Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5949 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың күшіне енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы стационарлық көмектің шектеулі көлемдері;
      2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардағы стационарлық көмектің шектеулі көлемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                  Б. Садықов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 799 бұйрығына     
1-қосымша       

Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері

р/с
N

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

1

Ақмола

106465

2

Ақтөбе

68474

3

Алматы

168202

4

Атырау

55518

5

Шығыс Қазақстан

206661

6

Жамбыл

143916

7

Батыс Қазақстан

85249

8

Қарағанды

170801

9

Қызылорда

90045

10

Қостанай

95629

11

Маңғыстау

51640

12

Павлодар

106802

13

Солтүстік Қазақстан

92241

14

Оңтүстік Қазақстан

296876

15

Астана қаласы

73946

16

Алматы қаласы

169790


БАРЛЫҒЫ

1 982 255

      Ескертпе:
      Стационарлық көмектің шектеулі көлемдері мыналардың:
      1) соңғы үш жылдағы статистикалық деректер;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ағымдағы жылдың 10-қарашасына дейін ұсынатын және:
      алдыңғы жылдың 1 қарашасынан бастап ағымдағы жылдың 30 қазанын қоса алғанда кезеңдегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен стационарлық көмектің нақты көлемдері туралы ақпаратты, оның ішінде –
      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стационарлық көмектің шектеулі көлемдерінің шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайларын;
      шұғыл айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан;
      негізсіз емдеуге жатқызу туралы ақпараттар қамтылған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есептері;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 1 желтоқсанға ұсынатын сырқаттанушылық талдауын, емдеуге жатқызу негіздемесі мен құрылымын есепке ала отырып жоспарлаған стационарлық көмектің шектеулі көлемдері туралы өтінімдерінің негізінде анықталады.

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы 
N 799 бұйрығына     
2-қосымша       

Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдарда стационарлық көмектің шектеулі көлемдері

р/с
N

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

1

Ақмола

15392

2

Ақтөбе

12522

3

Алматы

24819

4

Атырау

10195

5

Шығыс Қазақстан

28553

6

Жамбыл

20582

7

Батыс Қазақстан

14388

8

Қарағанды

27691

9

Қызылорда

14824

10

Қостанай

16959

11

Маңғыстау

11340

12

Павлодар

22382

13

Солтүстік Қазақстан

13429

14

Оңтүстік Қазақстан

51884

15

Астана қаласы

14130

16

Алматы қаласы

33352


БАРЛЫҒЫ

332442