Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 214 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 тамыздағы Заңының 17-бабына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) "Мұнай және газ кенорындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 21 наурыздағы № 70 бұйрығы (№ 1465 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2001 жылы № 24, 421-бапта Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарындағы Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған);
2) "Мұнай және газ кенорындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 21 наурыздағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2003 жылғы 30 қазандағы № 214 бұйрығының (№ 2569 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр | С. Мыңбаев |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазанда № 341 бұйрығымен бекітілді |
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық
комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі - Ереже) міндеттерін, функцияларын, құқықтарын, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын (бұдан әрі - БИОК), көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. БИОК көмірсутек шикізаты, уран және көмір кен орындарын іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау мақсатында құрылған алқалық, консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
БИОК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.06.2015 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітеді. БИОК құрамына, келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, мұнай-газ, уран және көмір саласындағы тәжірибелі мамандар кіреді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. БИОК қызметін ұйымдастыру, іс жүргізу, БИОК материалдардары мен құжаттарын жинау мен сақтау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту және көмір өнеркәсібі департаменті жүзеге асырады.
Ережеде қолданылытын атаулар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы заңымен белгіленген мағынада пайдаланылады.(бұдан әрі - Заң)
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. БИОК міндеті мен функциялары
5. БИОК-тың негізгі міндеті көмірсутек шикізаты, уран және көмір кен орындарын барлау және игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерiн қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.06.2015 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. БИОК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын барлау және игеру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсыныстарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға мұнай, газ және газконденсатты кенорындарына сынамалы пайдалану, сондай-ақ, уран мен көмір тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларын жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстар жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсыныстар жібереді;
4) жобалау құжаттарында көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын барлау және игерудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын анық есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірлемелерін қарайды;
6) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұрайды;
7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыреті шегінде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсыныстар жібереді;
8) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандар мен әдістер қолдануды ұсынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. БИОК-та материалдарды қарау тәртібі
7. Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және электрондық тасығышпен үш дана жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ БИОК Ережесінің қосымшасына сәйкес өтінішін жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 22.08.2013 № 160 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.8. БИОК-ке мынадай құжаттар:
1) іздеу жұмыстарының, бағалау жұмыстарының, сынамалы пайдалану және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жұмыстарының жобаларын;
2) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, игерудің технологиялық схемасы, өнеркәсіптік игеру жобаларын тапсырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Іздестіру жұмыстарының жобаларын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды және құзыретті орган БИОК-тан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
Бағалау жұмыстарының, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
Сынамалы пайдалану жобасын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстарды алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
Осы Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобалары БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қаралады және бекітіледі.
Егер Заңның 64 және 65-баптарының 2-тармақтарында көрсетілген сараптамалардың бірінде теріс қорытынды бар болса, жер қойнауын пайдаланушыға Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.
БИОК уран және көмір кен орындарының өнеркәсіптік игеру жобасын жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
БИОК тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасын, игерудің технологиялық схемасын, өнеркәсіптік игеру жобаларын келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күн ішінде бекітеді.
Осы Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобалары БИОК-қа келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады және бекітіледі.
Заңның 66-бабында көрсетілген негіздер бойынша жер қойнауын пайдаланушыға Ереженің 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмеуі мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.06.2015 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. БИОК түскен жобалық құжаттарды қарайды және белгіленген талаптарға сәйкес болса, оларды тәуелсіз сараптамаға жібереді.
Тәуелсіз сарапшыны БИОК төрағасы немесе тиісті БИОК құрамындағы БИОК төрағасының орынбасары тағайындайды.
Өндіру жұмыстарын жүрізуге арналған жобалау құжаттамалары бойынша тәуелсіз сарапшының қорытындысын жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы сараптаманы қамтуы тиіс.
БИОК ұсынылған жобалық құжаттар бойынша тәуелсіз сараптаманы жүргізуге және қорытындыны әзірлеу үшін БИОК тәуелсіз сарапшыны шарт негізінде тартады.
11. Сараптамалық қорытынды алынғаннан кейін БИОК ұсынылған жобалау құжаттарын қарайды. БИОК ұсыныстары отырыста қаралған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хаттамамен ресiмделеді және шешімдерді құзыретті орган қабылдайтын іздестіру жұмыстарының жобаларын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiмен қабылданады. Бұл шешімдер меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек шикізаты, уран және көмір кен орындарын барлау және игерудi жобалау және жүзеге асырумен айналысатын шетелдiк субъектiлер үшiн орындалуы мiндеттi болып табылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.06.2015 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. БИОК ұсыныстары отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Егер отырысқа БИОК жалпы құрамының 50 %-нан астам мүшесі қатысқан жағдайда, комиссия отырысы заңды болып саналады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
13. БИОК мүшелерінің жобалар бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға байланысты тәуелсіз сараптама жүргізуге шығындарын, іссапар шығындарын жер қойнауын пайдаланушылар өтейді.
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеге қосымша |
Нысан
Пайдалы қазбаларды
барлау және игеру жөніндегі
орталық комиссияға
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.06.2015 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жобалау құжатын қарауға арналған өтініш
_____________________________________________________________________
(жобалау құжатының атауы)
1. Жер қойнауын пайдаланушы _________________________________________
2. Жер қойнауын пайдалануға _________________________________________
(құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)
_________ арасында бекітілген ___________________________келісімшарт.
(күні)
Мемлекеттік тіркеу актінің № ________, Күні__________________________
3. Жобалау құжатын әзірлеуші ұйымның атауы __________________________
Өтінішке жобалау құжатының 3 (үш) данасы қоса беріледі.
Жобалау құжатын ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) және қолы
М.О.