Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 915 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21268 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 қыркүйегі
№ 915 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып енгізілген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 42 (1838) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      2. "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9794 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қазанда жарияланған).

      3. "Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 477 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9920 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қантарда жарияланған).

      4. "Аудиторлық ұйымдарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 526 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9967 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қантарда жарияланған).

      5. "Қаржы мониторингі субъектілерінің электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың ХМL пішімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 345 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11569 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған).

      6. "Аудиторлық ұйымдарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 526 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 706 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12969 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 ақпанда жарияланған).

      7. "Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13500 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 наурызда жарияланған).

      8. "Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 709 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12977 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 ақпанда жарияланған).

      9. "Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 161 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13688 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 мамырда жарияланған).

      10. "Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 205 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13763 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. "Лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 704 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14708 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. "Ломбардтар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризимді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14706 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. "Бағалы металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14705 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 658 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16017 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).