Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5949 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың күшіне енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері;
      2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.10 № 957 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                  Б. Садықов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 799 бұйрығына     
1-қосымша       

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.11.10 N 881 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.10 № 957 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Бұйрықтарымен.

Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

1.

Ақмола

106116

2.

Ақтөбе

88629

3.

Алматы

203204

4.

Атырау

60917

5.

Шығыс Қазақстан

205755

6.

Жамбыл

141711

7.

Батыс Қазақстан

86338

8.

Қарағанды

177509

9.

Қызылорда

101046

10.

Қостанай

113484

11.

Маңғыстау

64326

12.

Павлодар

105668

13.

Солтүстік Қазақстан

92711

14.

Оңтүстік Қазақстан

321570

15.

Астана қаласы

127451

16.

Алматы қаласы

193406


БАРЛЫҒЫ:

2 189 841

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы 
N 799 бұйрығына     
2-қосымша       

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.10 № 957 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері

р/с
N

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

1

Ақмола

15538

2

Ақтөбе

15998

3

Алматы

28972

4

Атырау

10000

5

Шығыс Қазақстан

36433

6

Жамбыл

18890

7

Батыс Қазақстан

15763

8

Қарағанды

38528

9

Қызылорда

11900

10

Қостанай

17734

11

Маңғыстау

13380

12

Павлодар

23171

13

Солтүстік Қазақстан

15200

14

Оңтүстік Қазақстан

50514

15

Астана қаласы

19108

16

Алматы қаласы

50627


БАРЛЫҒЫ

381756