Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 774 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5885 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағы 2-тармақшысына сәйкес және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің мамандықтарын есепке алу, даярлау, регламенттеуді біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілде N 392 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5276 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2008 жылғы N 8, 326 құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы 
N 774 бұйрығымен     
бекітілген        

Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы

      Ескерту. Номенклатураға өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.05.2013 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.12.2016 № 1036 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жоғары білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.12.2016 № 1036 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология).
      2. Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина).
      3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің, балалардың)
      4. Ревматология (ересектердің, балалардың).
      5. Аллергология және иммунология (ересектердің, балалардың).
      6. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)
      7. Гематология (ересектер).
      7-1. Онкология және гематология (балалар)
      8. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)
      9. Эндокринология (ересектердің, балалардың).
      10. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)
      11. Фтизиатрия (ересектердің, балалардың).
      12. Кәсіби патология
      13. Жұқпалы аурулар (ересектердің, балалардың).
      14. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)
      15. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)
      16. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама).
      17. Медициналық реабилитология (ересектердің, балалардың)
      18. Сәулелі терапия (радиология).
      19. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика).
      20. Функциялық диагностика.
      21. Клиникалық зертханалық диагностика.
      22. Спорт медицинасы.
      23. Гериатрия.
      24. Клиникалық фармакология.
      25. Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок-терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия).
      26. Әуе және ғарыш медицинасы.
      27. Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы.
      28. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектердің, балалардың)
      29. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)
      30. Кардиохирургия (ересектердің, балалардың).
      31. Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектердің, балалардың).
      32. Нейрохирургия (ересектердің, балалардың).
      33. Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектердің, балалардың).
      34. Пластикалық хирургия.
      35. Онкология (ересектер).
      36. Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектердің, балалардың).
      37. Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың)
      38. Офтальмология (ересектердің, балалардың).
      39. Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың)
      40. Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың)
      41. Сот-медициналық сараптама.
      42. Трансфузиология
      43. Перфузиология.
      44. Токсикология (ересектердің, балалардың).
      45. Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек, неонатология)
      46. Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация)
      47. Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)
      48. Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия)
      49. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)
      50. Медициналық генетика.
      51. Стоматология (ересектердің, балалардың).
      52. Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология).
      53. Денсаулық сақтау менеджменті.
      54. Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)
      55. Мейірбике ісі.

2-тарау. Фармацевтикалық жоғары білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.12.2016 № 1036 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог); клиникалық фармация; фармация сапасын басқару)

2-1-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.12.2016 № 1036 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мейіргер ісі

3-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.12.2016 № 1036 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі).
      2. Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері).
      3. Акушерлік іс (акушер, жалпы практика акушері).
      4. Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, энтомолог).
      5. Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті).
      6. Ортопедиялық стоматология (тіс технигі).
      7. Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейіргер, медицина статистигі, күтім бойынша кіші мейіргер, массажист)
      8. Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт).

4. Бастауыш кәсіби білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.12.2016 № 1036 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.