Бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін қағиданы бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы N 23-171-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 желтоқсанда N 14-15-81 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3, 387 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Шардара ауданы аумағын көріктендіру қағидасы бекітілсін.
      2. "Бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелер туралы" Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 қарашадағы № 20-161-II шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 09 желтоқсанда № 741 тіркелген, 2003 жылы 10 қаңтардағы аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы                            Н.Айдарбеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков        

      Шардара аудандық мәслихатының
      2009 жылғы 28 қазандағы № 23-171-ІV
      шешімімен бекітілген

Шардара ауданы аумағын көріктендіру
      ҚАҒИДАСЫ      

      1- Тарау. Негізгі ұғымдар

      1. Шардара ауданы аумағында көріктендіру қағидасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жасалып, Шардара ауданы аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, көріктендіру тәртібін сақтау, инфрақұрылымдық нысандар мен жасыл желектерді күтіп ұстаумен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді.
      2. Аудан аумағында тазалық жұмыстары жүйесі тұрмыс қалдықтарын тиімді, үнемді, мақсатты түрде жинауды және тез арада алып тастауды (тұрғын үй және сауда мекемелері, қоғамдық тамақтандыру мен мәдени тұрмыстық сипаттағы кәсіпорындардан шығарылған тағам қалдықтары, канализация жүйелері қарастырылмаған ғимараттардың сұйық қалдықтары) және қыс, жаз мезгілдерінде көпшіліктің пайдалануындағы қоғамдық орындардың (қала және ауыл көшелері, аяқ-жолдар, тұрғын үй аулалары, базарлар, саябақтар аумағы) тазалығы жұмыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
      3. Аудан көшелерін тазалау мамандандырылған жергілікті атқарушы орган белгілеген тұлғаға тапсырылады. Жеке тұрғын үй иелеріне өз аумақтарында тазалықты сақтау және қоқыс шығару жұмыстарын жүргізу өз күшімен немесе келісім–шарт негізінде мамандандырылған тұлғаларды тарта отырып орындау жүктеледі.
      4. Аудан, ауыл ішіндегі көпшілік орындарының, көшелердің және аяқжолдардың тазалығы меншік түріне қарамастан осы аумақтарда орналасқан және жақын орналасқан мекемелерге, кәсіпорындарға басқармаларға, дүңгіршіктер мен павильон иелеріне және тағы басқа сол сияқты орындарға, саябақтар, бау-бақшалар, скверлер және оларға баратын жолдар тазалығы, осы объектілерді пайдаланушы мекемелерге, өндірістік кәсіпорын аумақтары, құрылыс алаңдары, қоймалар мен базарлар аумақтары және оларға апаратын жолдар тазалығы осы кәсіпорындарға, қала ішіндегі басқа аймақтардың (стадиондар, жәрмеңке өткізілетін орындар, базарлар, базарлар, автотұрақтар, ауылшаруашылық тауарларының орындары) тазалығының жауапкершілігі сол жер иеленушілерге көрсетілген жұмыстарды жүйелі түрде өз күшімен немесе өз қаржысы есебінен келісім-шарт негізінде мамандандырылған арнайы кәсіпорын арқылы жүргізілсін.
      5. Жеке және заңды тұлғалар өз меншіктеріндегі малдарды және қолға үйретілген жануарларды бақылауда ұстасын. Иесіз бос жүрген жануар жасыл желекті зақымдаған жағдайда оның иесіне Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген айып салынады және бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246-бабы басшылыққа алынады.      

      2- Тарау. Рұқсат етілмейді.

      6. Жаңадан салынып немесе жөнделіп жатқан ғимараттардың құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі құрылыс қалдықтары, қоқыстарын алуды үй салуға тапсырыс беруші ұйымдастырады.
      7. Құрылыс және басқа мекемелер, меншік түріне қарамастан өнеркәсіп жұмыстарын жүргізу кезінде, жер қыртыстарын бұзуға байланысты құнарлы жер қыртыстары қабатын сақтап қоюға, оны көгалдандыру құрылысына пайдалануға, сонымен қатар, құрылыс жұмыстары біткен соң, өз есебінен жұмыс жүргізу барысында бұзылған жер учаскесі мен жасыл өсімдіктерді қалпына келтіреді.
      8. Аудан аумағында ғимараттарды бұзу барысында құрылыс-қоқыстарын жинау және шығару жұмыстарын ғимарат иесіне тапсырылады.
      9. Жасыл желек Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен қатаң түрде қорғалады. Өздеріне бекітілген аймақтарда заңды және жеке тұлғалар жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге, ауылшаруашылық зиянкестерімен және аурулармен, зиянды арам шөптермен күресті өз күштерімен жүйелі түрде жүргізілсін.
      10. Дүкендерде, дүңгіршіктерде, палаткаларда және бөлшек сауда павильондарында бос ыдыстарды, тауарлардың артық бөліктерін текшелеп жиюға және іргелес аумақты ол үшін қолдануға.
      11. Аудан, ауыл аумағында көлік құралдарының, жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндіретін орталық көшелер бойына, аяқжолдар үстіне, балалардың ойын алаңдарына, тұрғын үйлерге баратын жолдар бойына және тұрмыс қалдықтарын жинап алып кетуге кедергі келтіретін тұрғын үй аулаларына автокөліктерді қоюға және жөндеуге.
      12. Жасыл алаңдарда (газондарда), гүлзарларда және басқа да жасыл желекті жерлерде көлік құралдарын қоюға.
      13. Көшелерде, аяқжолдарда, газондарда, үй қасбеттері алдында құрылыс заттарын шөп, ағаш, отын, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштарды және басқа материалды жинауға.
      14. Жолдың қозғалыс бөлігін, аяқ жолдар бөлігін, тоғандар жағалауын, құрылыс жұмыстарынан бос аймақтарды, жасыл өсімдіктер аймағын, сонымен қатар басқа да қоғамдық орындарды қоқыстың барлық түрімен (темекі қалдығы, қағаз, бөтелке) және тұрмыс қалдықтарымен ластауға.
      15. Ғимарат құрлымдарын (жол төсеніш, жиек тас, құдықша қалпақтары, арықтар, кәріз, канал, лоток көрнекі қоршаулар) бұзуға, жасыл өсімдіктерді таптауға және кесуге.
      16. Кәсіпорын, мекеме төңірегіндегі көшелерде, тұрғын үй құрлымдары аумақтарында, гүлзарлар мен саябақтарда, газондарда, жапырақты, қоқысты жағуға (өртеуге).
      17. Газондарды таптап жүруге, жас ағаштар мен көшеттерді сындыру, үзу және қырқып, жұлып алуға.
      18. Электр сымдарын, жол белгілерін және хабарландыруларды ағаштарға жалғау үшін пайдалануға.
      19. Уәкілетті органмен келісілген ағаш қырқу ережелерін сақтамай ағаш діндерін қырқуға.
      20. Көрнекі құралдарды, көшелер мен аяқжолдарды, су ағарларды, байланыс және электр жүйелерін ауыз су және қашыртқы су құбырларын және басқа инфрақұрылым нысандарын бұзуға немесе залалдауға.
      Осы қағиданың талаптарын бұзушыларға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.