Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 774 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5885 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағы 2-тармақшысына сәйкес және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің мамандықтарын есепке алу, даярлау, регламенттеуді біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілде N 392 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5276 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2008 жылғы N 8, 326 құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы 
N 774 бұйрығымен     
бекітілген        

Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы

1. Жоғары білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары

      1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология).
      2. Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина).
      3. Кардиология (ересектердің, балалардың), оның ішінде интервенциялық.
      4. Ревматология (ересектердің, балалардың).
      5. Аллергология және иммунология (ересектердің, балалардың).
      6. Гастроэнтерология (ересектердің, балалардың).
      7. Гематология (ересектердің, балалардың).
      8. Пульмонология (ересектердің, балалардың).
      9. Эндокринология (ересектердің, балалардың).
      10. Нефрология (ересектердің, балалардың).
      11. Фтизиатрия (ересектердің, балалардың).
      12. Кәсіби патология (еңбек медицинасы).
      13. Жұқпалы аурулар (ересектердің, балалардың).
      14. Дерматовенерология (венерология, дерматология, дерматокосметология) (ересектердің, балалардың).
      15. Невропатология (ересектердің, балалардың).
      16. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама).
      17. Медициналық реабилитология, қалпына келтіре емдеу (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) (ересектердің, балалардың).
      18. Сәулелі терапия (радиология).
      19. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика).
      20. Функциялық диагностика.
      21. Клиникалық зертханалық диагностика.
      22. Спорт медицинасы.
      23. Гериатрия.
      24. Клиникалық фармакология.
      25. Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок-терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия).
      26. Әуе және ғарыш медицинасы.
      27. Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы.
      28. Анестезиология және реаниматология (ересектердің, балалардың).
      29. Жалпы хирургия (торакалдық, абдоминалдық, трансплантологиялық, колопроктологиялық).
      30. Кардиохирургия (ересектердің, балалардың).
      31. Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектердің, балалардың).
      32. Нейрохирургия (ересектердің, балалардың).
      33. Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектердің, балалардың).
      34. Пластикалық хирургия.
      35. Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектердің, балалардың).
      36. Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектердің, балалардың).
      37. Урология және андрология (ересектердің, балалардың).
      38. Офтальмология (ересектердің, балалардың).
      39. Оториноларингология (сурдология) (ересектердің, балалардың).
      40. Патологиялық анатомия (ересектердің, балалардың).
      41. Сот-медициналық сараптама.
      42. Трансфузиология (клиникалық, өндірістік).
      43. Перфузиология.
      44. Токсикология (ересектердің, балалардың).
      45. Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек).
      46. Неонатология.
      47. Балалар психиатриясы (наркология, психотерапия, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама).
      48. Балалар хирургиясы (неонаталдық).
      49 . Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы).
      50. Медициналық генетика.
      51. Стоматология (ересектердің, балалардың).
      52. Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология).
      53. Денсаулық сақтау менеджменті.
      54. Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама).
      55. Мейірбике ісі.

2. Фармацевтикалық жоғары білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог).

3. Орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі).
      2. Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері).
      3. Акушерлік іс (акушер, жалпы практика акушері).
      4. Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, энтомолог).
      5. Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті).
      6. Ортопедиялық стоматология (тіс технигі).
      7. Мейірбике ісі (мейірбике/мейірие, мамандандырылған мейірбике/мейірие, жалпы практика мейірбикесі/мейіриесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейірбике/мейірие, медицина статистигі).
      8. Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт).

4. Бастауыш кәсіби білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Мейірбике ісі (сырқатты бағып-күтетін мейірбике/мейірие, мейірбике/мейірие көмекшісі, массажист*).

      * көз аурулары мүгедектері үшін.