Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 98 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 ақпанда N 3-2-70 тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Әйтеке би ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 123 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

      2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың
            хатшысы             А.ЕРМАҒАМБЕТ
 

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29-шы қаңтардағы N 98 шешіміне
N 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 123 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

Тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері

N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төмен мөлшері
(АЕК)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған,ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3