"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі марапаттауының мынадай түрлері бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының негізінде:
1) мінсіз адал еңбегі және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі үшін;
2) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін марапатталады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының негізінде:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атаулы тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны үшін;
2) лауазымдық міндеттерін және аса маңызды әрі күрделі тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін жарияланады.
4. Әскери-медициналық (медициналық) құрылымы бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдар, орталық атқарушы органдар, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі, кандидаттардың мінездемелерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне береді.
5. Меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кандидаттардың мінездемелерін кейін оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жіберетін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және Денсаулық сақтау министрінің Алғысымен марапаттауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы марапатталатын адамның марапаттау туралы мәліметтерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының күні мен нөмірін көрсете отырып еңбек кітапшасына енгізу арқылы жүргізеді.
7. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтарды беру ережесі бекітілсін.
8. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
9. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
11. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 10 қарашадағы
N 689 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтарды беру
ережесі
1. Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтарды беру ережесі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау саласында құрметті атақтарды беру тәртібін белгілейді.
2. Денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар:
1) "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" құрметті атағын беру;
2) "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" құрметті атағын беру болып табылады.
3. Құрметті атақтарды беру денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
2. Құрметті атақтарды беру тәртібі
4. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" құрметті атағымен халық денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері:
1) ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін;
2) диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін әзірлегені, енгізгені үшін;
3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және реформалауға белсенді қатысқаны үшін;
4) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытқаны үшін марапатталады.
5. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне айрықша үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:
1) денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелер үшін;
2) белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі және мейірімділігі үшін;
3) қызметтік міндеттерді орындау кезінде көрсеткен кәсіби шеберлігі және жанқиярлығы үшін;
4) қанды кемінде 40 рет және (немесе) қан плазмасын кемінде 70 рет өтеусіз беруді жүзеге асырғаны үшін марапатталады.
6. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс стажы бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері марапатталады.
7. Бір құрметті атақты беру қайталап жүргізілмейді.
8. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" құрметті атақтарын беру осы Ережеге 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша төсбелгілерді және оларға белгіленген үлгідегі куәлікті бере отырып, жүзеге асырылады.
9. Төсбелгілер кеуденің оң жағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.
10. Төсбелгілері жоғалған кезде олардың телнұсқасы жоғалғанның орнына берілмейді.
Төсбелгінің куәлігі жоғалған жағдайда марапатталған адамның өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тиісті құрметті атақты беру фактісін дәлелдейтін құжаттар негізінде куәліктің телнұсқасын береді.
11. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" құрметті атақтары берілген адамдар атына кір келтіретін әрекет істеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының негізінде тиісті құрметті атақтан, төсбелігісінен айырылуы мүмкін.
12. "КСРО құрметті доноры" және "Қазақ ССР Қызыл Крест Қоғамының құрметті доноры", "Құрметті донор" төсбелгілерімен марапатталған донорлар "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісіне ие болатын тұлғаларға теңестіріледі.
3. Марапаттау материалдарын беру және қарау тәртібі
13. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" құрметті атақтарын беру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары көрсетілуі тиіс осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша марапаттау парағы ұсынылады.
14. Әскери-медициналық (медициналық) құрылымы бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдар, орталық атқарушы органдар, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі, марапаттау парақтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне береді.
15. Меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар марапаттау парақтарын кейін оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жіберетін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді.
16. Марапаттау парақтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Марапаттау комиссиясының отырысында қаралады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ресімделеді.
17. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерін табыс ете отырып, құрметті атақ беруді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы жүргізеді.
18. Құрметті атақ беру туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының күні мен нөмірі көрсетіле отырып еңбек кітапшасына енгізіледі.
Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтарды беру
ережесіне 1-қосымша
нысан
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi"
төсбелгісі
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісінің сипаттамасы
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі сары түсті металдан (латунь) жасалған алқа мен планкадан тұрады.
Планкасы көгілдір түсті муарлы лентасы бар, төменде планка екі жағынан лавр бұтақтарымен көмкерілген.
Белгі алқасы шеңбері сызылған 34 мм диаметрлі тең емес шеңбер түрінде жасалған.
Аверс: фоны жылтыр, әріптері мен суреттері шығыңқы, күңгірттелген түрде болады. Алқаның ортасында - көгілдір эмальмен боялған шеңбер фонында шаңырақтың рельефтік бейнесі. Шеңбердің ішінде фоны қызыл түсті эмальмен боялған кіші көлемді шеңбер орналасқан және ортасында тостағанға оралған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Белгі жиегінде бейне бойы ақ эмальмен боялған фонда "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" деген қазақ тіліндегі жазу бар, жазулар нүктелермен бөлінген. Төменде лавр бұтақтарымен көмкерілген "Қазақстан" деген жазу бар.
Реверс: фоны күңгірттелген, әріптері шығыңқы, жылтыр. Ортасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жазу бар.
Бекіткіші: визорлық түйреуіш.
Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтарды беру
ережесіне 2-қосымша
нысан
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi"
төсбелгісіне куәліктің үлгісі
Куәлік көгілдір түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі", "Куәлік" деген жазулар бар.
Сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу болады:
"___________________
тегі, фамилия
____________________
аты, имя
____________________".
әкесінің аты, отчество
Оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
"куәлік N______, удостоверение N ________";
парақтың ортасында мынадай мазмұндағы жазулар болады:
"Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгісімен марапатталғаны туралы осы куәлік берілді
Министр ____________________".
Ескертпе: марапатталатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.
Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтарды беру
ережесіне 3-қосымша
нысан
"Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін"
төсбелгісі
"Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін"
төсбелгісінің сипаттамасы
"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі арасы сары түсті шығыршықпен қосылған түйреуіш пен колодка түрінде жасалған.
Планкасы көгілдір түсті муарлы лентасы бар, сары түсті металл (латунь) түрінде болады.
Алқа сары түсті металдан (латунь) жасалған диаметрі 30 мм дөңгелек нысанда болады.
Аверс: фоны жылтыр, әріптері мен суреттері шығыңқы, күңгірттелген. Ортасында тостағанға оралған жылан түріндегі медицина эмблемасы, үстіңгі жағында – шығып келе жатқан күн сәулесі, төменде – жапырақтарымен лавр бұтағы бейнеленген. Медальдің жиегінде: "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" деген жазу бар, жазулар нүктелермен бөлінген.
Реверс: фоны күнгірттелген, әріптері шығыңқы, жылтыр. Ортасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жазу бар.
Бекіткіші: визорлық түйреуіш.
Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтарды беру
ережесіне 4-қосымша
нысан
"Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін"
төсбелгісіне куәлік
Куәлік көгілдір түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі", "Куәлік" деген жазулар бар.
Сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу бар:
"___________________
тегі, фамилия
____________________
аты, имя
____________________".
әкесінің аты, отчество
Оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
"куәлік N ____, удостоверение N ____";
парақтың ортасында мынадай мазмұндағы жазулар бар:
"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен марапатталады
Награждается нагрудным знаком "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін"
Министр___________".
Ескертпе: марапатталатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.
Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтарды беру
ережесіне 5-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
______________________
Берілген жері
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны
_____________________________________________________________________
(Ұйымның нақты атауын көрсету керек)
3. Жынысы _______________
4.Туған жылы мен туған жері _________________________________________
5. Білімі
_____________________________________________________________________
6. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі ____________________________________
_____________________________________________________________________
7. Үйінің мекенжайы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Жалпы жұмыс стажы ________________________________________________
9. Саладағы жұмыс стажы _____________________________________________
10. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс стажы ________________________________
11. Марапатталушының айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген
мінездеме
_____________________________________________________________________
12. Кандидатура талқыланды және ұсынылды ____________________________
(ұйымның атауы,
____________________________________________________________________
талқыланған күні, хаттаманың N)
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапаттауға ұсынылады
Денсаулық сақтау жүйесі
ұйымының басшысы
_________________________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
___ жылғы "____" ________
(толтырылған күн)
Мөрдің орны
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 10 қарашадағы
N 689 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. "Марапаттаудың салалық жүйесiнiң кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2691 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2005 жылғы 4 қарашадағы N 140-141 санында жарияланған).
2. "Донорларды марапаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3889 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 152 санында жарияланған).
3. "Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4374 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 170 санында жарияланған).
4. "Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 531 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4938 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылы қыркүйек-қазан, "Заң газеті" газеті 2007 жыл 17 қазан N 159 санында жарияланған).
5. "Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 13 қарашадағы N 594 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5381 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 197 санында жарияланған).