"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы N 52 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6058 болып енгізілді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.10 № 393 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.10 № 393 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.10 № 393 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) тиісті мемлекеттік органдарға осы бұйрықтың көшірмесі жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Р. Дәленов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Қаржы нарығын және қаржы


ұйымдарын реттеу мен қадағалау


агенттігі


__________ Е.Л. Бахмутова


2010 жылғы 26 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 10 ақпандағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.10 № 393 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Андорра Князьдігі.

      2. Антигуа және Барбуда мемлекеті.

      3. Багам аралдары достастығы.

      4. Барбадос мемлекеті.

      5. Белиз мемлекеті.

      6. Бруней Даруссалам мемлекеті.

      7. Вануату Республикасы.

      8. Гватемала Республикасы.

      9. Гренада мемлекеті.

      10. Джибути Республикасы.

      11. Доминикан Республикасы.

      12. Индонезия Республикасы.

      13. Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана).

      14. Кипр Республикасы.

      15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандардың аумағы бөлігінде ғана).

      16. Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы.

      17. Коста-Рика Республикасы.

      18. Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана).

      19. Либерия Республикасы.

      20. Лихтенштейн Князьдігі.

      21. Маврикий Республикасы.

      22. Португалия (Мадейра аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).

      23. Мальдив Республикасы.

      24. Мальта Республикасы.

      25. Маршалл аралдары Республикасы.

      26. Монако Князьдігі.

      27. Мьянма Одағы.

      28. Науру Республикасы.

      29. Нидерланд (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының аумағы бөлігінде ғана).

      30. Нигерия Федеративтік Республикасы.

      31. Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана).

      32. Палау Республикасы.

      33. Панама Республикасы.

      34. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.

      35. Сейшель аралдары Республикасы.

      36. Сент-Винсент және Гренадины мемлекеті.

      37. Сент-Китс және Невис Федерациясы.

      38. Сент-Люсия мемлекеті.

      39. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (келесі аумақтары бөлігінде ғана):

      1) Ангилья Аралдары;

      2) Бермуд аралдары;

      3) Британдық Виргин аралдары;

      4) Гибралтар;

      5) Кайман аралдары;

      6) Монтсеррат аралы;

      7) Теркс және Кайкос аралдары;

      8) Мэн аралы;

      9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

      10) Оңтүстік Георгия аралы;

      11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;

      12) Чагос аралы.

      40. Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы, Вайоминг штаты, Делавэр штаты аумақтары бөлігінде ғана).

      41. Тонга Корольдігі.

      42. Филиппин Республикасы.

      43. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

      44. Бахрейн Корольдігі.

      45. Гайана Кооперативтік Республикасы.

      46. Доминика Достастығы.

      47. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана).

      48. Колумбия Республикасы.

      49. Ливан Республикасы.

      50. Люксембург Ұлы Герцогтігі.

      51. Мавритания Ислам Республикасы.

      52. Мариан аралдары.

      53. Марокко корольдігі (Танжер қаласының аумағы бөлігінде ғана).

      54. Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана).

      55. Сан-Марино Республикасы.

      56. Суринам Республикасы.

      57. Біріккен Танзания Республикасы.

      58. Тринидад және Тобаго Республикасы.

      59. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.

      60. Француз Республикасы (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):

      1) Кергелен аралдары;

      2) Француздық Полинезия;

      3) Француздық Гвиана.

      61. Черногория Республикасы.

      62. Ямайка.