"Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсанындағы N 853 бұйрығына толықтыру енгізу туралы (Қазақст

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 999 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2055. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 685 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және  жабдықтау функцияларын орындау Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп:
      1) Кәсіпорын жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2002 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі