Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6113 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйелері болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 130 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4712 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә.Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                      Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының      
2010 жылғы 1 ақпандағы 
№ 4 қаулысымен бекітілді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде қабылданған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жөніндегі стандарттарға сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында (бұдан әрі - Ұйымдар) барабар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға қойылатын, жүргізілетін операциялардың түрлері мен көлемін ескере отырып, тәуекелдерді тиімді анықтауды, бағалауды және шектеуді қамтамасыз ететін тәуекелдерді бақылау әдістемелерін қолдануды көздейтін талаптарды анықтау болып табылады.
      2. Ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Ұйым бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласындағы өз міндеттерін атқаруы үшін жағдай жасайды.
      3. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аджастер – функцияларына сақтандыру төлемі жөніндегі өтінішті қарау және сақтандыру жағдайы бойынша келтірілген зиян мөлшерін бағалау кіретін Ұйымның қызметкері;
      2) андеррайтинг – актуарий белгілеген шегінде сақтандыру өтемін, сақтандыру шарттарын, франшиза немесе жабу деңгейін және сақтандыру тарифын анықтау мақсатындағы тәуекелдердің бағалануы негізінде өтініш берілген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;
      3) басқару есептілігі – ішкі бақылау мен Ұйымның қызметін бағалау құралы;
      4) гэп – Ұйымның сыйақы ставкаларының өзгеруіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;
      5) жекелеп сақтандыру – жеке тұлғаларды сақтандыру;
      6) комплаенс-бақылаушы – комплаенс-тәуекелді басқару саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретіне кіретін қызметкер;
      7) корпоративті сақтандыру – заңды тұлғаларды сақтандыру;
      8) кіріс қайта сақтандыру шарты – Ұйым қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қабылдайтын қайта сақтандыру шарты;
      9) қарсы серіктес – Ұйым ынтымақтасатын (немесе ынтымақтасуды жоспарлайтын), және Ұйым қатысатын мәміленің тарабы болып табылатын ұйым;
      10) лимиттеу – қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, Ұйымның операцияларына (мәмілелеріне) шектеулерді белгілеу.
      Лимиттеу кезінде мынадай параметрлер анықталады:
      лимит белгіленетін көрсеткіш;
      лимит белгіленетін көрсеткішті өлшеу (есептеу) әдісі;
      көрсеткіштің шекті (барынша жоғары, барынша төменгі) мәні;
      11) мүдделер қайшылығы – қызметкерлердің, құрылымдық бөлімшелердің, комитеттердің мүліктік және өзге мүдделері арасындағы қайшылықтар, оның нәтижесінде бір тараптың әрекеттері (әрекетсіздіктері) басқа тарап үшін жағымсыз салдарын туғызады;
      12) нетто-сыйлықақы – актуарийлік әдістер негізінде актуарий бағалаған, өзге де шығыстарын өтеуді есепке алмастан сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөнінде Ұйым қабылдаған міндеттемелері үшін ғана Ұйым төлеуі тиіс ақша сомасы;
      13) сақтандыру тәуекелі – шығындарға (шығыстарға) әкелетін болжамдалатын оқиға, оның басталу жағдайына сақтандыру шарты жасалады;
      14) стресс-тестинг – Ұйымның қаржылық жағдайына төтенше, бірақ Ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдісі;
      15) сыртқы аудитор – қаржылық есептілігі мен Ұйымның қаржылық есептілігімен байланысты басқа ақпараты туралы тәуелсіз пікірін білдіру мақсатында тексеруді жүзеге асыратын, Ұйымның штатында болмайтын тұлға;
      16) сюрвейер – функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала қарау мен бағалау кіретін Ұйымның қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес Ұйымға қызмет көрсететін заңды тұлға;
      17) тәуекел – Ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу бойынша сенімсіздікті немесе мүмкін еместігін туындататын жағдайлардың пайда болуы, материалдық шығындарға әкелу ықтималдығы;
      18) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелдерді және олардың Ұйымның мақсаттарына жетуге ықпал ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл Ұйым шегінде жүзеге асырылатын тұрақты құрылымдалған процесс;
      19) тәуекелді бірегейлендіру – тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және элементтерін сипаттау процесі;
      20) тәуекелді өлшеу – тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті зиян мөлшерін анықтау оқиғаның басталуы ықтималдығын және салдарын математикалық жолмен ықтималдылық теориясы мен статистикалық деректер негізінде, үлкен сандар заңын қолдана отырып, бағалау арқылы жүзеге асырылады;
      21) тәуекел картасы – бір «ось» бойынша тәуекелдің әсер ету күші мен маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған Ұйым тәуекелдерінің шектеулі санының графикалық және жазба сипаттамасы;
      22) тәуекел лимиті – қабылданатын тәуекелдің сандық не сапалық шектеуінің құралы;
      23) топ – бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйымның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының капиталында қомақты қатысуы бар ұйымдардан құрылатын, және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы;
      24) шығыс қайта сақтандыру шарты – Ұйым сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қайта сақтандыруға беретін қайта сақтандыру шарты;
      25) ішкі аудит – басқару бақылаудың ажырамас элементі, ол арқылы ішкі аудит қызметі қолданыстағы заңнамаға, белгіленген ішкі ережелерге және критерийлерге, аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі дәрежесін көрсету мақсатында ұйым қызметінің сандық және сапалық бағалауға келетін қаржылық есептілігін, сондай-ақ басқа деректер мен ақпаратты бағалайды;
      26) ішкі бақылау – директорлар кеңесімен, басқармамен және Ұйымның басқа қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, мынадай санаттар бойынша мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:
      қызметінің тиімділігі;
      қаржылық және басқару ақпараттың сенімділігі, толықтығы мен уақтылылығы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      27) ішкі бақылау жүйесі – бақылау процедураларының, іс-шаралардың және әдістемелердің жиынтығы, олар мынаны қамтамасыз етеді:
      Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиісінше және тиімді жүргізуін;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуын;
      жауапкершілікті тиімді бөлуін;
      Ұйым қызметкерлерінің басшылықтың өкімдерін уақтылы және тиісінше орындауын;
      мүліктің сақталуын қамтамасыз етуді;
      алаяқтық фактілердің және басқарушылық кемшіліктердің алдын алуды және анықтауды;
      қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық ақпаратты дайындаудың уақтылылығын, шынайлығы мен толықтығын;
      28) ішкі саясат – тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастырумен байланысты қызметінің бағыттарын регламенттейтін белгіленген ішкі ережелер мен рәсімдер;
      29) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      30) факультативтік қайта сақтандыру – қайта сақтанушыға және қайта сақтандырушыға толығымен немесе ішінара (белгілі үлесін) қайта сақтандыруға берілуі мүмкін тәуекелдерді бағалау мүмкіндігі берілетін қайта сақтандыру әдісі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Ұйымның тәуекелдері осылайша жіктеледі:
      1) сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекелдерге:
      андеррайтинг тәуекелі - сақтандыруға қабылданатын тәуекелдерді бұрыс (қателесіп) бағалау тәуекелі;
      сақтандыру резервтер тәуекелі – жеткіліксіз (барабар емес) сақтандыру резервтерін құру тәуекелі;
      сақтандыру төлемдері тәуекелі – сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер;
      апатты тәуекел - елеулі көлемді бір оқиға әдеттегіден жоғары сақтандыру төлемдеріне әкеліп соқтыратын тәуекел;
      қайта сақтандыру тәуекелі – жеткіліксіз қайта сақтандыру өтеудің немесе қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша төлемді жүзеге асыруға қабілетсіздігі тәуекелі;
      2) инвестициялық тәуекелдер (нарықтық тәуекелдер, кредиттік тәуекел, өтімділік тәуекелі) - қайта сақтандыру процесінде және Ұйымның инвестициялық қызметі барысында пайда болатын тәуекелдердің әр түрлері:
      нарықтық тәуекелдер — қаржы нарықтарының жағымсыз қозғалыстарына (қаржы құралдарының нарықтық құнының, пайыздық ставкаларының, шетел валюта бағамдарының, қымбат металдардың нарықтық құнының өзгеруі салдарына) байланысты шығындар ықтималдығы. Нарықтық тәуекелдерге валюталық, баға және пайыздық тәуекелдері кіреді:
      валюта тәуекелі - шетелдік валюта бағамдарының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;
      баға тәуекелі – нарықтық факторлардың ықпалымен қаржы құралдарының және туынды қаржы құралдарының нарықтық құнының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың пайда болуы тәуекелі;
      пайыздық тәуекел — Ұйымның активтері, пассивтері бойынша пайыздық ставкаларының жағымсыз өзгеруі салдарынан қаржы шығыстарының (шығындарының) пайда болу тәуекелі;
      кредиттік тәуекел – дебиторлардың дәрменсіздігі, Ұйымның инвестициялық портфеліндегі облигациялар эмитенттерінің және басқа делдалдардың кредиттік рейтингтерінің өзгеруі салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;
      өтімділік тәуекелі – Ұйымның өз міндеттемелерін өтеу үшін активтерін тез арада сату мүмкіндігінің болмауына байланысты тәуекел;
      3) операциялық тәуекел – ішкі процесстерді жүзеге асыру барысында басшы және басқа қызметкерлердің тарапынан болған кемшіліктердің (қателіктердің), ақпараттық жүйелердің (технологиялардың) тиісінше жұмыс істемеу салдарынан, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;
      4) комплаенс-тәуекел:
      Ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ ішкі ережелер мен процедураларының талаптарын орындамауы салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі;
      уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдану, ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтандыру қызметін реттеу бөлігінде сақтамауы нәтижесінде елеулі зиян шегу және беделін жоғалту тәуекелі;
      мүдделер қайшылығы туындауы не қызметкерлер әрекеттерінің ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеуі салдарынан пайданы жоғалту тәуекелі;
      5) ілеспе тәуекелдері:
      аудиторлық тәуекел – аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша аудитормен субъективті анықталатын не қаржылық есептілікте, оның шынайлығын растағаннан кейін анықталмаған елеулі бұрмалануы болуы мүмкін, не шын мәнінде бұрмалануы болмаған жағдайда елеулі бұрмалануы бар деп тану ықтималдығы;
      топ тәуекелі – құрамына Ұйым кіретін топтың қаржылық жағдайының нашарлауы нәтижесінде Ұйымның беделіне, маркетингіне және қаржылық жағдайына жағымсыз әсер ету тәуекелі;
      жүйелік тәуекел – басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату нәтижесінде Ұйымға зиян келтіруге байланысты тәуекел;
      алаяқтық тәуекелі – қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері нәтижесінде шығындардың пайда болуы ықтималдығымен байланысты тәуекел;
      бедел тәуекелі - Ұйымға теріс қоғамдық пікірдің немесе оған деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі;
      елдің тәуекелі – шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің міндеттемелер бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауапкершілікті көтеру ниетінің болмауы салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі.
      5. Ұйым, осы Нұсқаулықтың талаптары критерийлерінің орындалуын бағалау жөнінде есепті жылдан кейін келетін жылдың 15 шілдесіне дейін жарты жылдық және 15 қаңтарға дейін жылдық есептерді уәкілетті органға ұсынады, олар мыналарды қамтиды:
      растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қойылатын талаптарға сәйкес келуін дербес бағалауы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша);
      белгілі талап(тар) критерий(лер)іне сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жауапты тұлғалары мен мерзімдері көрсетілген сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар жоспары қоса берілген жазбаша түсініктеме.
      6. Тәуекелдер бойынша стресс-тестингті Ұйым осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде есептейді.
      Стресс-тестинг қорытындылары уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейін келетін айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      Стресс-тестинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі қаржылық және өзге есептілігінің негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Ұйымның ұйымдық құрылымы

      7. Ұйымда директорлар кеңесінің жанында мынадай мәселелер жөніндегі комитеттер құрылуы мүмкін:
      ішкі аудит;
      тәуекелдерді басқару;
      тағайындау мен сыйақылар;
      комплаенс;
      ақпаратты ашу;
      инвестициялар.
      Комитет Ұйымның функционалдық міндетіне Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша не директорлар кеңесіне жүктелген өкілеттіктеріне сәйкес негізгі мәселелерді қарау және шешім қабылдау кіретін жұмысшы кеңес органы болып табылады.
      Комитеттер құрамы директорлар комитетінің мүшелері мен нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби біліктілігі бар сарапшылардан құралады. Комитеттің құрамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      Комитеттің (бөлімшенің) қызметі мүшелердің (қызметкерлердің) құзыретін, жұмыс тәртібін, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін анықтайтын Ұйымның ішкі ережелерімен реттеледі.
      8. Барабар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсатында Ұйымда мынадай алқалы кеңес органдары құрылады:
      андеррайтинг кеңесі;
      активтерді және пассивтерді басқару кеңесі.
      Көрсетілген кеңестердің Ұйымның директорлар кеңесімен бекітілетін құрамына мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері және басшы қызметкерлер кіреді.
      Көрсетілген кеңестердің шешімдері жай мүшелер дауыстарының көпшілігімен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
      Көрсетілген кеңестердің шешімдері шешім қабылдау процесін жан-жақты көрсете отырып, хаттамаланады және оған, шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар қоса беріледі, онда мыналар көрсетіледі:
      қаралатын мәселелердің тізбесі мен егжей-тегжейлі сипатталуы;
      кеңеске шешім қабылдау үшін берілген құжаттардың тізбесі;
      әрбір қаралатын мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;
      мүшелердің пікірлері негіздемесімен қоса беріледі, оның ішінде олардың келіспеуі және ерекше пікірінің болуы жағдайында.
      Хаттамаға отырысқа қатысқан барлық аталған кеңестер мүшелерінің қолдары қойылады және ол Ұйымда сақталады. Директорлар кеңесі аталған кеңестердің және басқарманың жұмысына жыл сайынғы жұмыс нәтижесі туралы есептерінің негізінде баға береді.
      9. Ұйымның қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіби этика ережелерін және басқа ішкі процедураларын сақтау міндеті Ұйымның барлық қызметкерлеріне таралады.

3-тарау. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастыруға қатысы бар ішкі құжаттарға қойылатын талаптар

      11. Ішкі құжаттармен қамтылған ақпараттың көлемі Ұйымның қызметін бағалау және директорлар кеңесі мен басқа басшы қызметкерлердің тиімді шешімдер қабылдауы үшін шынайы да жеткілікті болуы тиіс.
      12. Директорлар кеңесі мынадай ішкі құжаттарды бекітеді:
      1) корпоративтік стратегияны;
      2) Ұйымның ұйымдық-функционалдық басқару құрылымы туралы ережені;
      3) басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөніндегі ішкі саясатты;
      4) есепке алу саясаты;
      5) басқару есептілігін ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені.
      13. Корпоративтік стратегияны басқарма әзірлейді және:
      1) Ұйымның қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орташа мерзімдегі (бір жылдан үш жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (үш жылдан және одан көп жылға дейінгі) мақсаттарын белгілейді;
      2) мыналарды қамтиды:
      Ұйым қызметінің даму стратегиясын;
      Ұйым қызметінің негізгі мақсаттарын және бағыттарын;
      Ұйым қызметі бағытталатын нарықтың сегментін;
      Ұйым қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамдық мәндерін;
      Күтілетін макро- және микроэкономикалық көрсеткіштерін;
      Ұйымның ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді.
      14. Ұйымның ұйымдық-функционалдық басқару құрылымы туралы ереже басқармамен әзірленеді және мыналарды регламенттейді:
      1) алқалы кеңес органдарының, директорлар кеңесінің, басқарманың, комитеттердің, ішкі аудит қызметінің, басшы қызметкерлердің, бөлімшелердің құрылымын, өкілеттіктерін және міндеттерін;
      2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
      3) өзара әрекеттесу және есеп берушілік тәртібін;
      4) ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және андеррайтинг бөлімшесінің қызметкерлеріне, актуарийге басқа бөлімшелердің функцияларын жүктеуге жол бермеу;
      5) басқарманың, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлердің қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерін, оның ішінде оларға жүктелген функцияларды және міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібін.
      15. Басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөніндегі ішкі саясаты басқармамен әзірленеді және мыналарды регламенттейді:
      1) директорлар кеңесі мүшелері, басқарманың, өзге де басшы қызметкерлері (оның ішінде еншілес және бағынышты ұйымдардың) лауазымдарына кандидаттарын іріктеу прициптерін, критерийлерін, сыйақы мөлшерін анықтауды;
      2) сыйақының түрлерін, компоненттерін, жүзеге асыру негіздемелерін (сыйақының тіркелген мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, сыйақының, компенсациялық төлемдердің басқа түрлері);
      3) басшы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақы қолдану критерийлері;
      4) басқарманың директорлар кеңесіне ұсынылатын жасалған сыйақы төлемдері және басқа компенсациялық төлемдері бөлігінде бюджетті игеруіне, басшы қызметкерлерінің уәкілетті органның біліктілік талаптарына және ішкі лауазымдық міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуіне қатысты басқарма есебінің нысаны мен кезеңділігін;
      5) директорлар кеңесінің ұйғаруына қарай өзге мәселелерді.
      16. Есепке алу саясаты:
      1) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқармамен әзірленеді;
      2) бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негіздерін, шарттарын, ережелерін және тәжірибесін қамтиды;
      3) кірістерді (шығыстарды) айы сайын динамикада және қызмет түрлері бойынша қадағалауға жауапты бөлімшені анықтайды;
      4) мыналарды регламенттейді:
      сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу, сондай-ақ олардың тізілімін жүргізу тәртібін;
      тәуекелдерді бағалау моделінің негізінде және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаларға сәйкес келтіру арқылы қаржы құралдарының құнын бағалауға қойылатын талаптарды;
      қаржы құралының нарықтық бағасының болмауы жағдайында қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізу әдістемесін және сақтандыру резервтерінің барабарлығын сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағындарын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес ағымдағы есептеу бағалауын пайдалана отырып, бағалауды;
      директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді.
      17. Басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже басқармамен әзірленеді және басқарманың және тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің директорлар кеңесіне және Ұйым акционерлеріне мынадай басқару есептілігін беру тәртібін регламенттейді:
      жиынтық балансты;
      кірістер және шығыстар туралы есепті (оның ішінде өткен жылдардың алдыңғы кезеңдерімен салыстырғандағы және жоспарланған қызмет көрсеткіштері);
      инвестициялар туралы есептерді (қаржы құралдарын баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу және сатудың жалпы сомаларын көрсете отырып, топтастырумен);
      активтер мен міндеттемелердің көлемін салыстыру есебін;
      Ұйымының тәуекел картасының талдамасын;
      Ұйымның ағымдағы және болжамдалатын меншікті капитал қажеттілігін қысқаша талдауын;
      директорлар кеңесінің және Ұйым акционерлерінің талабы бойынша өзге есептілігін.
      18. Корпоративтік басқару кодексі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, корпоративтік басқару принциптеріне сәйкес, сондай-ақ ең озық халықаралық корпоративтік мінез-құлық тәжірибесін, этикалық нормаларын, ағымдағы даму кезеңіндегі Ұйым қызметінің қажеттіліктері мен шарттарын ескере отырып, басқармамен әзірленеді;
      2) мыналарды ескере отырып, корпоративтік басқаруды ұйымдастыру принциптерін регламенттейді:
      Ұйымның органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің арасында міндеттерді айқын бөлуді;
      акционерлердің, органдардың және лауазымды тұлғалардың арасындағы қатынастарда, сондай-ақ Ұйымның үшінші тұлғалармен қатынастарында этиканың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқару кодексін міндетті түрде орындауды;
      директорлар кеңесі мүшелерінің және өзге басшы қызметкерлердің Ұйымның қызметі мен тәуекелдерді басқаруға тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысуын;
      директорлар кеңесінің және басшы қызметкерлердің шешімді дербес қабылдауын;
      директорлар кеңесінің және басшы қызметкерлерінің шешімдерін міндетті түрде хаттамалауды (негізінде шешім қабылданған құжаттарды қоса береді);
      басшы қызметкерлердің өз мүдделерінің және жалпы Ұйымның мүдделерінің қайшылығына тікелей немесе жанама әкелуі мүмкін әрекеттерден тартыну міндеттемесін, ал осындай қайшылық туындаған жағдайда – ол туралы директорлар кеңесі уақтылы хабардар ету міндеттемесін жазбаша ресімдеуді;
      басшы қызметкерлердің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келуін;
      басшы қызметкерлерінің бақылаушы және басқарушы функцияларының тұрақты жетілдіруін;
      көпшілік қабылданған кәсіби этика нормаларын;
      3) мүдделер қайшылығын реттеу тәртібін және директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша басқа мәселелерді регламенттейді.
      19. Директорлар кеңесінің және басқарманың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатындағы өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындау үшін басқарушылық ақпараттың тізбесі жеткілікті болады.

4-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      20. Тәуекелдерді басқару процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) тәуекелдерді анықтау:
      тәуекелдерді және тәуекелді туындататын факторларды бағалау (барлық ықтимал шығындардың себептерін жүйелі түрде және тұрақты қадағалау, талдау, олардың ықтималдығы мен мөлшерін сапалы бағалау);
      тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына әкелетін, олардың дамуына әсерін тигізетін факторлардың ерекшеліктерін зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасы);
      2) тәуекелдерді өлшеу (бағалау), оны өткізу кезеңділігі директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша, тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес белгіленеді;
      3) тәуекелдерге жүйелі стресс-тестинг пен талдауды жүзеге асыру;
      4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;
      5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.
      21. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен әзірленген тәуекелдерді басқару саясатын бекітеді.
      22. Тәуекелдерді басқару саясаты жүйелі стресс-тестинг, сценарийлік талдау жүргізуді көздейді және мыналарды белгілейді:
      1) Ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында андеррайтинг кеңесінің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің болуын;
      2) басшы қызметкерлерге, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлерге білімінің және жұмыс өтілінің болуы талаптарын қоса алғандағы қойылатын біліктілік талаптарын;
      3) Ұйымның директорлар кеңесінің, басқармасының, алқалы кеңес органдарының, тәуекелдерді басқару органдарының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерін және функционалдық міндеттерін;
      4) Ұйымның бөлімшелері, басқармасының, комитеттерінің, кеңестерінің, директорлар кеңесінің арасында тәуекелдерді басқару үшін қажетті ақпаратпен алмасу тәртібін;
      5) Ұйымның қызметімен байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді бірегейлендіру, бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдерін;
      6) басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторингі мен қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;
      7) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін;
      8) сапалық және сандық тәсілдерін қоса алғандағы тәуекелдер картасын әзірлеу тәртібін;
      9) тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін анықтау рәсімдерін;
      10) Ұйым қызметінің барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;
      11) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, Ұйымның тәуекелдері картасы жөнінде есепті құрастыру рәсімдері, оның ішінде:
      тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді бірегейлендіру бойынша қабылдайтын шараларын;
      тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен жүзеге асырылатын, тәуекелдердің туындауы жиілігін бағалауды қоса алғандағы тәуекелдерді бағалауды, кейіннен осы тәуекелдердің әсер етуін жіктеуді, және тәуекел көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін белгілеуді;
      тәуекелдерді басқару бөлімшесімен жүргізілетін тәуекелдердің мониторингі, оған тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің өзгеруі мониторингі, сондай-ақ тәуекел көрсеткіштері мәндерінің тәуекел көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шаралар кіреді;
      директорлар кеңесіне кез келген шығындарға әкелетін және (немесе) ұйымының қызметіне ықпал ететін, немесе заңсыз сипатындағы елеулі жағдайлар туралы есептілікті дереу ұсыну механизмін;
      12) тәуекелдерді тестілеу және бағалауын модельдеу рәсімдері;
      13) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті беру тәртібін, оларға мыналар кіреді:
      тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша азайту және жою бойынша жүргізілетін жұмыстар);
      анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету және болдырмау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері;
      Ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды төмендету және болдырмау жолдары;
      Ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді бақылау және мониторинг жүргізу және оларды барынша азайту және болдырмау жолдары;
      тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;
      14) сақтандыру, инвестициялық және өзге қызметі бойынша және мәмілелер бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі, бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесі көрсетілуі тиіс.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру мақсатында директорлар кеңесі:
      1) осы Нұсқаулыққа сәйкес әзірленетін ішкі құжаттарды бекітеді;
      2) корпоративтік басқару бөлігінде:
      алқалы кеңес органдарының, басқарманың, комитеттердің, бөлімшелердің, ішкі аудит қызметінің қызметін үйлестіреді;
      басшы қызметкерлердің функционалдық міндеттерінде мүдделер қайшылығы ықтималдығын төмендету бойынша шаралар қабылдайды;
      ай сайын Ұйымның аффилиирленген тұлғаларының тізілімін растайды;
      аффилиирленген тұлғаларға жеңілдетілген шарттарды беру фактісін тексеруді жүзеге асырады;
      директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін өзге мәселелер;
      3) стратегиялық мақсаттарды түзету мақсатында мыналарды қарайды:
      Ұйымның меншікті капиталдың ағымдағы (келешектегі) қажеттіліктерін талдау;
      ішкі (сыртқы) аудиторлардың олар жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған сәйкессіздіктері көрсетілген есебін, сондай-ақ олардың ұсынымдарын;
      активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің (инвестициялық қызметіне жауапты бөлімшенің) Ұйым активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген операциялардың (мәмілелердің) нәтижесі бойынша есебін (қаржы құралдарын түрлері бойынша топтастырылып, баланстық, нарықтық құны, кірістілігі, сатып алу және сату сомалары көрсетілуі тиіс);
      4) тәуекелдерді басқару бөлігінде мыналарға жауапты болады:
      стратегияға, саясаттарға, процедураларға және өзге де ішкі құжаттарға қайшы келетін операциялардың жасалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ оларды түзету мақсатында Ұйым қызметіне құрылған комитеттер, бөлімшелер және ішкі аудит қызметі арқылы тұрақты мониторинг жүргізу;
      ішкі аудит қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесі, андеррайтинг жөніндегі кеңес (бөлімше), актуарий функцияларының ұйымдастырушылық дербестігін қамтамасыз ету;
      ықпал ету шараларының және уәкілетті органның өзге де талаптарының, оның ішінде кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;
      уәкілетті орган талаптарының орындалмауы, анықталған кемшіліктердің уақтылы жойылмауы (жойылмауы) жағдайында орындамау (жоймау) себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;
      қабылданатын тәуекелдерді лимиттеу және операцияларға (мәмілелерге) шектеулерді белгілеу.
      24. Тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыру мақсатында басқарма мыналарға жауапты болады:
      1) белгіленген мақсаттарға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлігіндегі әдістерге сәйкес Ұйымды күнделікті басқаруға;
      2) тиімді тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ететін Ұйымның бөлімшелері, басқарманың, комитеттердің, кеңестердің және директорлар кеңесінің арасындағы ақпаратты тапсыру тәртібін бекітуге;
      3) директорлар кеңесінің нұсқауларының, аудиторлар мен тәуекелдерді басқару бөлімшесі ұсынымдарының және ескертулерінің, уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларының тиісінше орындалуына;
      4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясатын іске асыру мақсатында ішкі құжаттардың бекітілуіне;
      5) төлем қабілеттілігі маржасы жеткіліктілігінің қажетті деңгейін сақтау мақсатында активтерді, тәуекелдерді әртатарптандыру, капиталдың рентабельділігі, өтімділігі және жеткілітілігі бойынша бағдар белгілеуге;
      6) директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық тәуекелдер лимитінің шегінде операциялар түрлері бойынша рұқсат етілетін тәуекелдер мөлшерінің лимиттерін белгілеуге;
      7) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ай сайынғы есептеулері негізінде көрсетілген лимиттерді сақтауы бойынша тиімді бақылау шараларын қабылдауға;
      8) тәуекелдер бойынша шынайы статистикасы негізінде тарифтік саясаттың тәуекелдердің дамуындағы болжамдалатын үрдістеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
      9) Ұйым үшін әлеуетті тәуекел болып табылатын ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тұрақты талдау жүргізуге, олардың қаржылық көрсеткіштерге ықпал ету дәрежесін бағалауға;
      10) директорлар кеңесіне жылдық бюджетті, стратегиялық жоспар жасау бөлігінде ағымдағы және болашақтағы экономикалық ортаны, нормативтік құқықтық базаны, капиталдың мөлшерін ескере отырып, ұсынымдарды ұсынуға;
      11) қаржылық тұрақсыздық және төтенше жағдайдағы іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және тиісті тоқсан сайынғы есепті беруге;
      12) шарттық қатынастардың, Қазақстан Республикасы заңамасының, қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттар талаптарының сақталуына жүйелі талдау жүргізуге;
      13) бөлімшелердің ықтимал және әлеуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты, белгіленген лимиттері шегінде тәуекел мөлшерін сақтауын бақылауға;
      14) қаржы құралдарымен операциялардан болған кірістердің (шығыстардың) өзгеруін, олардың нарықтық құнының динамикасын ескере отырып, талдауға;
      15) Ұйымның меншікті капиталының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барынша төмен талап етілетін деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету;
      16) сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын ескере отырып, есепке алу және есептілік жүйесін жақсартуға;
      17) аудиторлық есептерді талдау және директорлар кеңесіне анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар беруге.
      25. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің функцияларына мыналар кіреді:
      1) мыналарды қоса алғандағы тиімді тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру:
      тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;
      сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғандағы тәуекелдер картасын әзірлеу;
      басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне қатысу;
      басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты монитороинг жүргізу және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау;
      сақтандыру, инвестициялық және өзге операциялар мен мәмілелер бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;
      2) Ұйымның қызметіне байланысты тәуекел көрсеткіштерінің сипаттық және сандық мәндерін анықтауды қоса алғандағы тәуекелдерді бірегейлендіру және бағалау, сондай-ақ тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін анықтау;
      3) Ұйымның қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау;
      4) бірегейлендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалауы, және бақылау жүргізу, оның ішінде:
      Ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді бірегейлендіру бойынша шаралар қабылдау;
      тәуекелдердің туындауы жиілігін бағалауды қоса алғандағы тәуекелдерді бағалау, одан кейін осы тәуекелдермен жасалған ықпалды жіктеу, және тәуекелдің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін белгілеу;
      тәуекелдер мониторингі, оған тәуекел көрсеткіштері мәндерінің өзгеруінің және тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қабылданатын шаралардың мониторингі кіреді;
      директорлар кеңесіне шығындарға әкелетін және (немесе) Ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін, немесе заңсыз сипатындағы кез келген елеулі оқиғалар туралы дереу есептілікті беру;
      5) Ұйымның тиісті бөлімшелерімен анықталған тәуекелдерді барынша төмендету бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеу процесін ұйымдастыру (бөлімшелер жоспарларын ұсынады, ал Ұйымның анықталған тәуекелдерін барынша төмендету бойынша жалпы іс-шаралар жоспарын тәуекелдерді басқару бөлімшесі әзірлейді) және директорлар кеңесімен бекітілген Ұйымның тәуекелдерін барынша төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарына әрі қарай мониторинг жүргізу;
      6) қаржылық тұрақсыздық пен төтенше жағдайдағы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      7) тұрақты түрде мыналарға талдау жүргізу:
      қаржылық көрсеткіштерге (стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердің деңгейіне жүйелі мониторингтің шегінде);
      қаржы құралдарының бағалары өзгеруінің өтімділік, төлем қабілеттілігі, капитал жеткіліктілігі көрсеткіштеріне әсер етуіне (стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердің деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу шегінде);
      8) макроэкономикалық факторлардың рентабельділікке, өтімділікке, меншікті капитал жеткіліктілігіне ықпал етуін болжамдау;
      9) директорлар кеңесіне мынадай бағыттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің бағалауын және талдауын қамтыған тоқсан сайынғы, басқармаға - ай сайынғы есепті ұсыну:
      тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша төмендету және жою бойынша жүргізілетін жұмыс);
      анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша төмендету бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету не жою бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі;
      Ұйымның ағымдағы жұмысын жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер, оларды төмендету және жою жолдары;
      Ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде пайда болуы мүмкін тәуекелдерді бақылау мен мониторинг жүргізу және оларды барынша төмендету және жою жолдары;
      тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;
      10) бөлімшелер қызметінің тәуекелдерді басқару бөлігінде бекітілген ішкі саясаттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету;
      11) директорлар кеңесімен бекітілген мерзімде (бірақ тоқсанына 1 реттен кем емес) тәуекелдердің мониторингі мен талдаудың қорытындысы бойынша есеп беру (қажет болған жағдайда әрбір тәуекел бойынша жеке). Есепте мыналар қамтылуы тиіс:
      есепті кезеңдегі қаржы көрсеткіштерінің қысқаша талдауы;
      тәуекелдер картасын бағалау мен талдау;
      қолданылатын тестілеу рәсімдерінің және тәуекелдерді бағалау мольдерінің барабарлығы мен тиімділігі;
      тәуекелдер жағдайының мониторингі процесі;
      12) осы Нұсқаулықтың андеррайтинг, қайта сақтандыру, сақтандыру төлемдері, сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі, инвестициялық, операциялық, ілеспелі және комплаенс тәуекелін басқару бойынша талаптарында көрсетілген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
      13) басқармаға корпоративтік стратегияны және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясатты келесі кезеңге түзетулер енгізу мақсатында жарты жылдық негізде стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімшесімен не осыған ұқсас функциялары бар өзге бөлімшемен бірлесіп әзірленген мынадай есептерді ұсыну:
      Ұйымның ағымдағы жағдайының шолуы бар, барлық тәуекелдер туралы сандық және сапалық деректері, олардың ықтималдығының дәрежесі, Ұйымның дайын болуы дәрежесі, оларды барынша төмендету бойынша жүргізілген іс-шаралар, әрекет ету шаралары ескерілген есепті;
      Ұйымның қаржылық жағдайының егжей-тегжейлі шолуын және қызметінің нәтижелерін, Ұйымның жалпы тәуекелдері картасын, сондай-ақ Ұйымның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін, реттеудегі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерді қамтыған есепті.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі барлық бөлімшелерден, филиалдардан, өкілдіктерден, комитеттерден және Ұйым қызметкерлерінен өзінің функцияларын орындау үшін қажетті кез келген құжаттарды және ақпаратты тәуекелдердің басқару бөлімшесінің сұратуында көрсетілген мерзімде алады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Ұйымның басшы қызметкерлері және бөлімше басшылары тәуекелдерді басқару бөлімшесіне тәуекелдерді бағалауға байланысты барлық қажетті ақпараттың уақтылы және толығымен жеткізілуіне жауапты болады.

5-тарау. Андеррайтинг тәуекеліне басқару

      28. Директорлар кеңесі андеррайтинг тәуекелін басқару мақсатында:
      1) андеррайтинг жөніндегі саясатты бекітеді;
      2) сюрвейер (бар болған жағдайда) және андеррайтинг бөлімшесінің қорытындысының негізінде, міндеттемелер сомасы (сақтандыру сомасы) не сақтандыру төлемінің мөлшері Ұйым активтерінің жиырма бес пайызынан асатын жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу не осы мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдайды;
      3) сақтандыру шартын жасасу туралы шешімді сақтандыру делдалы, андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі), басқарма, андеррайтинг кеңесі, директорлар кеңесі қабылдайтын, сақтандыру сыныптары (түрлері) кескінінде жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша жауапкершіліктің (сақтандыру сомаларының) лимиттерін белгілейді;
      4) әрбір сақтандыру түрі бойынша жеке сақтандыру ережелерін бекітеді.
      29. Андеррайтинг жөніндегі саясат мыналарды регламенттейді:
      1) андеррайтингке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;
      2) сақтандыру ережесін әзірлеу және келісу рәсімдері;
      3) сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерін) ресімдеу процедуралары;
      4) сақтандыру делдалының, андеррайтинг бөлімшесі қызметкерлерінің және андеррайтинг кеңесінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін;
      5) сақтандыруға өтініш нысандарын (сақтандыру түрлері бойынша) қоса алғанда андеррайтингті өткізу үшін ақпаратты жинау, өңдеу, және талдау тәртібін;
      6) тәуекелдері бағалауға ықпал ететін факторларды:
      өміріне және денсаулығына байланысты сақтандыру түрлері бойынша – сақтандырылуышы денсаулығының жағдайы, оның антропометриялық көрсеткіштері, отбасылық өмір сүру мен еңбек ету жағдайы;
      мүліктік сақтандыру түрлері бойынша – қауіпті зоналарда орналасу (пайдалану), сақтандыру тәуекелдері басталуының алдын алу және қорғау жүйелерінің болуы, мүліктің пайдалануда болу мерзімі (тозығы);
      7) андеррайтинг бөлімшесінің және андеррайтинг кеңесінің, сақтандыру тәуекелін қайта сақтандырушымен келісуді қоса алғандағы андеррайтинг шешімін қабылдау рәсімі;
      8) сақтандырылушылар бойынша тәуекелдерді әртараптандыру лимиттері (экономикалық қызмет түрлері бойынша, корпоративтік және жекелеп сақтандыру, топтық және өзге сақтандыру бойынша);
      9) андеррайтинг шешімдерін іске асыруды қадағалау және бақылау рәсімдері;
      10) сақтандыру делдалдарымен жасалған шарттардың (агенттік келісімдерге) талаптарына қойылатын талаптар
      11) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелері.
      30. Андеррайтинг кеңесі мыналарды жүзеге асырады:
      1) директорлар кеңесімен бекітілген лимиттердің шегінде андеррайтинг шешімдерін қабылдауды;
      2) қабылданған тәуекелдердің барабар бағалануына бақылау жүргізу;
      3) сақтандыруға қабылданатын объекті және тәуекелдер бойынша барабар сақтандыру тарифін қамтамасыз ету;
      4) сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру өтеудің шарттарын белгілеу;
      5) алынған нетто-сыйлықақылар мен белгілі уақыт ішінде жасалған сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері арасындағы оң айырмасының өсуін қамтамасыз ету (сақтандыру жағдайлары басталуының ықтималдылығы критерийлерін ескере отырып);
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына енгізілетін негізгі және қосымша шарттарының тізбесін анықтау.
      30-1. Басқарма осы Нұсқаулықтың 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес директорлар кеңесімен белгіленген лимиттің шегінде жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша шешім қабылдайды.
      Ескерту. 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Андеррайтинг шешімін қабылдау андеррайтинг бөлімшесі берген ұсынымның және тәуекелдерді басқару бөлімшесі қорытындысының негізінде, мынадай шарттарды ескере отырып, жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру портфелінің жай-күйі;
      2) сақтандыру объектісі жатқызылатын сақтандыру түрі бойынша шығындылық коэффициенттері;
      3) сақтандырылушыға және сақтандыру объектісіне байланысты тәуекелдер;
      4) актуариймен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке өзінің ұстап қалуының лимиттерін сақтау;
      5) андеррайтинг шешімін қабылдауға әсерін тигізетін өзге факторлар.
      32. Анеррайтинг шешімінде:
      1) қабылдау датасын және оның нөмірі;
      2) негізінде андеррайтинг шешімі қабылданған ұсынымның берілген күні мен нөмірі;
      3) сақтандыру шартының түрі мен талаптары;
      4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы туралы ақпарат пен деректемелері;
      5) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;
      6) сақтандыру сыныбына (сыныптарына) тиесілілігі;
      7) көмегімен сақтандыру шартын жасасу болжамдалатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру брокері туралы ақпарат;
      8) андеррайтинг шешімін қабылдаған тұлғалардың қолы, олардың лауазымдары көрсетілуі тиіс;
      9) қабылданған андеррайтинг шешімінің варианты:
      стандартты тарифпен қабылдау;
      көтеріңкі немесе төмен тарифпен қабылдау;
      тәуекел дәрежесіне сәйкес ауытқу;
      сақтандыруды белгілі мерзімге тоқтатып қою;
      10) андеррайтинг шешімін орындағаны туралы белгісі.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. Андеррайтинг бөлімшесінің негізгі функцияларына мыналар жатады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқанға дейін андеррайтинг бөлімшесі:
      сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығының ұлғаюына елеулі ықпал ететін тәуекелдерді туындататын факторларды анықтау және сақтандыру жағдайларының және сақтандыру объектілерінің түрлеріне, сондай-ақ сақтандыру тарифтерін есептеген кезде оларды есепке алу мүмкіндігіне қарай есепке алу;
      қабылданатын тәуекелдерді және олардың ықтимал салдарын жеке бағалау және талдау;
      қауіптілігі дәрежесі бойынша тәуекелдерді саралау;
      сақтандырылған объектінің, тәуекелдердің дамуына көмектесетін және кедергі жасайтын факторлардың жай-күйін, және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралардың орындалуын бағалаудың жүзеге асырылуын бақылау;
      штаттағы актуариймен бірлесіп, бекітілген андеррайтинг саясатының, Ұйымның ішкі құжаттары негізінде сақтандыру сомаларын белгілеу, тарифтерді, франшизаларды және өзге де көрсеткіштерді есептеуді жүзеге асыру;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасағаннан кейін андеррайтинг бөлімшесі:
      сақтандыру объектісінің жағдайына мониторингті және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының (бар болған жағдайда) орындалуын бақылауды жүзеге асырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қамтамасыз етуіне қатысады;
      сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің параметрлері өзгерген жағдайда сақтандыру тарифін қайта есептейді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына өзгерістер енгізу қажеттілігіне қатысты ұсынымдарды әзірлеп, басқармаға ұсынады;
      сақтанушы міндеттемелерін сақтамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзу туралы немесе сақтандыру төлемнің мөлшерін азайту туралы қорытындысын әзірлейді;
      3) андеррайтинг кеңесіне қорытындыны дайындайды;
      4) директорлар кеңесімен бекітілген лимиттер шегінде андеррайтинг шешімдерін қабылдайды;
      5) актуарийдің келісуі бойынша сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығына елеулі әсер ететін факторлардың болуын (жоқтығын) ескеретін түзету коэффициенттерінің сандық мәндерін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сол немесе өзге талабының болуын (болмауын) белгілейді;
      6) андеррайтинг мәселелері бойынша қызметкерлермен, сақтандыру делдалдарымен тұрақты негізде әрекеттеседі;
      7) андеррайтинг кеңесіне сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге қатысты ұсынымдарды әзірлейді және ұсынады.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      34. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының, сақтандырылушының пайда алушының назарын:
      1) сақтандыру жағдайының болуы нәтижесінде шығындарды барынша төмендету мүмкіндігіне;
      2) сақтандыру жағдайының басталуы туралы уақтылы хабарлау қажеттілігіне және мүмкіндігіне;
      3) Ұйымға барлық қажетті ақпаратты беруді қоса алғанда, сақтандыру жағдайын бағалауда және тергеуде ынтымақтасуға;
      4) Ұйымға қажетті тексеру жүргізуге және сақтандыру объектісін бағалауға қол жетімділігін беруге;
      5) тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының болуына аудару қажет.
      35. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасқан кезде сақтандырылатын тәуекелдерді бағалау прициптері ескеріледі:
      1) шығынның кездейсоқтығы (шығындардың пайда болу уақытының келтірілген шығын мөлшерінің белгісіздігі, шығынның пайда болуы мүдделі тұлғалардың әрекеттеріне байланысты емес болғаны);
      2) ықтимал шығынды бағалау (күтілетін шығын сомасы есептеледі, оның негізінде сақтандыру шығынын өтеу мен сақтандыру жарналарының мөлшері есептеледі);
      3) шығынды анықтаудың нақтылылығы (айқындығы) (шартта нақты ықтимал тәуекелдері, сақтандыру объектілері, сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда күтілетін сақтандыру төлемі сомасының мөлшері нақты айтылады);
      4) сақтандыру тәуекелдерін бір-біріне байланысты емес болуы.
      36. Ұйым мыналарды қамтитын сақтандыру ісін қалыптастырады:
      1) сақтанушының (сақтандырылушының) қолы қойылған, оның ішінде сақтанушының сақтандыру шарттарымен танысқаны және оның сақтандыру ережесінің көшірмесін алғаны (егер сақтандыру шарты қосылу шарты (сақтандыру полисі) нысанында жасалса) туралы мәліметтері бар, сақтандыруға берілген өтініш;
      2) андеррайтинг шешімі;
      3) сақтанушымен, (сақтандырылушымен, пайда алушымен) және сюрвейер андеррайтинг шешімін қабылдау үшін ұсынған құжаттардың көшірмелері;
      4) сақтандыру шарты (сақтандыру полисі) және енгізілген өзгерістер;
      5) сақтандыру объектісінің жай-күйіне жасалған мониторингінің қорытындысы туралы жазбалар.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Андеррайтинг бөлімшесі ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне және басқармаға әртүрлі деңгейде (директорлар кеңесі, андеррайтинг кеңесі, басқарма, андеррайтинг бөлімшесі, сақтандыру делдалы) қабылданған сақтандыру тәуекелдері, әртүрлі деңгейде қабылданған тәуекелдердің шығындылығы туралы ақпарат береді.
      38. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жылына бір реттен кем емес директорлар кеңесіне, сақтандыру шартын жасасу жөніндегі шешімді осы Нұсқаулықтың 28-тармағының 3) тармақшасында көзделген тұлғалар және органдар қабылдайтын, жауапкершілік лимиттерін қайта қарау бойынша ұсыныстарын береді.

6-тарау. Қайта сақтандыру тәуекелін басқару

      39. Директорлар кеңесі:
      1) қайта сақтандыру саясатын;
      2) шешімдер қабылдауды басқарма, андеррайтинг кеңесі және директорлар кеңесі жүзеге асыратын кіріс және шығыс қайта сақтандыру шарттарының лимиттерін (түрлерін) бекітеді.
      40. Қайта сақтандыру саясаты:
      1) қайта сақтандырумен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;
      2) қайта сақтандыру шарттарын жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің және уәкілетті орган талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тәртібін;
      3) қайта сақтандыру бойынша қарсы серіктесті таңдау критерийлерін;
      4) қайта сақтандыру жөніндегі қарсы серіктестің іскерлік қатынастарды белгілегенге дейінгі (шарт жасасқанға дейінгі) қызметін бағалауды;
      5) қайта сақтандыру жөніндегі қарсы серіктестермен (қайта сақтандырушылармен) бұдан былай әрекеттесу барысында қаржылық жағдайына, оның ішінде олардың рейтингтік көрсеткіштеріне жүйелі мониторинг жүргізуді;
      6) сақтандыру тәуекелдерін жабу үшін пайдаланылатын қайта сақтандыру түрлерін сипаттауды;
      7) қайта сақтандырумен автоматты түрде жабылатын (облигаторлық қайта сақтандыру) сақтандыру сомалары (мөлшері) және түрлері бойынша лимиттерді, сондай-ақ факультативті қайта сақтандыру өтеуді белгілеудің критерийлерін;
      8) бір қайта сақтандырушыдағы барынша жоғары қайта сақтандыру өтемінің сомасын;
      9) актуариймен есептелген сақтандыру портфелі, сақтандырудың сыныбы, түрі және сақтандыру шарты бойынша жеке өзінің ұстап қалуының лимиттерін регламенттейді. Жеке өзінің ұстап қалу лимиттері сақтандыру тәуекеліне және (немесе) сақтандыру жағдайына белгіленуі мүмкін.
      10) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді де регламенттейді.
      41. Басқарма жыл сайын қайта сақтандыру саясатын ағымдағы нарықтық жағдайына сәйкес келуін бағалайды және, қажет болған жағдайда оны қайта қарайды. Қайта сақтандыру саясаты андеррайтинг саясаты не қайта сақтандырушының мәртебесі өзгерген жағдайда түзетіледі.
      42. Ішкі аудит қызметі аудиторлық тексеру жүргізген кезде мыналарды тексереді:
      1) қайта сақтандыру шарттарын;
      2) тиісті қайта сақтандырушыны сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабардар ету жүйесін;
      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде қайта сақтандырушыдан төлем алуды.
      43. Қайта сақтандыру бөлімшесі қайта сақтандыру саясатын іске асырумен байланысты барлық қабылданатын шешімдерді құжаттамалайды.
      44. Қайта сақтандыру бөлімшесі ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне, ал соңғысы тоқсан сайын директорлар кеңесіне бағалау, өлшеу және талдау қорытындылары туралы есеп береді:
      1) қайта сақтандыру бойынша тәуекел туындататын факторлар туралы (оның ішінде аймақтық, нарықтық, саяси, экономикалық жағдайлар);
      2) әрбір қайта сақтандыру жөніндегі қарсы серіктестің (қайта сақтандырушының) кредиттік рейтингіне, сондай-ақ кредиттік рейтингі өзгеруінің пруденциалдық нормативтердің және уәкілетті орган белгілеген сақталуы міндетті өзге нормаларының және лимиттердің есептелуіне жасалатын ықпалына мониторинг жүргізу.
      45. Қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардың тізілімін жүргізеді, жыл сайын қайта сақтандыру шартын жасасқан не жасасу жоспарланған әрбір қайта сақтандырушының қаржылық тұрақтылығына соңғы аяқталған үш қаржы жылғы қаржылық есептілігінің негізінде талдауды (активтердің, сақтандыру резервтердің, міндеттемелерді өтеу үшін меншікті капитал жеткіліктілігін, шығыстардың және кірістердің, ақша қаражатының қозғалысын талдауды қоса алғанда) жүзеге асырады.
      Қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі:
      қайта сақтандырушының заңды тұлға ретінде тіркелуін;
      тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша лицензия не қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, лицензияның не тиісті мемлекеттің тиісті уәкілетті органының қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсатының болуын;
      андеррайтердің не қайта сақтандырушының өзге қызметкерінің қайта сақтандырушының атынан қайта сақтандыру шартын жасасуға өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін жинауды және сақтауды жүзеге асырады.
      Сақтандыру брокердің қызметін пайдаланған жағдайда қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру брокері қызметінің шарттары туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қайта сақтандыру ковернотасын сақтауын және ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      46. Қайта сақтандыру саясатын түзету мақсатында қайта сақтандыру бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес мынаны жасап, активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне және тәуекелдерді басқару бөлімшесіне тапсырады:
      қайта сақтандыру шарттары жасалған қайта сақтандырушылардың қаржылық жағдайының талдамасы;
      соңғы бес жылда қайта сақтандырушыдан алған төлемдерді талдау және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандырудың мақсатқа лайықтығын бағалау;
      актуарий белгілеген жеке өзінің ұстап қалу лимиттерінің барабарлығын талдау.

7-тарау. Сақтандыру төлемдері тәуекелін басқару

      47. Директорлар кеңесі сақтандыру төлемдерінің лимитін бекітеді, олар бойынша шешім қабылдау:
      1) Ұйымның бас офисінің және филиалдарының;
      2) директорлар кеңесінің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, басқарманың, төлемдер жөніндегі бөлімшесінің құзыретіне кіреді.
      48. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процесін қамтамасыз ету мақсатында Ұйым сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама алған сәтінен бастап дереу сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мынаны ұсынады:
      1) сақтандыру түрі бойынша сақтандыру жағдайы басталғаны туралы өтініштің нысанын нұсқаулықтармен және сақтандыру шартының талаптары мен Ұйымның талаптары қалай орындалуы тиіс туралы басқа ақпаратпен бірге;
      2) құжаттарды дайындау үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізімін.
      Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      49. Басқарма сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемі жөніндегі бөлімшеге және (немесе) сақтандыру делдалына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Егер сақтандыру делдалының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) құжаттарды алу мүмкіндігі болса, онымен жасалған тапсырма шартында басқарма Ұйымға құжаттарды жіберудің барабар мерзімдерін белгілейді.
      50. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттарды алғаннан кейін  Ұйым өтініш берушіге қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген анықтама береді.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      51. Егер сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген мерзімде қабылдауға болмайтын болса, Ұйым сақтанушыны (сақтандырылушыны, пайда алушыны) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың мерзімін созу себебін түсіндіріп, хабардар етеді, бұл ретте басқарма сақтандыру төлемін сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
      Егер оқиға сақтандыру жағдайы деп танылмаса, Ұйым сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуден сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалдық актілерінде белгіленген негіздемелер бойынша дәлелді жазбаша бас тарту жібереді.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      52. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш бергеннен кейін және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға ісін электронды не қағаз түрінде қалыптастырады, оған мынадай мәліметтер мен құжаттар кіреді:
      1) іс ашылған күні;
      2) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілген өтініштің нөмірі;
      3) сақтандыру шартының (полисінің) нөмірі;
      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тегі, аты, бар болса - әкесінің аты не атауы;
      5) мүдделі бөлімшелерінің қарау мерзімдерін қоса алғандағы өтінішті қарау рәсімі туралы қысқаша есеп;
      6) сақтандырудың түрі;
      7) сақтандыру жағдайы болған күні;
      8) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған күні;
      9) шығынның сипаттамасы;
      10) өтініш берушілер туралы ақпарат;
      11) бағалау жасалған күні, егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе;
      12) бағалаушы, аджастер, тәуелсіз сарапшы есебінің көшірмесі, егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе;
      13) бағалаушының, аджастердің, тәуелсіз сарапшының қысқаша деректері, сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе;
      14) шығынның бағаланған құны;
      15) сақтандыру төлемінің күні мен сомасы;
      16) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту күні;
      17) сақтандыру делдалдың тегі, аты, бар болса - әкесінің аты не атауы;
      18) сақтандыру ісінің аяқталған күні;
      19) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім;
      20) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) деректемелері.
      53. Сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтандыру жағдайларына сыныптар, сақтандыру түрлері, сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) бойынша талдау жүргізіп, оны тәуекелдерді басқару бөлімшесіне Ұйымның тәуекелдер картасын анықтау үшін ұсынады.
      54. Белгілі бір жасқа дейін өмір сүруіне байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімдерді қоспағанда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген лимиттерге сәйкес тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен және комплаенс-бақылаушымен келіскеннен кейін активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі кеңеспен және басқармамен қабылданады.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      55. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын:
      1) табиғи және техногендік апаттардың басталу сценарийлері кіретін модельдерді пайдалануды көздейтін апаттық тәуекелдерді өлшейді және болжамдайды;
      2) сақтандыру портфелін апаттық оқиғаларға қарсы тұруын бағалайды.
      56. Апаттық тәуекелдер туралы есеп директорлар кеңесінің және басқарманың қарауына беріледі.
      Басқарма жыл сайын апаттардың модельдеуінің және пайдаланылатын болжамдардың дұрыстығын (барынша жоғары ықтимал шығындары факторын) бағалайды.

8-тарау. Сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі тәуекелін басқару

      57. Директорлар кеңесі:
      1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясатын;
      2) сақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді бекітеді.
      58. Басқарма:
      1) сақтандыру резервтерін құру саясатын тиімді іске асыруды және қамтамасыз етуді;
      2) барабар сақтандыру резервтерін қалыптастыру үшін қажетті статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді тиімді іске асыруын әзірлеуді және қамтамасыз етуді;
      3) сақтандыру резервтерін уақтылы қалыптастыруын бақылауды;
      4) Ұйымның штатында жеткілікті деңгейдегі білікті актуарийдің болуын қамтамасыз етуді;
      5) шығындарды есепке алу журналын жүргізу және мазмұны тәртібін анықтауды жүзеге асырады.
      59. Сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясаты уәкілетті органның нормативтік құқтық актілерінің сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарына сәйкес келеді және мыналарды қамтиды:
      шығындар резервін есептеу әдістемелерін (мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар және болған, бірақ мәлімделмеген шығындар);
      таппаған сыйлықақылар резервін (жалпы сақтандыру бойынша) және болмаған шығындар резервін (өмірді сақтандыру бойынша);
      Ұйыммен құрылатын барлық қосымша резервтерді есептеу әдістемелерін;
      қалыптастырылған сақтандыру резервтердің барабарлығына тест жүргізу тәртібін;
      сақтандыру резервтерін есептеу кезеңділігі мен мерзімдерін;
      сақтандыру резервтерін есептеуге жауапты бөлімше мен тұлға.
      60. Ішкі аудит қызметі мынадай іс-шараларды қамтитын сақтандыру резервтерін қалыптастыруды ішкі бақылау және ішкі аудит жүргізу ережесін әзірлейді және директорлар кеңесіне бекітуге ұсынады:
      1) сақтандыру резервтерін қалыптастырғанда пайдаланылатын статистикалық деректердің шынайлығын тексеру;
      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервін барабар қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін шығындарды есепке алу журналын тексеру;
      3) сақтандыру төлемі жүзеге асырылмаған не толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайларының мониторингі;
      4) сақтандыру шарттары тізілімін барлық жасалған сақтандыру шарттардың болуына жүйелі тексеру жүргізу;
      5) сақтандыру агенттерінің жасалған шарттары туралы уақтылы хабардар етуін бақылау.
      Ескерту. 60-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      61. Актуарий:
      1) сақтандыру резервтерін уақтылы және барабар есептеуді;
      2) сақтандыру резервтерін есептегенде шынайы және объективті статистикалық деректерді қолдануын;
      3) сақтандыру резервтерін есептегенде пайдаланылатын қаржылық және өзге көрсеткіштердің барабар және экономикалық негізделген болжамдауды;
      4) шынайы өлім-жітім кестесін пайдалануды;
      5) сақтанушыларды тарту үшін төмендетілген сақтандыру тарифтері бойынша жасалған сақтандыру шарттары бойынша барабар сақтандыру резервтерін есептеуді;
      6) сақтандыру резервтерін сақтандыру түрлері бойынша барабарлығына тест жүргізуді;
      7) сақтандыру резервтерін есептеу бойынша біліктілігі мен дағдыларын арттыруды жүзеге асырады.
      62. Актуарий ай сайын есептеуде қолданылған әдістемелер мен көрсеткіштердің сипаттамасын, Ұйымның тәуекелдер картасы туралы есепті қалыптастыру үшін резервтердің жеткіліктілігі туралы актуарийдің кәсіби пікірін қамтыған сақтандыру резервтері туралы есебін тәуекелдерді басқару бөлімшесіне береді.

9-тарау. Инвестициялық тәуекелдерді басқару

      63. Директорлар кеңесі:
      1) инвестициялық саясатты бекітеді;
      2) сақтандыру резервтерін жабатын активтерді дербес сатып алу туралы, не активтерді ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымының (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына беру туралы шешім қабылдайды.
      64. Инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына тапсырған кезде басқарма инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған шартта мыналардың көрсетілуін қамтамасыз етеді:
      инвестициялық портфельді басқарушының Ұйымның инвестициялық саясатын бұлжытпай сақтауы жөніндегі талапты;
      тәуекелдерге мониторингті жүзеге асыру, оның ішінде стресс-тестингті жүзеге асыру үшін ақпаратпен тиімді алмасу бойынша талапты;
      инвестициялық портфельді басқару барысында қасақана әрекеттері нәтижесінде Ұйымға шығындар әкелгені үшін инвестициялық портфельді басқарушының жауапкершілігін.
      65. Инвестициялық саясат активтерді және пассивтерді басқару кеңесімен (бөлімшемен) қайтарымдылық, әртараптандыру, табыстылық, өтімділік принциптерін ескере отырып, әзірленеді.
      Қайтарымдылық принципі ықтимал шығындарды төмендету не алдын алу мақсатында активтерді орналастыру бойынша тәуекелдерді тиімді бағалауды білдіреді.
      Салымдарды әртараптандыру принципі инвестициялық портфельдің барынша жоғары тұрақтылығына жету, қандай-да бір қаржы құралдарының артықшылығын, активтердің өңірлік, салалық және өзге шоғырлануын болдырмау мақсатында инвестициялық тәуекелдерді бөлу болып табылады.
      Табыстылық принципі капитал салымы нарығындағы жағдайды ескерумен, басқа принциптерді қамтамасыз ете отырып, инвестициялардың рентабельділігін барынша жоғарылату, сондай-ақ барлық инвестициялау уақыты ішінде салынған қаражаттың нақты құнын сақтап қалуға, активтерді тез және оңай сатуға мүмкіндік беретін сақтандыру резервтері қаражатын басқару кезіндегі жоғары рентабельділігі болып табылады.
      Өтімділік принципі Ұйымның міндеттемелерін өтімді қаражатқа оңай айналатын, оларды жабу үшін жеткілікті мөлшердегі қаржы құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді.
      66. Инвестициялық саясат мыналарды регламенттейді:
      1) активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегияларын;
      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесін;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, активтерді инвестициялау лимиттері мен ашық валюталық позициялар үлестерін;
      4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген шарттарын және шектеулерін;
      5) хеджирлеу құралдарының тізбесі мен сипатын көрсете отырып, активтерді хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын;
      6) инвестициялық қызметімен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;
      7) инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық барынша рұқсат етілетін мөлшерін;
      8) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша басқа мәселелер.
      67. Инвестициялық саясатты түзету үшін тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес мыналар жүргізіліп, активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынылады:
      1) қалыптастырылған геосаяси жағдайға, инвестициялау валютасына, экономика секторына байланысты инвестициялау нарығының тартымдылығы дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау;
      2) эмитенттерді және ол шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын талдау, оған эмитенттің қаржылық жай-күйін, оның активтерінің әрі қарай өсуінің әлеуетін, қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерін талдау;
      3) портфельдің құрылымы туралы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді, шығынды позицияларын талдауды және портфель құрылымын оңтайландыру бойынша ұсынымдарды қамтитын инвестициялық портфельді талдауы;
      4) сақтанушыларды (сақтандырылушыларды) экономикалық қызметінің түрлері (экономика секторлары) бойынша, сақтандыру жағдайларының саны бойынша, сақтандыру төлемдерінің сомалары бойынша бөлуді (өмірді сақтандыру үшін сақтандырылушылардың жынысы мен жасы бойынша бөлуді) қоса алғандағы сақтандыру портфелі құрылымын талдау;
      5) келесі он екі күнтізбелік айға сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың, сондай-ақ Ұйымның міндеттемелерінің олардың басталу мерзімдері бойынша болжамдық талдауы;
      6) гэп-талдау, оған өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруі, оның ішінде міндеттемелерді өтеу үшін қажетті өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі ескерілген қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттердің шолуы кіреді.
      67-1. Гэп-талдауды осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
      Гэп-талдаудың қорытындылары уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейін келетін айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
      Ескерту. 67-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      68. Көрсетілген аналитикалық зерттеулердің негізінде Ұйымның құрылымдық бөлімшелері ұсынымдарды беру үшін негіздеме болып табылған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.
      Ұсынымдар:
      1) корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты әзірлеген кезде, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде;
      2) инвестициялау лимиттерін анықтау және қайта қарау кезінде;
      3) шығындардың барынша жоғары рұқсат етілетін мөлшерін анықтау және қайта қарау кезінде;
      4) инвестициялық шешімдер қабылдаған кезде ұсынылады.
      69. Басқарма:
      1) қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында бағалардың күрт құбылуына байланысты («stop-loss» лимиттері) шектен тыс шығыстарға жол бермеу бойынша шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ, қаржы құралдары бойынша бағалардың, тиісті кірістіліктерінің сыни деңгейлерін, оларға жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының төмендеуі ықтималдығы өсетін («take-profit» лимиттері) деңгейлерін анықтайды. «Stop-loss» және «take-profit» лимиттері белсенді нарығы бар қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін активтерді және пассивтерді басқару кеңесі белгілейтін өзге қаржы құралдары үшін белгіленеді;
      2) қаржы құралдары нарығының ауқымына және динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және шығындардың барынша жоғары рұқсат етілетін мөлшерін қайта қараудың бастамашысы болады;
      3) инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық және валюта тәуекеліне ұшырағыштығы туралы қорытындыны дайындайды және оны активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынады.
      70. Инвестициялық саясатта көзделген активтерді инвестициялау лимиттерге:
      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;
      2) белгілі мемлекеттің резиденті болып табылатын эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері («елдің лимиті»);
      3) ашық валюталық позициялар бойынша лимиттері және валюталық нетто-позиция лимиті;
      4) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі секторына байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
      5) қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттері;
      6) қаржы құралдары үшін «take-profit» лимиттері кіреді.
      71. Ұйымның активтерін дербес орналастырған жағдайда инвестициялау инвестициялық шешімдердің негізінде жүзеге асырылады.
      Активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің отырысында инвестициялар жөніндегі бөлімшенің және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындылары қаралады.
      72. Инвестициялық шешім активтерді және пассивтерді басқару кеңесімен қабылданады.
      73. Инвестициялар жөніндегі бөлімшенің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) жасауға ұсынылатын мәмілені жасау мақсатын;
      2) қаржы құралының сипаттамасын, онда осы құралдың түрі, көлемі бағалар диапазоны, кірістілік деңгейі және басқа сиапттары (шарттары) көрсетіледі.
      74. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындысы:
      1) жасалатын мәміленің активтер бойынша кірістердің болжамдалатын өзгеруіне ықпалын;
      2) осы қаржы құралын сатып алуға байланысты тәуекелдерді;
      3) жасалатын мәміленің пруденциалдық нормативтер мәндерінің және уәкілетті орган белгілеген сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің өзгеруіне ықпалын;
      4) ұсынылатын инвестициялық шешімнің варианттарын қамтиды.
      75. Инвестициялық шешім:
      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;
      2) жасалуы тиіс мәміленің түрін;
      3) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралының сәйкестендіргішін;
      4) жасалуы тиіс мәміленің көлемін, бағасын, және сомасын (көлемінің, бағасының және сомасының диапазонын);
      5) мәмілені жасау мерзімдерін;
      6) мәміленің жасалуы көзделетін нарықтың түрін көрсетуді (бастапқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);
      7) көмегімен мәміленің жасалуы болжамдалатын делдалдың (брокердің) атауы (бар болса);
      8) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуы туралы көрсетуді;
      9) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолдарын қамтиды, олардың лауазымдары көрсетіледі.
      76. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім мыналарды қамтиды:
      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;
      2) жасалуы тиіс мәміленің түрін;
      3) хеджирлеу құралының толық сипатын, оның түрі, жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйлықақы), хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарығы, және осы құралдың басқа сипаттамалары (шарттары) көрсетіледі;
      4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижесін;
      5) хеджирлеу объектісінің (базистік активінің) тәуекелін бағалау, онда оның түрі (пайыздық, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдісі көрсетіледі;
      6) хеджирлеу объектісін, онда қажетті деректемелері (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетіледі;
      7) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (кірісті толық алмау) мөлшерін төмендетуге әкелетінін растайтын есепті;
      8) көмегімен мәміленің жасалуы көзделетін делдалдың (брокердің) атауы (бар болған жағдайда);
      9) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуы туралы нұсқауы;
      10) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолдарын қамтиды, олардың лауазымдары көрсетіледі.

10-тарау. Операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқару

      77. Ішкі аудит қызметі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына бағалау жүргізеді және жыл сайын мынадай талаптардың орындалуы туралы директорлар кеңесіне есеп береді:
      Ұйым қызметінің автоматтандырылуы бойынша;
      құжаттамалау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау бойынша.
      77-1. Операциялық тәуекелдерді басқару ішкі бақылау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      78. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын топ тәуекелін талдайды және директорлар кеңесіне:
      акционерлердің және (немесе) бас ұйымның Ұйымды қосымша капиталдандыру мүмкіндігі туралы;
      Ұйым қызметінің аффилиирленген тұлғалардың қызметіне ықпал етуі және байланысты болуы туралы;
      топ қатысушысы банкроттығының (мәжбүрлеп таратылуының) Ұйымның қаржылық ахуалына және төлем қабілеттілігіне әсері туралы;
      Ұйым активтерінің топ ішінде шоғырлануы туралы есеп береді.
      79. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын жүйелік тәуекелді талдайды, директорлар кеңесіне басқа сақтандыру ұйым(дар)ының мәжбүрлеп таратылуы беделіне, сақтандыру өнімдердің сұранысына, Ұйымның сақтандыру қызметін іске асыру арналарына ықпалының талдамасын ұсынады.
      80. Директорлар кеңесі басқармамен әзірленген, тәуекелдерді басқару бөлімшесімен және директорлар кеңесінің жанындағы басқа бөлімшелермен (комитеттермен) келісілген төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын және оған барлық өзгерістерін бекітеді.
      Төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарына мыналар кіреді:
      Ұйым қызметінің ауқымына және күрделілігіне қарай, Ұйым әлсіздігін танытатын ықтимал сценарийлердің түрлері;
      Ұйым қызметінің негізгі бағыттары және төтенше жағдайларға ұшырағыштық дәрежесі;
      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жауапкершілігі және төтенше жағдайлар туындағандағы әрекеттерінің сипаттауы;
      қағаздағы және электронды құжаттаманың резервтік көшірмелерінің болуын қоса алғанда сақтандыру қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін балама механизмдері.
      Басқарма жыл сайын Ұйымның ағымдағы қызметінің оның стратегиялық жоспарына сәйкес келуін ескеріп, Төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын қайта қарайды.
      81. Басқарма құпиялы ақпараттың жария етуін және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау бойынша рәсімдерді бекітеді, олар мыналарды көздейді:
      шектеулі қол жетімділігі бар ақпараттық деректердің тізбесін;
      қол жетімділікті алу тәртібін;
      ақпараттық деректерге қол жетімділігін бақылау тәртібін;
      ақпараттық деректерге қол жетімділігі бар тұлғалардың тізбесін.
      82. Басқарма жабдықтарға жүйелі инспекциялар жүргізу және жұмыс жөніндегі есептерін тексеру арқылы іркілістерді болдырмау рәсімдерін бекітеді. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес:
      автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді;
      басқармаға техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпарат береді.

11-тарау. Комплаенс-тәуекелдерді басқару

      83. Директорлар кеңесі:
      1) ұйымдағы комплаенс-тәуекелдерді басқаруына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
      2) комплаенс-тәуекелдерді басқару саясатын бекітеді, оған сәйкес тұрақты және тиімді комплаенс-функция құрылады;
      3) комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындайды;
      4) кем дегенде жылына бір рет ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігін бағалайды;
      5) комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелерін тиімді және шұғыл шешуін қамтамасыз етуді қоса алғанда комплаенс-тәуекелдерді басқару саясатын іске асырылуын бақылауы жүзеге асырады.
      84. Комплаенс-тәуекелдерді басқару саясаты комплаенс–бақылаушымен әзірленеді және мыналарды белгілейді:
      1) комплаенс-бақылаушының Ұйымның директорлар кеңесіне және басқармаға есеп беруін;
      2) комплаенс-бақылаушының міндеттері мен өкілеттіктерін;
      3) комплаенс-бақылаушының комплаенс-тәуекелді басқару бойынша өздеріне жүктелген функциялары бөлігіндегі дербестігін;
      4) комплаенс-бақылаушының тәуекелдерді басқару бөлімшесімен, ішкі аудит қызметімен және Ұйымның басқа бөлімшелерімен өзара қатынасын;
      5) тексеру жүргізу және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының ықтимал бұзушылықтарын анықтау және осы міндетті атқару үшін ішкі және сыртқы мамандарды тарту құқығын;
      6) тексеру қорытындыларын директорлар кеңесіне және қажет болған жағдайда Ұйымның басқармасына ерікті көрсету және ашу құқығын.
      Ескерту. 84-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      85. Басқарма мыналарға жауапты болады:
      1) комплаенс-тәуекелді басқару саясатының ережесін қабылдауға және қызметкерлерге мәлімет үшін жеткізуге;
      2) комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілігін беруге;
      3) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес басшы және өзге де қызметкерлердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жұмыстарына қатысуын қамтамасыз етуді;
      4) комплаенс–бұзушылықтарын анықтаған жағдайда тиісті түзету және тәртіптік шаралар қабылдауды;
      5) міндетті ішкі бақылауға жататын операцияларды және күмәнді операцияларды уақтылы автоматандырылған түрде анықтау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру.
      Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      86. Басқарма:
      1) Ұйым қызметінің Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның талаптарына сәйкес келуін;
      2) Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініштің нысанында Ұйымға жалған мәліметтерді беру салдарына сілтеменің (Қазақстан Республикасының заңнамасына, сақтандыру ережесіне сілтеме жасау) болуын;
      3) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлерін алаяқтық индикаторларын және белгілерін оқытуды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 86-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      87. Басқарма шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібін бекітеді.
      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) шағымды (өтінішті) берген жағдайда жауапты бөлімше (қызметкер):
      1) белгіленген уақыт кезеңінде шағымды алғаны туралы растайды;
      2) шағымданушыны шағым қандай тәртіппен қаралатыны туралы түсініктемемен қамтамасыз етеді;
      3) дауларды реттеудің ішкі және сыртқы рәсімдері туралы толық ақпарат береді;
      4) шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібімен белгіленген мерзімі ішінде жазбаша түрдегі түпкілікті жауап беруді қамтамасыз етеді.
      88. Комплаенс-бақылаушы:
      1) комплаенс-тәуекелдерді бақылау бойынша және заңсыз жолымен алынған табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді;
      2) өзінің бастамасы бойынша кез келген қызметкермен байланыс жасайды және құжаттарға және мұрағатқа қол жетімділігін алады;
      3) комплаенс-тәуекелдерді бақылау саясаты бойынша ықтимал бұзушылықтарына тергеу жүргізеді және ұйым қызметкерлерден кеңес алады;
      4) бекітілген стратегияға және тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес комплаенс-тәуекелдерді басқарудың басымдықтарын белгілейді;
      5) ішкі және сыртқы реттеуші құжаттарға, оның ішінде корпоративті басқару кодексіне сәйкес келуіне байланысты комплаенс-функцияларының және комплаенс-тәуекелдердің жүйелі бақылауын және мониторингін сәйкес келмеу себептерін анықтай отырып, жүзеге асырады;
      6) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне анықталған кемшіліктері, жөнсіздіктері, бұзушылықтары туралы ақпаратты қамтыған комплаенс-тәуекелдерге немесе бұзушылықтарға және оларды жоюдың ықтимал жолдарына жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы есебін, сондай-ақ комплаенс-бақылауды жүзеге асыруды және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру бойынша ұсынымдарын береді;
      7) сыртқы және ішкі көздерден алынған ресми емес ақпараттың мониторингін жүргізеді, қажет болған жағдайда қызметтік тергеуді ұйымдастырады;
      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
      Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      89. Ұйым шағым талаптарды уақтылы реттеу бойынша қызметін қадағалауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін өзінің статистикалық деректер базасын жүргізеді.

12-тарау. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру

      90. Директорлар кеңесі барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және Ұйым қызметкерлерінің ішкі бақылау саласындағы өзінің міндеттерін атқаруы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық дербестігін қамтамасыз етеді.
      91. Ұйымда ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға жету үшін құрылады:
      1) Ұйым қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігі, Ұйымның активтерін және пассивтерін басқарудың тиімділігі мен рентабельділігін тексеруді және шығындар ықтималдығын анықтауды көздейді;
      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі, толықтығы және уақтылылығы, бұл шынайы және сапалы қаржылық есептілігінің жасалуын тексеруді және шешімдерді қабылдау үшін Ұйыммен пайдаланылатын басқа қаржы құжаттардың тексеруін көздейді;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, бұл Ұйымның заңнаманы, сондай-ақ Ұйымның ішкі саясатын және рәсімдерін анықтайтын құжаттар талаптарының сақтауын тексеруді көздейді.
      Осы компоненттердің тиісінше жұмыс істеуі Ұйымның тиімді қызметінің, ақпараттық жүйелері жұмысының және пруденциалдық нормативтерді және уәкілетті органмен белгіленген Ұйымның сақтауы міндетті өзге нормалары мен лимиттердің сақталуының маңызды шарты болып табылады.
      92. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі өзара байланысты бес компоненттен тұратын үзіліссіз процесі болып табылады:
      1) басқарушылық бақылау;
      2) тәуекелдерді анықтау және бағалау;
      3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;
      4) хабардар болу және өзара әрекеттесу;
      5) мониторинг (ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау) және бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді (кемшіліктерді) жою.
      93. Ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай үш кезеңнің үзіліссіз кезекпен өту принципі бойынша жүреді:
      1) Ұйымның ішкі регламенттеріне рәсімдерді енгізу арқылы ішкі бақылау жүйесін (тиімділігін бағалау қорытындысын ескере отырып) қалыптастыру;
      2) жұмысында Ұйымның ішкі регламенттерін орындау;
      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігінің бағалауын жүргізу.
      94. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі мынадай рәсімдерді жүргізу жолымен жүзеге асырылады:
      1) жауапты бөлімшенің директорлар кеңесіне және басқармаға қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижесі жөніндегі есепті қаржылық қызметінің жоспарлық көрсеткіштерін қоса бере отырып, ұсыну арқылы қойылған мақсаттарға және міндеттерге жету процесін тоқсан сайын тексеру;
      2) бөлімше басшыларының бөлімше қызметінің нәтижесі туралы стандартты егжей-тегжейлі есептерін жоспарлы көрсеткіштерден анықталған ауытқуларды, сондай-ақ жоспарлық көрсеткіштерді орындамау себептерін көрсете отырып, ай сайын тексеруі;
      3) кассадағы қолма-қол ақшаны және қаржы құралдарын қоса алғанда кезең-кезеңімен түгендеу жүргізу;
      4) белгіленген тәуекелдер лимиттерін орындауды және анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шараларын іске асыруды тексеру;
      5) міндетті түрде авторландыру талап ететін операциялардың тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеу;
      6) операциялар шарттарын және тәуекелдерді басқару модельдерін қолданудың нәтижелерін тексеру;
      7) жасалған операцияларды есепте және есептілікте көрсетудің уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын және нақтылылығын тексеру.
      95. Ішкі аудит қызметі мынадай мақсаттарда құрылады:
      Ұйым қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау жүйесінің барабарлығын және тиімділігін бағалау, бөлімшелердің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауының жай-күйі туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша пәрменді және тиімді ұсынымдарды ұсыну;
      директорлар кеңесінің барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру барысында туындаған міндеттерді ішкі бақылау жүйесінің объективті бағалауын және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен шешу.
      96. Ішкі аудит қызметі өзінің қызметінде Ұйымның жарғысын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және Ұйымның ішкі аудит қызметі туралы ережені, сондай-ақ Ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды және осы Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.
      97. Ішкі аудит қызметінің мүшелерін Ұйымның директорлар кеңесі тағайындайды.
      98. Ішкі аудит қызметі Ұйымның директорлар кеңесімен бекітілетін ішкі аудит жоспарын және ішкі аудит бағдарламасын жасайды.
      99. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді қарау және талқылау кіреді:
      1) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі;
      2) директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметі туралы есептілікті дайындау;
      3) ағымдағы жылда ішкі және сыртқы аудит жүргізуді қажет ететін Ұйымның операцияларындағы (мәмілелеріндегі) тәуекел аясы;
      4) менеджментке және сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын қаржылық ақпараттың шынайылығы мен нақтылылығы;
      5) сыртқы және ішкі аудиторлармен бухгалтерлік есепте немесе ішкі аудитте анықталған кез келген елеулі кемшіліктер.
      100. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:
      1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру және бағалау;
      2) Ұйымның тәуекелдерін бағалау әдістемесінің қолдану толықтығы мен тиімділігін және Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесін тексеру;
      3) ережені, бюджетті, ішкі аудит қызметінің жоспарын және бағдарламасын, аудиторлық қорытындысын, Ұйымның қызметін бағалаудың критерийлерін әзірлеу және директорлар кеңесіне бекітуге беру;
      4) кез келген бөлімшенің қызметін немесе Ұйымның лауазымды тұлғасының қызметін тексеруді тағайындау және директорлар кеңесіне есепті жүйелі түрде беру;
      5) бөлімшелердің уәкілетті органға, басшылыққа және басқа мүдделі тараптарға тапсыратын тиісті есептік немесе сұратылған ақпараттың (оның ішінде қаржылық мониторингке жататын ақпараттың) шынайлығын, толық ашылуын, объективтігін, уақтылылығын тексеру;
      6) директорлар кеңесіне ішкі аудиторларға кандидатураларды бекіту бойынша ұсынымдар ұсыну;
      7) аудит (ішкі, сыртқы) процесстерінің тиімділігін және дербестігін қамтамасыз ету;
      8) бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі ішкі тексерулерді жүргізу арқылы халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін бақылау ортаны қалыптастыру;
      9) бухгалтерлік есеп жүргізуді және аудит (ішкі және сыртқы) жүргізуді бақылау;
      10) директорлар кеңесіне ішкі аудитті жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру;
      11) ұйым қызметінің қаржылық тұрақтылығына және төлем қабілеттілігіне жүйелі талдау мен бағалау жүргізу;
      12) активтерді және пассивтерді басқару бөлігінде қабылданған басқарушылық шешімдерді орындаудың тиімділігін бағалау;
      13) қаржылық есептілікте Ұйымның қызметін көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығын және нақтылығын тексеру;
      14) қаржылық есептіліктің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін тексеру;
      15) қаржы құжаттарын талдау, оның ішінде:
      жиынтық балансты және пайда және шығындар туралы есепті алдыңғы кезеңмен және жоспарланған қаржы көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде;
      қаржы құралдары түрлері бойынша топтастырылған және баланстық пен нарықтық құны, кірістілігі және сатып алудың (сатудың) жалпы сомасы көрсетілген инвестициялар туралы есеп;
      16) уәкілетті органмен белгіленген пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті нормалардың және лимиттердің сақталуын тексеру;
      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін хронологиялық тәртіппен жүргізуді бақылау;
      18) сақтандыру портфелі көлемінің кем дегенде елу бір пайызын (сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуін, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды, қайта сақтандырушылардың Ұйым алдындағы міндеттемелерді орындауын қоса алғанда) жыл сайын тексеру;
      19) басшылар жол берген акционерлердің (қатысушылардың) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау түріндегі барлық бұзушылықтары туралы акционерлерді дереу хабардар ету;
      20) Ұйымның ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шегіндегі өзге функциялар.
      101. Ішкі аудит қызметі сыртқы аудитордың кандидатурасын алдын ала іріктеуді дербес не Ұйымның жұмыс тобының құрамында жүзеге асырады. Сыртқы аудиторды таңдау жөніндегі ұсыныс Ұйым акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына беріледі.
      102. Ішкі аудит қызметінің Басшысы мен қызметкерлері бір мезгілде Ұйымның басқа бөлімшелеріне басшылық (жетекшілік) жасай алмайды, сондай-ақ комитеттердің және Ұйымның басқа органдарының мүшесі бола алмайды.
      103. Ішкі аудиторлардың:
      1) арнайы экономикалық білімі;
      2) кәсіби міндеттерін атқару үшін қажетті және жеткілікті білімі мен дағдысы;
      3) берілген тапсырмаларды орындау үшін жеткілікті көлемде автоматтандырылған аудит әдістерін пайдалану дағдылары;
      4) жүргізілетін аудиттің объективтігін қамтамасыз ететін кәсіби қасиеті.
      104. Ішкі аудиторлар күнделікті жұмыс барысында:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
      2) халықаралық аудиторлық стандарттарды басшылыққа алады;
      3) алаяқтық салдарынан есептілікті бұрмалау фактілерін анықтау рәсімдерін жүргізеді;
      4) аудиторлық шешімдерді және дәлелдерді құжаттамалайды;
      5) өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған ақпараттың құпиялылығын сақтайды;
      6) алынған аудиторлық дәлелдерді бағалау барысында ұйымның негізгі қызметіне сәйкес келмейтін операцияларды (мәмілелерді) тексеру рәсімдерін жүргізеді, онда операцияның (мәміленің) ұйымның мақсаттарына (мақсаты жоқ) сәйкес келуін алаяқтық жасалуы бойынша бағаланады;
      7) аудиторлық айғақтардың сенімділігін бағалау принциптерін басшылыққа алады:
      сыртқы көздерден алынған дәлелдер ішкі көздерден алынған дәлелдерден сенімдірек болады;
      егер бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері тиімді болса, ішкі көздерден алынған дәлелдер сенімдірек болады;
      аудитормен жинақталған дәлелдер субъект берген дәлелдерден сенімдірек болады;
      құжаттар мен жазбаша өтініштер нысанындағы дәлелдер ауызша нысанында ұсынылған дәлелдерден сенімдірек болады.
      Дәлелдер бір-біріне қайшы келген жағдайда ішкі аудитор шынайы жағдайды анықтау үшін қосымша рәсімдер жүргізеді.
      105. Ішкі аудит қызметінің басшысы:
      1) жергілікті есеп жүйелеріндегі және автономдық компьютерлік жүйелердегі бар материалдарға, мәліметтерге, құжаттарға (файлдарға) оларға өзгерістер енгізу құқығынсыз шектелмеген қол жетімділігі бар;
      2) директорлар кеңесіне ішкі аудиттің ұйымдық дербестігі мен объективтілігі фактісін жүйелі дәлелдейді;
      3) егер ішкі аудиторлардың дербестігі немесе объективтілігі теріс ықпалға ұшыраса (мүдделер қайшылығы, құжаттамаға, мүлікке, активтерге қол жетімділігі өкілеттіктерін шектеу), ол туралы ақпарат дереу директорлар кеңесіне ашылады;
      4) аудиторлық тексерудің басталуына дейінгі бір айдан кешіктірмей басшы қызметкерлерден мына төмендегілер жайында жазбаша сұрату жібереді:
      қаржылық есептілікті елеулі бұрмалау тәуекелін бағалаудың қорытындысын толығымен ашу;
      басшылықтың және ішкі бақылау жүйесінде мыңызды роль атқаратын қызметкерлердің (оның ішінде жұмыстан босағандар) тарапынан, және қаржылық есептілікке елеулі әсерін тигізе алатын басқа тұлғалардың алаяқтық әрекеттері немесе алаяқтық күдігі туралы ақпаратты ашу.
      106. Ішкі аудит қызметі жыл сайын құрылымдық бөлімшелердің (оның ішінде еншілес және бағынышты ұйымдардың) тексеруін басқармамен бекітілген, жасалған және бұзылған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, сақтандыру төлемдері, комиссиялық ақылар, дебиторлық (кредиторлық) берешектер бойынша операциялар жүргізу техникасын сақтау жөнінде жүзеге асырады.
      107. Ішкі аудит қызметі барлық бөлімшелерден, филиалдардан, өкілдіктерден, комитеттерден және Ұйым қызметкерлерінен өздерінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті кез келген құжаттарды және ақпаратты ішкі аудит және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің сұратуында көрсетілген мерзімде алады.
      Ескерту. 107-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      108. Ұйымның қызметкерлері ішкі аудит қызметін мынадай мәмілелер (операциялар) туралы хабардар етеді:
      1) қолма-қол ақшамен төлеу нысанында бір миллион теңгеден асатын сомаға жасалған кез келген мәмілелер (оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша);
      2) бес миллион теңгеден артық мөлшердегі сақтандыру төлемін жүзеге асыру;
      3) растайтын құжаттарды тапсырмай қаржы құралын талап ету құқығын қайта ресімдеу немесе қайта табыстау;
      4) заңдылығында күдік туғызатын басқа операциялар немесе мәмілелер туралы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарында тәуекелдерді     
басқару және ішкі бақылау    
жүйелерінің болуына қойылатын
талаптар жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша        

«____________________________»
(Ұйымның атауы)
____________ жылғы
(кк/аа/жж)

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау жөніндегі есебі

Нұсқаулықтың тиісті абзацының, тармақшасының, тармағының нұсқауы

Талапқа сәйкес келуін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар (іс-шараның мазмұны, орындау мерзімдері)

Жауапты орындаушылар (тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты), лауазымы, байланыс ақпараты)

1






      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуінің жалпы бағасы: _______________________

      Кестені толтыру бойынша түсініктеме:
      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
      1) ТС – «толығымен сәйкес келеді»
      Талап критерийін елеулі ауытқусыз орындаған жағдайда;
      2) ІС – «ішінара сәйкес келеді»
      Ауытқулар басшылықтың бақылауына алынып, жақын арада жойылатындықтан Ұйымның келешекте осы критерийді орындауға жететініне күмән туғызуына жеткілікті деп саналмайтын талап критерийінен ауытқуларды (кемшіліктерді) анықтаған жағдайда;
      3) СК – «сәйкес келмейді»
      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптар критерийін орындамаған жағдайда;
      4) ҚМ - «қолданылмайды»
      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын жеке талаптар бағалауды жүзеге асырған күніне Ұйымға қолданылмаған жағдайда.
      «Қолданылмайды» бағалауы Ұйым осы Нұсқаулықтың талаптары критерийлерін орындаған үлесінің есебіне кірмейді.

      Ұйымның бірінші басшысы
      (не оның орнындағы тұлға) _______________   ______________
                                     қолы              күні

      Тәуекелдерді басқару
      бөлімшенің басшысы        _______________   ______________
                                     қолы              күні

      Ішкі аудит қызметінің
      басшысы                   _______________   ______________
                                     қолы              күні

Сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымдарында тәуекелдерді      
басқару және ішкі бақылау     
жүйелерінің болуына қойылатын 
талаптар жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша         

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеуі сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

көп 30%

1

2

3

4

5

6

7

8

















































Шығын жиынтығы


      Ескерту:
      1) 1-бағанда нарықтық бағасы бар түрлері бойынша және экономика секторы бойынша топтастырылған қаржы құралдары көрсетіледі;
      2) 3, 4, 5, 6, 7-бағандарында қаржы құралының әрбір санаты бойынша тек болжанатын бір ғана сценарий таңдалады;
      3) сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазын өтеуге дейінгі мерзімі

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Купондық сыйақының пайыздық ставкасының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

6% артық

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан артық







Шығын жиынтығы


      Ескерту:
      1) 3, 4, 5, 6-бағандарында бір санаттағы қаржы құралдары бірнеше сценарийге түсірілуі мүмкін;
      2) сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

3-нысан

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

3.1-нысан

Шетел валютасының атауы

Осы шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Шетел валютасына қарағанда теңгенің нығаю сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20% артық





































Шығын жиынтығы


      Ескерту:
      Сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

3.2-нысан

Шетел валютасындағы міндеттемелердің шетел валютасындағы активтерден асып кетуі

Шетел валютасына қарағанда теңгенің нығаю сценарийі

есепті күнге

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20% артық

1

2

3

4

5

6

7

8

Валюта түрі:
















      Ескерту:
      1) 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда таңдалған сценарий бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің шетел валютасындағы активтерден асып кетуі пайызбен көрсетіледі;
      2) сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

4-нысан

Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг

4.1-нысан

Мәлімделген бірақ реттелмеген шығындар резервінің өсуі сценарийі

жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі

10-20%

21-30%

31-40%

41-50%

51-60%

60% және одан көп







      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

4.2-нысан

Қаржы құралдарының ағымды құнының төмендеуі сценарийі

жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі

0-5%

6-10%

11-20%

21-30%

31-40%

41% және одан көп

төлем қабілеттілігі маржасының нормативі







      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.
      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:
      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
           қолы            күні

5-нысан

Сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдер бойынша
стресс-тестинг

5.1-нысан

Тариф базисі көрсеткіштеріне жетпеу сценарийі

Тарифтік базис

Нақты РШР (мың. теңге)

Тарифтік базис

5-10%

11-20%

21-30%

31-40%

40% және көп

Таңдалған сценарий бойынша РШР (мың.теңге)

РШР айырмасы (9-2) (мың.теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

тиімді жылдық пайыздық ставка


тиімді жылдық пайыздық ставка (төмендеуі)








өлім-жітім/белгілі бір жасқа дейін өмір сүру көрсеткіштері

өлім- жітім/ белгілі бір жасқа дейін өмір сүру көрсеткіштері (өсуі)








сақтандыру төлемдерін индекстеу ставкасы

сақтандыру төлемдерін индекстеу ставкасы (өсуі)








шығыстар көрсеткіштері

шығыстар көрсеткіштері (өсуі)








      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

5.2-нысан


Аурулардың өсуі сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

20%-40%

41%-60%

61%-80%

81%-100%

101% және көп

Сақтандыру резервтерінің мөлшері







Сақтандыру төлемдерінің мөлшері







Шығын жиынтығы


      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

5.3-нысан


Сақтандыру шарттарын бұзу жағдайларының көбеюі сценарийі*

20%-40%

41%-60%

61%-80%

81%-100%

101% және одан көп

Қайтарылған сақтандыру сыйлықақылардың (сатып алу сомасының) көлемі






жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің нормативі






      * өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда
      Ескерту: сценарийді таңдаған кезде әрбір бағанда көрсетілген аралықтарда бір көрсеткішті таңдау керек.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

5.4-нысан

Қайта сақтандыру ұйымы

Қайта сақтандыру ұйымының төлемді толық емес көлемде төлеуінің сақтандыру ұйымы портфелінің шығындылығы коэффициентіне әсер етуі сценарийі (пайызбен)

Бірінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы

10

ШК*

20

ШК

30

ШК

40

ШК

50

ШК

60

ШК

70

ШК

80

ШК

90

ШК

100

ШК

Екінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Үшінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Төртінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















Бесінші ең ірі қайта сақтандыру ұйымы





















      * сақтандыру ұйымының портфелі бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық коэффициенті

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ________________ ______________
          қолы             күні

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарында тәуекелдерді     
басқару және ішкі бақылау    
жүйелерінің болуына қойылатын
талаптар жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша         

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайта сақтандырушылардың тізілімі

Рейтинг

Қайта сақтандырушының атауы

Қайта сақтандыруға берілген жауапкершіліктің үлесі (мың теңге)

Қайта сақтандырушы андеррайтерінің, брокердің (қайта сақтандыру шартын жасасуға жауапты тұлғаның) байланыс деректері

қайта сақтандыру тәуекелін қабылдауға жауапты (қайта сақтандыруға тәуекелді қабылдау жөнінде шешім қабылдаған) тұлға











Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарында тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесінің болуы
жөніндегі талаптар туралы нұсқаулыққа
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

«Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдама

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 181 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Есепті кезең: 20 __ жылғы «___» __________ жағдай бойынша

      Индексі: GAP-LI1
      Кезеңділігі: ай сайын
      Ұсынатындар: «Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Ұсыну мерзімі - есепті тоқсаннан кейінгі он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

«Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдама
«__________________________________»
(Ұйымның атауы) 20 __ жылғы «___» ____________

нысан

(мың теңгемен)


Өтегенге дейінгі мерзім*

1 айға дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 6 айға дейін

6 айдан бастап 1 жылға дейін

1 жылдан 3 жылға дейін

3 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жылға дейін

10 жылдан жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I

Активтер









1.

салымдар - барлығы, оның ішінде:









1.1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар









1.2

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдары мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келгенде: «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «ВВ-»-дан төмен емес ұзақмерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болғанда; резидент емес - бас банктерi - күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергендегi (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «А-»-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақмерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент-еншiлес банктер болып табылады;









1.3

Күмәндi борыштар бойынша резервтi шегергендегi, «Standard & Poor's» агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В+»-тен «В»-ға дейiнгi ұзақмерзiмдi рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкiлi бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейiнгi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)









2.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған)









3.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары









3.1

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары









4.

Қазақстан Республикасының және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:









4.1

«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









4.2

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі - № 189 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялар немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









4.2.1

«В-»-тен төмен емес рейтингі бар, осы қосымшаның 4.2 жолында көрсетілген акцияларға жатпайтын заңды тұлғалардың, күмәнді борыш бойынша резерв шегерілген акциялары









4.3

«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары









4.4

«Standard & Poor's» агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздары









4.5

осы қосымшаның 4.3 және 4.4 жолдарында көрсетілген деңгейден төмен рейтингтік бағасы бар, сондай-ақ № 189 қаулыға сәйкес қор биржасы ресми тізімінің «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санаты бойынша «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген рейтингтік бағасы жоқ, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) борыштық бағалы қағаздар









4.6

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен (бұдан әрі - № 131 нұсқаулық) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықтың 36-тармағы 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар









4.7

№ 131 нұсқаулықтың 36-тармағы 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар









5.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялары









6.

«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар









7.

шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар: «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар; «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар









8.

тізбесі № 131 нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының күмәнді борыштар бойынша резервтері шегерілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген) бағалы қағаздары









II

Баланс бойынша активтер









III

Сақтандыру сыныптары бойынша міндеттемелер









1.

өмірді сақтандыру









2.

аннуитеттік сақтандыру









3.

жазатайым оқиғалардан сақтандыру









4.

ауырған жағдайдан сақтандыру









IV

Гэп көрсеткіші (I-III)









V

Активтерден гэп көрсеткіші пайызбен (IV/II)









VII

Кумулятивтік гэп**









VII

Активтерден кумулятивтік гэп пайызбен (VII/II)









      Ескерту:
      * өтеу мерзімі жоқ активтер 10-бағанда көрсетіледі;
      ** V-жолда кумулятивтік гэп мынадай формула бойынша есептеледі:
      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      _______________________________________ _____________________
                  қолы                               күні
      Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы
      _______________________________________ _____________________
                қолы                                  күні

«Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдама» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған гэп-талдама» нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі - Нысан).
      2. Нысан «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдар тоқсан сайын толтырады.
      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланалатын өлшем бірлігі мың теңгемен және пайызбен (үтірден кейінгі екінші белгіге дейін). Бес жүз теңгеге дейінгі сома нөлге дейін дөңгелектеледі, ал бес жүзге тең және одан көп сома бір мың теңгеге дейін дөңгелектеледі.
       5. Нысанға бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде - оның орнындағы адам), тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысан әрбір есепті күні толтырады.
      7. Өтеу мерзімі жоқ активтер 10-бағанда көрсетіледі.
      8. V жолда кумулятивтік гэп мынадай формула бойынша есептеледі: