"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы N 52 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6058 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 16-баптың 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) тиісті мемлекеттік органдарға осы бұйрықтың көшірмесі жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                              Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
      агенттігі
      __________ Е.Л. Бахмутова
      2010 жылғы 26 қаңтар

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің м.а  
2010 жылғы 10 ақпандағы
№ 52 бұйрығымен бекітілген

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесі

      1) Андорра Князьдігі.
      2) Антигуа және Барбуда мемлекеті.
      3) Багам аралдары достастығы.
      4) Барбадос мемлекеті.
      5) Белиз мемлекеті.
      6) Бруней Даруссалам мемлекеті.
      7) Вануату Республикасы.
      8) Гватемала Республикасы.
      9) Гренада мемлекеті.
      10) Джибути Республикасы.
      11) Доминикан Республикасы.
      12) Индонезия Республикасы.
      13) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана).
      14) Кипр Республикасы.
      15) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандардың аумағы бөлігінде ғана).
      16) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы.
      17) Коста-Рика Республикасы.
      18) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана).
      19) Либерия Республикасы.
      20) Лихтенштейн Князьдігі.
      21) Маврикий Республикасы.
      22) Португалия (Мадейра аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
      23) Мальдив Республикасы.
      24) Мальта Республикасы.
      25) Маршалл аралдары Республикасы.
      26) Монако Князьдігі.
      27) Мьянма Одағы.
      28) Науру Республикасы.
      29) Нидерланд (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының аумағы бөлігінде ғана).
      30) Нигерия Федеративтік Республикасы.
      31) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана).
      32) Палау Республикасы.
      33) Панама Республикасы.
      34) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
      35) Сейшель аралдары Республикасы.
      36) Сент-Винсент және Гренадины мемлекеті.
      37) Сент-Китс және Невис Федерациясы.
      38) Сент-Люсия мемлекеті.
      39) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (келесі аумақтары бөлігінде ғана):
      Ангилья Аралдары;
      Бермуд аралдары;
      Британдық Виргин аралдары;
      Гибралтар;
      Кайман аралдары;
      Монтсеррат аралы;
      Теркс және Кайкос аралдары;
      Мэн аралы;
      Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары).
      40) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам
аралы мен Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлігінде ғана).
      41) Тонга Корольдігі.
      42) Филиппин Республикасы.
      43) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.