Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 98 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 ақпанда N 3-2-70 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың
            хатшысы             А.ЕРМАҒАМБЕТ
 

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29-шы қаңтардағы N 98 шешіміне
N 1 қосымша

Тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері

 

N

 

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтық базалық ставкаларының ең төменгі және жоғарғы мөлшері (АЕК)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3