Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 03 маусымдағы N 89 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 30 маусымда N 2504 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына , «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2999 бұйрығына, «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                                Б. САПАРБАЕВ

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 03 маусымдағы   
№ 89 қаулысына қосымша    

Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен
гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол
көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы
Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная
көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының
учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері


р/
с

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)

Алаңы
(га)

Орташа
ені
(метр)

Шекара-
сының
ұзын-
дығы,
(шақырым)

Алаңы,
(га)

Орташа
ені
(метр)

1.

Өскемен
қаласындағы
Өскемен
гидроэлектрстан-
циясынан бастап, Ертіс
өзеніндегі
теміржол
көпіріне дейінгі
сол жағалау
учаскесіндегі
Ертіс өзені

10,80

616,45

280-850

10,23

135,23

20-340

2.

Өскемен
қаласындағы
Пограничная
көшесінің
тұсындағы Ертіс
өзеніндегі
автомобиль
көпірінен
бастап,
Выставочная
көшесінің
тұсындағы
қаланың шетіне
дейінгі оң
жағалау
учаскесіндегі
Ертіс өзені

7,70

749,62

350-1770

13,90

269,61

15-360

      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
 

      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы               В. Чернецкий