Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2999 бұйрығына, «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдалану арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясының бастығы А. Тілеулесова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры Т. Ерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы № 92
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының
Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын
су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін
№ |
Су объектісі, |
Су қорғау аймағы |
Су қорғау белдеуі |
||||
Шекарасы- |
Алаңы |
Орташа |
Шекара- |
Алаңы |
Орташа |
||
1. |
Алакөл көлі |
5,98 |
3556 |
6500 |
5,98 |
53,21 |
88,9 |
2. |
Доналы бұлағы |
- |
- |
- |
7,0 |
24,5 |
35,0 |
3. |
Ақтұма бұлағы |
- |
- |
- |
6,0 |
21,0 |
35,0 |
4. |
Аты жоқ бұлақ |
- |
- |
- |
1,5 |
5,25 |
35,0 |
5. |
Жарбұлак |
- |
- |
- |
1,7 |
6,0 |
35,0 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» бекітілген жобаның картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий