Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 тамыздағы N 243/37-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 1 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 590 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 4343-1 баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                      Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                             В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 26 тамыздағы
N 243/37-IV шешімімен 
бекітілген     

Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-III "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде N 324 болып тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда N 62-63, 2004 жылғы 17 шілдеде N 95-96 "Астана хабары", 2004 жылғы 8 мамырда N 56-57, 2004 жылғы 15 мамырда N 59-60 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 406/50-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімімен өзгерістер енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 24 шілдеде N 473 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда N 131-132 "Астана хабары", 2007 жылғы 4 тамызда N 132-133 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларында:
      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Осы Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өңделген және меншік түрлеріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау ен қорғау тәртібін белгілейді.";
      46-тармақтағы ", ал олардың опат болуына кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тарау келесі мазмұндағы 59-1 тармағымен толықтырылсын:
      "59-1. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады";
      8-тарау алынып тасталсын.
      2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 127/17-III "Дәрілік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу Қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 29 сәуірде N 387 болып тіркелген, 2005 жылғы 24 мамырда N 68, 2005 жылғы 23 маусымда N 84, 2005 жылғы 12 шілдеде N 93 "Астана хабары", 2005 жылғы 19 мамырда N 73 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
      көрсетілген шешіммен бекітілген дәрілік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу Қағидасында:
      кіріспе "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      мәтін бойынша "Департамент", "Департаментпен" деген сөздер "Басқарма", "Басқармамен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде N 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда N 126 "Астана хабары", 2006 жылғы 8 тамызда N 120 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 381/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда N 468 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 60/10-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде N 528 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда N 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырдағы N 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 180/30-IV "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда N 564 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда N 27 "Астана хабары", 2009 жылғы 12 наурызда N 29-30 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
      Шешімнің кіріспесінде "25-бабын" деген сөз және сан "22-бабын" деген сөзбен және санмен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:
      кіріспе "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      37-тармақта "және олардың сақталуына жауапкершілік алады" деген сөздер алынып тасталсын;
      43-тармақ алынып тасталсын;
      53-тармақтың 7) тармақшасындағы екінші азат жолындағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "63. Құқықтардың, жылу камераларының, люктердің, инженерлік желілердің жер үсті құрылыстарының және т.б. меншік иесі (пайдаланушы ұйым) олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етеді";
      56, 75, 83-тармақтар алынып тасталсын;
      16-тарау алынып тасталсын;
      107-тармақ алынып тасталсын;
      115-тармақ алынып тасталсын.
      4. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы N 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 14 наурызда N 464 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда N 51 "Астана хабары", 2007 жылғы 20 наурызда N 50-51 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 407/50-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы N 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 30 шілдеде N 474 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда N 131-132 "Астана хабары", 2007 жылғы 4 тамызда N 132-133 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінде:
      кіріспе "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақ алынып тасталсын;
      40-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Иттердің иелері келесі тыйымдарды сақтауға тиісті:";
      71-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      72-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      73, 75-тармақтары алынып тасталсын.