Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 2010.10.01 N 341 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссияның жұмысын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы" Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 1465 тіркелген, 2002 жылдың 3 қыркүйегінде ҚР орталық, атқарушы және өзге мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, "Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы" Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 320 бұйрығы ) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын;
2) 7-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-Министрі Б.Д.Елемановқа" сөздері "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-Министрі Л.К.Қиыновқа" деген сөздермен алмастырылсын;
3) көрсетілген бұйрық бойынша бекітілген "Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде":
4-тармақтағы екінші сөйлем келесі сөздермен толықтырылсын: ", ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары, сондай-ақ мұнай және газ өнеркәсібінің ғылыми дәрежесі бар тәжірибелі мамандар";
5-тармақтағы "Жер қойнауын пайдалану" сөздері "Мұнай өнеркәсібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. ИОК жұмысының кезекті жылға арналған алдын ала жұмыс жоспары жер қойнауын пайдаланушылардың жоспарланып отырған жылдың 20 қаңтарына дейін ИОК-ның қарауына ұсынылған өтініштері бойынша жасалады";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "11. Жер қойнауын пайдаланушы 5 данада материалдардың жобасын және белгіленген нысандағы өтінішті (қосымша) алдын ала жұмыс жоспарына сәйкес ИОК-да қарау мерзіміне кемінде үш ай қалғанда жібереді";
13-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Жобалық құжаттардың сараптамасын қарау мерзімі сарапшы тағайындалған күннен бастап 1,5 ай";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "ИОК сараптама және қорытындылар жасауға кететін шығындарын, ИОК мүшелерінің жобалар бойынша функционалдық міндеттерін орындауына байланысты іссапарлық шығындарын жер қойнауын пайдаланушылар өтейді".
2. "Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы" Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 320 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 1739 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Мұнай өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Л.К.Қиыновқа жүктелсін.
5. Бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу өткен мезгілден бастап күшіне енеді.
Министр