"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 155-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізудің әдістемелік нұсқауы мен талдауын жүргізу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Мынадай актілердің:
"Аурудың алдын алу және науқастардың жекелеген санаттарын ұдайы медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1372 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2001 ж., N 15, 366-құжат жарияланған);
"Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2055 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2003 ж., N 2, 768-құжат жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 999 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 10 қарашадағы
N 685 бұйрығымен
бекітілген
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық
медициналық тексеріп-қарауды жүргізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы халқының нысаналы топтарын жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
2. Халықтың нысаналы топтарына жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай әдіспен жүргізіледі.
3. Халықтың нысаналы топтарын жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау (бұдан әрі – нысаналы топтарды профилактикалық тексеріп-қарау) ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың туындауына әсер ететін қауіп факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі.
4. Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қарау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде меншік нысанына қарамастан, осы қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қараудың электрондық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық тексеріп-қарау
жүргізу тәртібі және кезеңділігі
6. Нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қарауды және кейін динамикалық байқаумен сауықтыруды жүзеге асыратын:
1) қала халқы үшін – қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ведомстволық медициналық-санитариялық бөлімдер және меншік нысанына қарамастан басқа емханалар;
2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық емханалар, аудандық емханалар жүргізеді.
7. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкері бекітілген тұрғындарды есепке алуды жүзеге асырады, профилактикалық тексеріп-қарауға жататын халықтың нысаналы топтарын қалыптастырады және осы тексеріп-қарауды жүргізуге мүдделі медициналық ұйымдармен байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз етеді.
8. МСАК денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері профилактикалық тексеріп-қарауға шақырылған адамдарға амбулаториялық науқастың медициналық картасына немесе баланың даму сырқатнамасына нәтижелері жаза отырып есепке алу нысандарын толтырады.
9. Әртүрлі жастағы балалардың нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қарау жүргізудің кезеңділігі (мамандардың тексеріп-қарауы, зертханалық және аспаптық зерттеулер) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Үш жасқа дейінгі балаларға МСАК денсаулық сақтау ұйымдарында қауіп тобындағы балаларды анықтау мақсатында жаппай стандартталған тексеру (скрининг) "Бүлдіршін жастағы балаларды психикалық дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығында белгіленген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2159 тіркелген) тәртіппен жүргізіледі.
11. Үш айдан бастап төрт айға дейінгі балаларға айғақтары бойынша жамбас-сан буындарының дисплазиясын және туған кездегі жамбастың шығуын ерте анықтау мақсатында ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.
12. Балаларды профилактикалық тексеріп-қарау жүргізу кезінде орта медицина қызметкерлері міндетті антропометриялық (бойын, дене салмағын, бастың және кеуденің шеңберін) өлшеуді жүргізеді, нерв-психикалық және физикалық дамуын бағалайды, есту және көру жітілігін анықтайды.
13. Мектепке дейінгі жастағы ұйымдастырылмаған балаларды бекітілген жері бойынша профилактикалық тексеріп-қарау МСАК денсаулық сақтау ұйымында жүргізіледі, нәтижелері есеп нысандарына енгізіледі.
14. Сәбилер үйлеріндегі, балалар үйлеріндегі, мектеп-интернаттардағы, мамандандырылған интернаттардағы, жеткіншектер үйлеріндегі балалар профилактикалық тексеріп-қараудан осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес көлемде жылына екі рет өтеді.
15. Мектепке дейінгі жастағы ұйымдастырылған және мектеп жасындағы балаларды профилактикалық тексеріп-қарау нәтижелері есеп нысандарына енгізіледі.
16. Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы ұйымдастырылған балалардың нысаналы топтарын тексеріп-қарауды өткізуге мектепке дейінгі немесе білім беру мекемесінің медицина қызметкері (дәрігер, фельдшер немесе мейірбике) жауапты болып табылады.
17. Жасөспірім балаларды (он бес жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі), жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студеттері мен оқушыларын профилактикалық тексеріп-қарау студенттік емханада немесе емхананың жасөспірімдер кабинетінде өткізіледі.
18. Он сегіз жасқа дейінгі балалар денсаулығының жағдайын кешенді бағалауды профилактикалық тексеріп-қарау қорытындысы бойынша педиатр, жасөспірімдер дәрігері, терапевт, жалпы практика дәрігері немесе фельдшер жүргізеді.
19. Медицина қызметкері әрбір балаға эпикриз және денсаулық тобын көрсете, дене және нервтік-психикалық дамуын бағалай отырып, дене шынықтыру тобы (негізгі немесе арнаулы топ) бойынша белгілей отырып, қорытындыны ресімдейді.
20. Балалар профилактикалық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша мынадай "денсаулық топтарына" бөлінеді:
І топ – дені сау балалар;
ІІ топ – дені сау, бірақ функциялық және кейбір морфологиялық кемістіктері бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмен, қауіп факторлары бар балалар;
ІІІ топ – компенсация жағдайындағы созылмалы ауруларға шалдыққан, организмнің функциялық мүмкіндіктері сақталған науқас балалар;
ІV топ – субкомпенсация жағдайындағы созылмалы ауруларға шалдыққан, организмнің функциялық мүмкіндіктері едәуір төмен балалар;
V топ – декомпенсация жағдайындағы созылмалы ауруларға шалдыққан, организмнің функциялық мүмкіндіктері едәуір төмен балалар.
21. ІІ, ІІІ, ІV, V топтарға жатқызылған балалар МСАК маманының немесе бейінді мамандардың динамикалық байқауына және сауықтыруға жатқызылады.
22. Профилактикалық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша жиынтық деректер балаларға медициналық көмек туралы есептің есеп нысанына жазылады.
23. 18, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы ересектерді, сондай-ақ 52, 54, 56, 58 жастағы әйелдерді нысаналы профилактикалық тексеріп-қарау жүргізіледі және аурулардың алдын алуға және мыналарды:
1) қанайналым жүйесінің негізгі аурулары – он сегіз жастағы және жиырма бес жастан алпыс бес жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің арасында артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және олардың даму қаупі факторларын бес жылда бір рет;
2) отыз бес жастан алпыс жасқа дейінгі әйелдердің арасында жатыр мойынының ісік алды, қатерлі ісігін және қауіп факторларына бес жылда бір рет;
3) отыз бес жастан алпыс жасқа дейінгі әйелдердің арасында сүт безінің ісік алды, қатерлі ісігін және қауіп факторларын екі жылда бір рет ерте анықтауға бағытталған.
24. Ересектердің нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қарау: тексеріп-қарау, анамнез деректерін жинау, антропометриялық өлшеу (бойы, дене салмағы, белдің шеңберін), жылына 1 рет артериялық қан қысымын өлшеу; қырық жастан бастап жылына 1 рет көру жітілігін анықтау, қырық жастан бастап жылына 1 рет есту жітілігін анықтау, екі жылда бір рет қалқанша безді тексеріп-қарау және пальпациялау (эндокринолог), қырық жастан бастап жылына бір рет көзіші қан қысымын тексеру, отыз жастан бастап жылына бір рет тік ішекті саусақпен зерттеу (хирург), қырық жастан бастап жылына бір рет қуық асты безін саусақпен зерттеу (хирург), он сегіз жастан бастап тазалық дәрежесін анықтау үшін жағынды алумен әйелдерді гинекологиялық тексеріп-қарау (дәрігер акушер-гинеколог), акушер-гинеколог болмаған жағдайда 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің цитологиялық зерттеуге жатыр мойынынан жағынды ала отырып (Рар-тест – Папаниколау бойынша бояу) гинекологиялық тексеруді қамтиды.
25. Профилактикалық тексеріп-қарау кезінде зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі: қанның жалпы талдауы: жылына 1 рет эритроциттердің, гемоглобиннің, лейкоциттердің тұну жылдамдығын анықтау, жылына бір рет зәрді нәруызға тексеру, жылына бір рет нәжісті глист жұмыртқасына тексеру, жылына бір рет кеуде жасушасы органдарын флюорографиялық тексеру, қырық жастан бастап жылына бір рет қандағы глюкозаны тексеру, қырық жастан бастап жылына бір рет электрокардиографияға түсіру, қырық жастан бастап жылына бір рет фиброгастродуоденоскопияға түсіру кіреді.
26. Қосымша диагностикалық зерттеулер және бейінді мамандардың тексеріп-қарау айғақтар бойынша өткізіледі.
27. Ересектердің нысаналы топтарын мамандардың тексеріп-қараудың кезеңділігі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүргізу.
28. Ересектердің нысаналы топтары профилактикалық тексеріп-қарау нәтижесінде динамикалық бақыланатын мынадай топтар анықталады:
1) дені сау – ешқандай ауруға шағымданбаған дені сау адамдар және анамнез бен тексеру кезінде созылмалы аурулар немесе кейбір ағзалар мен жүйе қызметінің бұзылулары анықталмаған адамдар; олардың ішінде "шекаралық" жай-күйі бар, үнемі бақылауға мұқтаж тұлғалар (артериялық қан қысымы шамаларында және басқа физиологиялық сипаттамаларында организмнің қызметіне ықпалы жоқ, белгіленген норма шекарасынан шамалы ауытқулар анықталған), қауіп факторлары бар адамдар – І диспансерлік топ (бұдан әрі – Д-І);
2) іс жүзінде дені сау – анамнезде соңғы жылдары өршуі байқалмаған жіті және созылмалы ауруы бар тұлғалар – ІІ диспансерлік топ (бұдан әрі – Д-ІІ);
3) науқастар – емдеуге мұқтаж адамдар – ІІІ диспансерлік топ (бұдан әрі - Д–ІІІ).
29. Ауруларың созылмалы нысандары және қауіп факторлары бар адамдар динамикалық бақылауға және сауықтыруға жатады.
30. Дені сау Д-І және іс жүзінде дені сау Д-ІІ адамдар топ алғаш анықталғаннан кейін жылына 1 рет тексеріледі.
31. Профилактикалық тексеріп-қарау барысында анықталған созылмалы аурулары немесе жекелеген жіті ауруларды басынан өткерген адамдар динамикалық есепке алуға және олардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған медициналық, әлеуметтік, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізіле отырып, бақылауға алынуы тиіс.
Халықтың нысаналы топтарын
профилактикалық медициналық
тексеріп-қарауды жүргізу
ережесіне
1-қосымша
Әртүрлі жастағы балалар нысаналы топтарының профилактикалық
медициналық тексеріп-қарау жүргізудің кезеңділігі
Педиатр (жалпы практика дәрігері, жасөспірімдер дәрігері, терапевт) |
Хирург (ортопед) |
ЛОР |
Невролог |
Стоматолог |
Офтальмолог |
Эндокринолог |
Гинеколог |
Қанның жалпы талдауы |
Зәрдің жалпы талдауы |
глист жұмыртқасына нәжіс |
ЭКГ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1 жас |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||
2 жас |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||
3 жас |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||||||
4 жас |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
|||||||||
5 жас |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
|||||||||
6 жас (мектеп алды) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||
7 жас (1 сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
|||||||||
8 жас (2-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
|||||||||
9 жас (3-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||
10 жас (4-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||
11 жас (5-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||
12 жас (6-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
||||||||||
13 жас (7-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
||||||||||
14 жас (8-сынып) |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||
15 - 17 жас (9-11-сыныптар) қыздар |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||
15-17 жас (9-11-сыныптар) жігіттер |
|||||||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Ескертпе: Балаларды басқа бейінді мамандардың қосымша тексеріп-қарауы және диагностикалық зерттеулер (зертханалық және аспаптық) жүргізу айғақтары бойынша және медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының жолдамасымен жүргізіледі.
Халықтың нысаналы топтарын
профилактикалық медициналық
тексеріп-қарауды жүргізу
ережесіне
2-қосымша
Ересектердің нысаналы топтарын профилактикалық медициналық
тексеріп-қарауды жүргізу мерзімі
Терапевт/ ЖПД |
Акушер/ гинеколог* |
Маммолог/ онколог* |
Электрокардио грамма |
Қандағы холестерин, триглицерид деңгейі |
Қандағы қант деңгейі |
Кольпоскопия, биопсия көрсеткіштері бойынша жатыр мойнын цитологиялық зерттеу (Рар – тест)* |
Маммография* |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
18 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
|||||
25 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
|||||
30 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
|||||
35 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
40 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
45 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
50 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
52 жас, әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
||||||
54 жас, әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
||||||
55 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
56 жастағы әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
||||||
58 жастағы әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
||||||
60 жас, ерлер мен әйелдер |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
65 жас, ерлер мен әйелдер** |
|||||||
+ |
+ |
+ |
+ |
* - тексеріп-қарау мен зерттеу тек әйелдерге жүргізіледі
** - 65 жастан асқан адамдарды профилактикалық тексеріп-қарау (олардың келісімімен және қалауы бойынша) зертханалық және аспаптық зерттеулердің белгілеген көлемін жүргізе отырып, жүргізіледі.
Ескертпе: Ересектерді басқа бейінді мамандардың қосымша тексеріп-қарауы және диагностикалық зерттеулер (зертханалық және аспапатық) жүргізу айғақтары бойынша және медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 11 қарашадағы
N 685 бұйрығына
қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық
медициналық тексеріп-қараудың әдістемелік нұсқауы мен талдауына
жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының
тізбесі
р/с |
Профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың түрі |
Ұйымның атауы |
1. |
Қанайналым жүйесінің негізгі ауруларын (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) ерте анықтау. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ) "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми - зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – РМҚК) |
2. |
Қатерлі ісіктерді ерте (жатыр мойны және сүт безі обырын) ерте анықтау. |
ҚР ДСМ "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" РМҚК |
3. |
Жатыр мойнының ісік алды ауруларын ерте анықтау. |
ҚР ДСМ "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ) және "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
4. |
Балаларды динамикалық бақылау және сауықтыру. |
ҚР ДСМ "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ және "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" РМҚК |
5. |
Халықтың нысаналы топтарының арасында мінез-құлықтық қауіп факторларының таралуын бағалау. |
ҚР ДСМ "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы" РМҚК |