Донорларды марапаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3889. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 689 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 217-7-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 279-1-жолмен толықтырылсын:
      "279-1     "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi
                 сақтандыру компаниясы" АҚ";

      2)  алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387 Қаулысымен.

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі