Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы N 341 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6524 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 тамыздағы Заңының 17-бабына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) «Мұнай және газ кенорындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 21 наурыздағы № 70 бұйрығы (№ 1465 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2001 жылы № 24, 421-бапта Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарындағы Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған);
      2) «Мұнай және газ кенорындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 21 наурыздағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2003 жылғы 30 қазандағы № 214 бұйрығының (№ 2569 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                     С. Мыңбаев

Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2010 жылғы 1 қазанда 
№ 341 бұйрығымен   
бекітілді       

Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық
комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі - Ереже) міндеттерін, функцияларын, құқықтарын, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын (бұдан әрі - БИОК), мұнай және газ кенорындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртiбiн айқындайды.
      2. БИОК мұнай және газ кенорындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды қарау мақсатында құрылған, атқарушы, консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      БИОК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі бекітеді. БИОК құрамына, келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу және жобалау ұймдарының өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы тәжірибелі мамандар кіреді.
      4. БИОК қызметін ұйымдастыру, іс жүргізу, БИОК материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтау жұмыстарын «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жүзеге асырады.
      Ережеде қолданылытын атаулар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы заңымен белгіленген мағынада пайдаланылады.

2. БИОК міндеті мен функциялары

      5. БИОК-тың негізгі міндеті мұнай және газ кенорындарын барлау және игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерiн қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
      6. БИОК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мұнай және газ кенорындарын барлау және игеру жөнiндегі жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту не бекiтуден бас тарту жөнiндегi ұсыныстарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзедi;
      2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға мұнай және газ кенорындарына сынамалы пайдалануды жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту туралы ұсыныстар жiбередi;
      3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшiн мұнай және газ кенорындарын ұтымды әрi кешендi пайдалануды арттыру бойынша ұсыныстар жiбередi;
      4) жобалау құжаттарында мұнай және газ кенорындарын барлау және игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етедi;
      5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ кенорындарын анық есепке алу, ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi жөнiндегi әзiрлемелерiн қарайды;
      6) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ кенорындарын ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұрайды;
      7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыретi шегiнде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттiк органдарда қосымша сараптамалар жүргiзу қажеттiгi туралы ұсыныстар жiбереді;
      8) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ кенорындарын дұрыс есепке алу, ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi бойынша жаңа нысандар мен әдiстер қолдануды ұсынады.

3. БИОК-та материалдарды қарау тәртібі

      7. Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және электрондық тасығышпен бес дана жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ БИОК Ережесінің қосымшасына сәйкес өтінішін жібереді.
      8. БИОК-ке мынадай құжаттар:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі саласындағы міндетті мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен iздеу жұмыстарының, бағалау жұмыстарының, сынамалы пайдалану жұмыстарының жобаларын;
      2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі саласындағы міндетті мемлекеттік экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалармен тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру, игерудің технологиялық схемасы, өнеркәсiптiк, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану жобалары тапсырылады.
      Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттардың техникалық-экономикалық негiздемесі мiндеттi түрде экономикалық сараптауға жатады.
      9. Іздеу, бағалау жұмыстарының жобалары БИОК-та жобаның БИОК-қа келiп түскен күнінен бастап бiр ай iшiнде қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган БИОК-тан ұсыныстар түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      Сынамалық пайдалану жобасын БИОК жобаның БИОК-қа келiп түскен күнінен бастап үш ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган БИОК-тан ұсыныстар түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      БИОК іздеу және бағалау жұмыстары жобаларына және сынамалық пайдалану жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын, БИОК-қа келiп түскен күнінен бастап жиырма екі күнтізбелік күн iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға бекітуге жібереді.
      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган іздеу және бағалау жұмыстары жобаларына және сынамалық пайдалану жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын сегіз күнтізбелік күн ішінде бекітеді.
      Егер Ереженің 8-тармағы 1-тармақшасында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнде терiс қорытынды бар болса, жер қойнауын пайдаланушыға іздеу және бағалау жұмыстары жобаларына және сынамалық пайдалану жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлмейді.
      Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасы, игерудің технологиялық схемасы, өнеркәсiптiк, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану жобалары БИОК-қа келiп түскен күнінен бастап үш ай iшiнде қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган БИОК-қа ұсыныстар келген күнінен бастап он бес күнтізбелік күнi iшiнде бекiтедi.
      БИОК тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасына, игерудің технологиялық схемасына, өнеркәсiптiк, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану жобаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын келiп түскен күннен бастап жиырма екі күнтізбелік күн iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға бекітуге жібереді.
      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасына, игерудің технологиялық схемасына, өнеркәсiптiк, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану жобаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын сегіз күнтізбелік күн ішінде бекітеді.
      Егер ұсынылып отырған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар кенорындарын игерудiң оң практикасына, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi талаптарға сәйкес келмесе, Ереженің 8-тармағы 2-тармақшасында және 10-тармақтың 3 абзацында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнде терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасына, игерудің технологиялық схемасына, өнеркәсiптiк, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану жобаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлмейді.
      10. БИОК түскен жобалық құжаттарды қарайды және белгіленген талаптарға сәйкес болса, оларды тәуелсіз сараптамаға жібереді.
      Тәуелсіз сарапшыны БИОК төрағасы немесе тиісті БИОК құрамындағы БИОК төрағасының орынбасары тағайындайды.
      Өндіру жұмыстарын жүрізуге арналған жобалау құжаттамалары бойынша тәуелсіз сарапшының қорытындысын жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы сараптаманы қамтуы тиіс.
      БИОК ұсынылған жобалық құжаттар бойынша тәуелсіз сараптаманы жүргізуге және қорытындыны әзірлеу үшін БИОК тәуелсіз сарапшыны шарт негізінде тартады.
      11. Сараптамалық қорытынды алынғаннан кейін БИОК ұсынылған жобалық құжаттарды қарайды. БИОК ұсыныстары, қаралған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде хаттамамен ресiмделеді және меншiк нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау және игерудi жобалау және жүзеге асырумен айналысатын шетелдiк субъектiлер үшiн орындалуы мiндеттi болып табылатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiмен қабылданады.
      12. БИОК ұсыныстары отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Егер отырысқа БИОК жалпы құрамының 50 %-нан астам мүшесі қатысқан жағдайда, комиссия отырысы заңды болып саналады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      13. БИОК мүшелерінің жобалар бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға байланысты тәуелсіз сараптама жүргізуге шығындарын, іссапар шығындарын жер қойнауын пайдаланушылар өтейді.

Пайдалы қазбаларды      
барлау және игеру жөніндегі 
орталық комиссия туралы ережеге
қосымша           

Нысаны

Пайдалы қазбаларды
барлау және игеру жөніндегі
орталық комиссияға

___________________________________________
(жоблық құжаттың атауы)
жобалық құжатты қарауға арналған
өтініш

1. Жер қойнауын пайдаланушы _________________________________________
2. Лицензия, сериясы, № ____________________________________ берілген
                           (Объектілер, қолдану мерзімі)
Берілген күні _______________________________________________________
Берілген мақсаты ____________________________________________________
                        (игеру, барлау және игеруді қоса атқару)
3. Жер қойнауын пайдалануға _________________________________________
                      (құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)
_______арасында бекітілген ______________________________келісімшарт.  (күні)
Мемлекеттік тіркеу актінің №________________, Күні___________________
4. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы___________________________
Жобалық жұмысты жүргізу құқығына берілетін Лицензияның (сертификаттың) нөмірі, күні және мерзімі____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 5 (бес) данасы қоса беріледі.
Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні және қолы

М. О.