Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 92 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 9 шілдеде № 2506 тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.04.2014 № 105 қаулысымен.
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдалану арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
      бассейндік инспекциясының бастығы А. Тілеулесова
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық -
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы № 92
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін


р/с
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасы-
ның
ұзындығы
(шақырым)
Алаңы
(га)
Орташа
ені
(метр)
Шекара-
сының
ұзындығы
(шақырым)
Алаңы
(га)
Орташа
ені
(метр)
1.
Алакөл көлі
(шығыс
жағалауы)
5,98
3556
6500
5,98
53,21
88,9
2.
Доналы бұлағы
-
-
-
7,0
24,5
35,0
3.
Ақтұма бұлағы
-
-
-
6,0
21,0
35,0
4.
Аты жоқ бұлақ
-
-
-
1,5
5,25
35,0
5.
Жарбұлак
бұлағы
-
-
-
1,7
6,0
35,0

      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау" бекітілген жобаның картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий