Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Десаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілдедегі N 392 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5276 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 774 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.24 N 774 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлер мамандықтарын есепке алу, даярлау, реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасы бекітілсін.

      2. "Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 97 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4556 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2007 жылғы N 4, 242-бап) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылымды және адам ресурстарын дамыту департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Б.Т. Малғаждарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          А. Дерновой

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің 
2008 жылғы 4 шілдеде    
N 392 бұйрығымен бекітілген 

Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы 1. Жоғары білімді медицина қызметкерлерінің мамандықтары

      1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология)

      2. Жалпы дәрігерлік практика/Отбасылық медицина

      3. Кардиология (ересектердің, балалардың), соның ішінде интервенциялық

      4. Ревматология (ересектердің, балалардың)

      5. Аллергология және иммунология (ересектердің, балалардың)

      6. Гастроэнтерология (ересектердің, балалардың)

      7. Гематология (ересектердің, балалардың)

      8. Пульмонология (ересектердің, балалардың)

      9. Эндокринология (ересектердің, балалардың)

      10. Нефрология (ересектердің, балалардың)

      11. Фтизиатрия (ересектердің, балалардың)

      12. Кәсіби патология (еңбек медицинасы)

      13. Жұқпалы аурулар (ересектердің, балалардың)

      14. Дерматовенерология (венерология, дерматология, дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)

      15. Невропатология (ересектердің, балалардың)

      16. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психологиялық-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)

      17. Медициналық реабилитология, қалпына келтіре емдеу (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) (ересектердің, балалардың)

      18. Сәулелі терапия (радиология)

      19. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика)

      20. Функционалдық диагностика

      21. Клиникалық зертханалық диагностика

      22. Спорт медицинасы

      23. Гериатрия

      24. Клиникалық фармакология

      25. Дәстүрлі емес терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок-терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)

      26. Әуе және ғарыш медицинасы

      27. Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы

      28. Анестезиология және реаниматология (ересектердің, балалардың)

      29. Жалпы хирургия (торакалдық, абдоминалдық, трансплантологиялық)

      30. Кардиохирургия (ересектердің, балалардың)

      31. Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектердің, балалардың)

      32. Нейрохирургия (ересектердің, балалардың)

      33. Жақсүйек-бет хирургиясы (ересектердің, балалардың)

      34. Пластикалық хирургия

      35. Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектердің, балалардың)

      36. Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектердің, балалардың)

      37. Урология және андрология (ересектердің, балалардың)

      38. Офтальмология (ересектердің, балалардың)

      39. Оториноларингология (сурдология) (ересектердің, балалардың)

      40. Патологиялық анатомия (ересектердің, балалардың)

      41. Сот-медициналық сараптама

      42. Трансфузиология

      43. Перфузиология

      44. Токсикология (ересектердің, балалардың)

      45. Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек)

      46. Неонатология

      47. Балалар психиатриясы (наркология, психотерапия, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)

      48. Балалар хирургиясы (неонаталдық)

      49. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы)

      50. Медициналық генетика

      51. Стоматология (ересектердің, балалардың)

      52. Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тамақ гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)

      53. Денсаулық сақтау менеджменті

      54. Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру (валеология, эпидемиология, статистикасы, әдістемесі)

      55. Мейірбике ісі

2. Жоғары білімді фармацевтика қызметкерлерінің мамандықтары

      56. Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог)

3. Орта білімді медицина және фармация қызметкерлерінің мамандықтары

      57. Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі)

      58. Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практикалық фельдшер)

      59. Акушерлік іс (акушер, жалпы практикалық акушер)

      60. Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, энтомолог)

      61. Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті)

      62. Ортопедиялық стоматология (тіс технигі)

      63. Мейірбике ісі (мейірбике, маманданған мейірбике, жалпы практикалық мейірбике, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейірбике, медициналық статистик)

      64. Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)

4. Бастауыш кәсіби білімді қызметкерлердің мамандықтары

      65. Мейірбике ісі (сырқатты күтетін мейірбике, мейірбике көмекшісі, массажшы*)

      * көз аурулары мүгедектері үшін