Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 03 маусымдағы N 89 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 30 маусымда N 2504 тіркелді

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.04.2014 № 105 қаулысымен.
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                                Б. САПАРБАЕВ

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 03 маусымдағы   
№ 89 қаулысына қосымша    

Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен
гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол
көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы
Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная
көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының
учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері


р/
с

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)

Алаңы
(га)

Орташа
ені
(метр)

Шекара-
сының
ұзын-
дығы,
(шақырым)

Алаңы,
(га)

Орташа
ені
(метр)

1.

Өскемен
қаласындағы
Өскемен
гидроэлектрстан-
циясынан бастап, Ертіс
өзеніндегі
теміржол
көпіріне дейінгі
сол жағалау
учаскесіндегі
Ертіс өзені

10,80

616,45

280-850

10,23

135,23

20-340

2.

Өскемен
қаласындағы
Пограничная
көшесінің
тұсындағы Ертіс
өзеніндегі
автомобиль
көпірінен
бастап,
Выставочная
көшесінің
тұсындағы
қаланың шетіне
дейінгі оң
жағалау
учаскесіндегі
Ертіс өзені

7,70

749,62

350-1770

13,90

269,61

15-360

      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
 

      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы               В. Чернецкий