Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5949 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың күшіне енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы стационарлық көмектің шектеулі көлемдері;
      2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардағы стационарлық көмектің шектеулі көлемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                  Б. Садықов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 799 бұйрығына     
1-қосымша       

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.11.10 N 881 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

1.

Ақмола

119 432

2.

Ақтөбе

90 112

3.

Алматы

195 395

4.

Атырау

62 660

5.

Шығыс Қазақстан

224 248

6.

Жамбыл

154 666

7.

Батыс Қазақстан

89 850

8.

Қарағанды

185 102

9.

Қызылорда

111 094

10.

Қостанай

129 906

11.

Маңғыстау

65 140

12.

Павлодар

115 203

13.

Солтүстік Қазақстан

108 301

14.

Оңтүстік Қазақстан

341 039

15.

Астана қаласы

95 674

16.

Алматы қаласы

184 707


БАРЛЫҒЫ:

2 272 529

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы 
N 799 бұйрығына     
2-қосымша       

Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдарда стационарлық көмектің шектеулі көлемдері

р/с
N

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

1

Ақмола

15392

2

Ақтөбе

12522

3

Алматы

24819

4

Атырау

10195

5

Шығыс Қазақстан

28553

6

Жамбыл

20582

7

Батыс Қазақстан

14388

8

Қарағанды

27691

9

Қызылорда

14824

10

Қостанай

16959

11

Маңғыстау

11340

12

Павлодар

22382

13

Солтүстік Қазақстан

13429

14

Оңтүстік Қазақстан

51884

15

Астана қаласы

14130

16

Алматы қаласы

33352


БАРЛЫҒЫ

332442