"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әйтеке би ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 № 123 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, |
Сессия төрағасы |
хатшысы А.ЕРМАҒАМБЕТ |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29-шы қаңтардағы N 98 шешіміне қосымша |
Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері
N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (АЕК) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған,ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |