Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы № 30 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 72 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6078 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 349 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қазандағы № 324 бірлескен бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011.09.27 № 349 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011.10.01 № 324 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы  тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.С. Өжкенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеулуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрінің
      міндетін атқарушы                               Д. Тұрғанов

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы Энергетика
және минералдық ресурстар  
министрінің міндетін атқарушы 
2010 жылғы 15 ақпандағы № 30  
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 18 ақпандағы № 72 
бірлескен бұйрығымен бекітілді

Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органымен жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу үшін Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел – жер қойнауын пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде, олардың зардаптарының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жағдайына, минералдық шикізат қорына зиян келтіруінің ықтималдығы;
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау субъектісі – жеке келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы.

2. Тәуекел санаттары бойынша жер қойнауын пайдалану
саласындағы тәуекел түрлері және бақылау субъектілерін
бөлу

      3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау субъектілерін тәуекелдер санаттары бойынша жүзеге асырылады.
      4. Жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау субъектілері бастапқы бөлінуінде 3 тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
      1) 1-санатқа – жоғары тәуекел дәрежесіне жер қойнауын пайдалану саласындағы мынадай бақылау субъектілері жатады:
      қатты пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      облыс орталықтары мен үлкен қалаларды сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      2) 2-санатқа – жоғары тәуекел дәрежесіне жер қойнауын пайдалану саласындағы мынадай бақылау субъектілері жатады:
      қатты пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      ірілерін есептемегенде, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      3) 3-санатқа – болмашы тәуекел дәрежесіне жер қойнауын пайдалану саласындағы мынадай бақылау субъектілері жатады:
      селолық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын.
      5. Жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау субъектілерін кейінгі бөлу кезінде, әр субъектіге тиісті баллдар беріледі:
      жоспарлы өндіру көлемінің орындалуы:
      50%-ға дейін – 20 балл;
      50%-дан 70%-ға дейін – 15 балл;
      70%-дан 90%-ға дейін – 10 балл;
      90%-дан 95%-ға дейін – 5 балл;
      жоспарлы өндіру көлемінің орындалуы:
      50%-ға дейін – 20 балл;
      50%-дан 70%-ға дейін – 15 балл;
      70%-дан 90%-ға дейін – 10 балл;
      90%-дан 95%-ға дейін – 5 балл;
      Кен орнын игерудің күнтізбелік кестесінің сақталмауы – 20 балл;
      келісілмеген бағыттарда және көлемдерде жұмыс жүргізу – 20 балл;
      ысырап нормативтерінің сақталмауы – 20 балл;
      өндіруді дұрыс есептеудің қамтамасыз етілмеуі – 20 балл;
      газды кәдеге жарату бағдарламасының сақталмауы – 20 балл;
      газды нормативтен тыс жағу – 20 балл;
      ұңғымалар қорының сақталмауы – 20 балл;
      қойнауқат қысымын көтеру үшін жұмыстық агентті (суды, газды) қайта айдау көлемінің сақталмауы – 20 балл;
      кенорындарын жобаға сәйкес жайластыру жөніндегі жұмыстардың орындалмауы – 20 балл;
      ұңғыларды салу және пайдалану кезінде техникалық жағдайдың бұзылуы – 20 балл;
      Жұмыс бағдарласына және барлау жобаларына сәйкес, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кестесінің сақталмауы – 10 балл;
      объектіні сынамалық пайдалану кезінде зерттеу жұмыстары көлемінің орындалмауы – 10 балл;
      жерасты сулары мониторингінің жүргізілмеуі – 5 балл;
      су алу қондырғыларында алғашқы су алу есебінің болмауы – 5 балл.
      Мынадай балл жинаған субъектілер:
      80 балдан жоғары жоғары тәуекелді – 1-санатқа;
      30-дан 80 балға дейін орташа тәуекелді – 2-санатқа;
      30-ға дейін болмашы тәуекелді – 3-санатқа жатқызылады.
      6. Қызмет кезеңінде, жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау субъектілері, бұзушылыққа жол берген жағдайда, тиісті тексерулердің ретіне қарай, төменгі дәрежелі санаттан неғұрлым жоғары тәуекел дәрежесіне және қайта ауысуы мүмкін.
      Бір тәуекелдік тобының ішінде тексерулер жүргізу кезегі:
      1) өндіру көлемі бойынша;
      2) жиналған баллдардың ең көп сомасы бойынша анықталады.