әкімдер "19";  епутаттар "20"; Президенттікке үміткерлер "21"; сот орындаушылары "22"; басқа да мемлекеттік құрылымдар "23"; арнайы қызметтер "24";

Соттың басқа да қызметшілері "56", ҚМ техникалық қызметі "56", министрліктер қызметшілері: әділет "51", қаржы "27", білім және ғылым "28", ауыл шаруашылық "29", сыртқы істер "30", энергетика және минералды ресурстар "31", денсаулық қорғау "32", индустрия және сауда "33", қоршаған ортаны қорғау "34", экономика және бюджеттік жоспарлау "35", туризм және спорт "36", мәдениет және ақпарат "37", еңбек және халықты әлеуметтік қорғау "38", көлік және коммуникация "39";

агенттік қызметшілері: статистика бойынша "40", жер ресурстарымен басқару "41", табиғи монополиялары реттеу "42", қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу "43", мемлекеттік істер бойынша "44", ақпараттандыру және байланыс "45", Алматы қаласы аумақтық қаржы қызметін реттеу бойынша "46", Ұлттық космостық агенттік "47"; Ұлттық банк "48", Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау бойынша есеп комитеті "49", әкімдіктер қызметкерлері және олардың құрылымдық бөлімшелері "50", өзге де мемлекеттік құрылымдар қызметшілері "23", лауазымды тұлға "25", лауазымды тұлғаға теңестірілген "26", бәсекелестікті қорғау "52", басқалар "53", жұмыс істемейтіндер "54".

9. Құқық бұзушылық дәрежесі Қазақстан Республикасы

ӘҚБК_____бабы_______б._____т.

9.1. Кінә нысаны: "1" - қасақана, "2" - абайсыздықта.

9.2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған (анықталған) күні "____"__________ 20__ж.

9.3. Құқық бұзушылық фабуласы

10. Әкімшілік істі қарастырған күн

10.1 Сот органдарына түскен күні "__" 20 ж ________________

"__"_____________________ 20___ж.

11. Жазаның әкімшілік шаралары (ҚР ӘҚБК 46, 57-баптары):

11.1. негізгі: "01" - ескерту; "02" - айып; "03" - тұтқын;

"04" - арнайы құқықтан арылу; "05" - рұқсаттан арылу/тоқтатылу; "06" - жеке кәсіпкер және заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы/тыйым салынуы; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.

200__жылдың "___"_____________ мерзіміне дейін.

11.2. қосымша: "08" - алып қойылған; "09" - кәмпескелеу;

"10" - мәжбүрлік алым; "04" - арнайы құқықтан арылу;

"05" - рұқсаттан арылу/тоқтатылу;

"06" - жеке кәсіпкер және заңды тұлға қызметінің тоқтатушы/тыйым салынуы;

"07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.

2005 жылдың "___"_____________ мерзіміне дейін.

11.3. әкімшілік - құқықтық: "12" - жол жүру ережелерін білуді тексеру; "13" - мед. сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

11.4. Әкімшілік өндірістің қысқартылған күні "___"______

12. Мемлекетке келтірілген зиян сомасы _________________ теңге

12.1 Мемлекет пайдасына өндіріп алынғаны _______________ теңге

13. Салынған айып мөлшері__________ теңге

13.1 Өтелінген айып мөлшері_________ теңге

13.2. Қаулының мәжбүрлеп орындау үшін ҚР ӘҚБК 708, 709 бабы тәртібінде қабылдау күні "___"_____20__ ж.

13.3. Сотпен мәжбүрлеу арқылы ҚР ӘҚБК 708, 709 бабы тәртібінде қаралған күні "___"______20___ ж.

13.4. Мәжбүрлеу тәртібінде өтелген айыппұл мөлшері сомамен

14. /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/

 (әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның аты-жөні)

14.1 "____"__________ 19__ж.

тұрғылықты жері _______________________________________________

_______________________________________________________________

14.2 Жеке басын куәландыратын құжат:

"1" - паспорт, "2" - жеке куәлік, "3" - тұрғылықты мекеннің түрі, "4" - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, "5" - жүргізуші куәлігі, "6" - әскери билет №_______берілген "___" _________ ______ж.

________________________________________________________________

(кіммен берілген)

14.3 ЖСН______________________СТН __________________

14.4 Құқық бұзушының жынысы: "1" - ер; "2" - әйел

14.5 Құқық бұзушылық жасалды: "1"-ҚР азаматымен; "2"-ТМД азаматымен; "3"-шетел азаматтарымен; "4"-азаматтығы жоқ тұлғамен

14.6 Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны________

(керегін сызып қою) (нақты белгілеу)

14.7 Жағдайда: алкогольдік "1"; есірткілік "2"; уытқұмарлық мас күйінде "3".

15. Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

коммерциялық ұйым "1" - БП, шаруашылық серіктестік - "2", "3" - АҚ, "4" - ӨК, "5" - өзге;

коммерциялқ емес: "8" мекеме, "09" қоғамдық бірлестік, "10" мемлекеттік мекеме, "11" өзге нысан.

16. Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің аталуы

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

заңды мекен-жайы _________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

СТН ______________________________________________________________

БСН ______________________________________________________________

19. Қаулы: наразылық білдірілді

(ҚРӘҚтК 672-бабы) "__"__________ж.

20. Қарау нәтижесі:

"1"-бас тартылған; "2"-өзгертілген; "3" - өзгеріссіз

21. Қызметкердің аты-жөні, лауазымы, қолы, толтырған күні

____________________________________________

"___"____________________20___ жыл

Ескерту: 19 және 19.1-жолдарды бірінші сатылы соттар толтырады


ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫМЕН ТОЛТЫРЫЛАДЫ

22. ІІО қызметкерлерімен анықталды: полицияның учаскелік инспекторларымен /1/, кәмелет жасқа толмағандар істері бойынша инспекторымен /2/, патрульдік полиция /3/, лицензиялық рұқсаттама жұмысы қызметкерімен /4/, табиғат қорғау және мал-дәрігерлік полиция қызметкерлерімен /5/, көші-қон полициясы қызметкерлерімен /6/, арнайы мекемелер қызметкерлерімен /7/, мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерімен /8/, жол полициясы қызметкерлерімен /9/, өзге де ІІО қызметтері қызметкерлерімен /10/.

23. Тұлға ІІО есепке алынды: бұрын сотталған /1/, ІІО әкімшілік қадағалауында тұрған /2/, Алкогольдік ішімдікке байланысты ауруға шалдыққан, денсаулық қорғау мекемелерінде есепке алынған /3/, қылмыстық-мерзімінен бұрын босатылған тұлға /4/.

24.Көлік түрі: "01" - жеңіл, "02" - ауыр, "03" - автобус, "04" - өзге.

25. Көлік маркасы: ______________________________

26. Көліктің мемлекеттік нөмірі __________________

27. Көлік двигателінің, кузовының нөмірлері ___________________

28. Көліктің меншіктілігі "01"-жеке, "02"-мемлекеттік, "03"-өзге

29. Жүргізу куәлігінің нөмірі және сериясы

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының\
2010 жылғы 17 наурыздағы № 17
бұйрығына 2-қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған банкке алу
туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша

Заңды күшке енбеген қаулыларды қайта қарау тәртібінде қаралған әкімшілік істерді есепке алу бойынша № 2-ӘҚ нысанды кәртішке

      (облыстық және оларға теңестірілген соттар үшін)( ӘҚБК 655 бабының 39 тарауы)

1. Келіп түсті (сот атауы)______________________________

_________________________________________________________

2. Күні "___"__________________20 __ж.

3. № ________________________________________ бойынша түсті

4. Жоғарыда тұрған сот атауы _____________________________

4.1 Алқа _________________________________________________

4.2 Судьяның аты-жөні ___________________________________

5. Құқық бұзушылық біліктілігі (ӘҚБК бабы) ________________

6. Тегі ___________________________________________________

6.1.Аты ___________________________________________________

6.2.Әкесінің аты __________________________________________

6.3. Туған күні "____" ________________________ жыл

6.4. Жұмыс орны ___________________________________________

Лауазымы __________________________________________________

7. Заңды тұлғаның атауы ___________________________________

8. Істің келіп түсу негізі: наразылық бойынша (1), шағым бойынша (2), шағым және наразылық бойынша бір мезгілде (3)

9. Кері шақыртылды "__"__________20__ж.

9.1. Кері қайтарылғаны: наразылық (1), шағым (2), шағым мен наразылық бір мезгілде(3)

10. Қараусыз қайтарылу күні "__" ____________20 __ж.

11. Іс қаралуға тағайындалды "__"____________20__ж.

12. Қарау күні "____"______________20_ж.

13. Мемлекеттік тілде қаралды (1)

14. Қарау нәтижесі: өзгертусіз қалдырылды (01), алып тасталды (02), өзгертілді және қысқартылды (ӘҚБК 68 және 580, 581 баптары бойынша) (03), алып тасталды және жаңа қаулы шығарылды (04), алып тасталды және ведомстволығы бойынша жолданды (05)

14.1. шағым қанағаттандырылған (1), келесі бөлім бойынша шағым қанағаттандырылған (2), қанағаттандырылмаған шағым (3)

14.2 наразылық қанағаттандырылған (1), келесі бөлім бойынша наразылық қанағаттандырылған (2), қанағаттандырылмаған наразылық (3)

15. Іс 1-ші сатылы сотқа қайтарылды "__"___________ 20_ж.

16. АЕҚ құрастырған қызметкердің аты-жөні __________________________

қолы ___________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2010 жылғы 17 наурыздағы
№ 17 бұйрығына 3-қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған банкке алу
туралы Нұсқаулыққа 3-ші қосымша

Заңды күшке енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау тәртібінде қаралған әкімшілік істерді есепке алу бойынша №3-ӘҚ нысанды кәртішке

      (облыстық және оларға теңестірілген соттар, ҚР Жоғарғы Соты үшін)

1. Іс келіп түскен соттың атауы

1.1 Келіп түскен күні "___"__________________20__ж.

1.2.Іс № _______________

2. Іс келіп түскен жоғарыда тұрған соттың атауы __________________

2.1 соттағы іс № _____________________________________

2.2 Сот алқасы _______________________________________

3. Құқық бұзушылық біліктілігі (ӘҚБК бабы) ___________

4. Тегі ______________________________________________

4.1 Аты_______________________________________________

4.2 Әкесінің аты __________________________________

4.3 туған күні "__"__________ жылы Туған жері ____________________

5. Жұмыс орны _____________ 5.1 Лауазымы _______________

6. Заңды тұлға атауы _________________________________

______________________________________________________

7. Істің келіп түсу негізі: қаулыға қатысты наразылық бойынша (01), ұйғарымға қатысты наразылық бойынша (02), қаулыға және ұйғарымға наразылық бойынша (03)

8. Кері шақыртылды "__"__________20___ж.

8.1 наразылық

9. Іс қаралуға тағайындалды "__"______________20__ ж.

9.1 Қаралды "__"____________20__ж.

10. Істі қарау нәтижесінде төмендегілер қанағаттандырылды: қаулыға қатысты наразылық (01), ұйғарымға қатысты наразылық (02), қаулыға және ұйғарымға қатысты наразылық (03)

10.1 қаулыға наразылық қанағаттандырылған (01), қанағаттандырылмаған (02)

10.2 ұйғарымға наразылық қанағаттандырылған (01), қанағаттандырылмаған (02)

10.3 қаулыға және ұйғарымға наразылық қанағаттандырылған (01), қанағаттандырылмаған (02)

11. Іс 1-ші сатылы сотқа қайтарылды "__"___________ 20_ж.

12. АЕҚ құрастырған қызметкердің аты-жөні __________________________

қолы ____________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2010 жылғы 17 наурыздағы
№ 17 бұйрығына 4-қосымша

"Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижесі туралы" №1-ӘҚ нысанды есебі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 2012.09.24 № 113 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2010 жылғы
17 наурыздағы № 17 бұйрығына
5-қосымша

Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижесі туралы" №1-ӘҚ нысанды есебі.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 2012.09.24 № 113 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2010 жылғы
17 наурыздағы № 17 бұйрығына
6-қосымша

"Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижесі туралы" №1-ӘҚ нысанды есебі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 2012.09.24 № 113 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.