Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3649 тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 2-4 және 2-5-тармақтармен толықтырылсын:
«2-4. Қор биржасы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуi осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
1) қор биржасының сауда жүйесін әрбір пайдаланған кезде осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалану арқылы қор биржасының мүшесi атынан мәмiле жасауға және iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi жеке тұлғаларды (трейдер) сәйкестендіруді;
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес құқығы жоқ тұлғалардың қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып мәмілелер жасау мүмкіндігін шектеуді;
3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 56-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға, сондай-ақ Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5406 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру ережесiнің 9-тарауына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi анықтау тұрғысынан қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер параметрлеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
2-5. Орталық депозитарий үшін бағдарламалық қамтамасыз етуi осы Нұсқаулықтың 1-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасында, 2-тармағында және 2-1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
1) Депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операцияларды жасағанға дейін:
бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығын ескере отырып осындай операцияларды жасау мүмкіндігін;
орталық депозитарийдің ережелер жиынтығының талаптарына сәйкес тұрғысынан депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операциялар жасалатын негізінде құжаттардың деректемелерін;
депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша жасалатын операциялар негізінде құжаттарды беретін тұлғалардың осы іс-әрекеттерді жасауға өкілеттігін тексеруді;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жасалған тексерулердің нәтижесі бойынша:
операцияларды жасауға Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығына болжанған сәйкессіздіктер анықталса;
орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша жасалатын операциялар негізінде құжаттарында деректемелердің болмауы анықталса;
депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша жасалатын операциялар негізінде құжаттарды беретін тұлғалардың осы іс-әрекеттерді жасауға өкілеттігі расталмаса депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операцияларды жасаудан бас тартуды;
3) егер келесі операциялық күні ашылмаса операциялық күн жабылғаннан кейін депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мүмкіндігін шектеуді;
4) бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу барысында анықталған қателер мен сәйкессіздіктерді оларды жою және бағдарламалық қамтамасыз етудің одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған іс-шараларды көрсете отырып, сәйкессіздіктер журналында белгілеуді;
5) орталық депозитарий клиенттерінің бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара іс-әрекетін қамтамасыз етуі тиіс.».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
3. 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «Қазақстан қор биржасы» Акционерлік қоғамы және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» Акционерлік қоғамы өз бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуін осы қаулымен сәйкес келтірсін.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова