"Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 531 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4938 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 689 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацында»"полиграфия" деген сөзден кейін ", мемлекеттік нышандарды пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "010000, Астана қаласы,»Министрліктер Үйі" ғимараты";
      10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы»"полиграфия" деген сөзден кейін»", мемлекеттік нышандарды пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
      "Кино" бөлімінде:
      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "30.»Шәкен Айманов атындағы»"Қазақфильм" АҚ";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті туралы ережеде:
      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "010000, Астана қаласы,»Министрліктер Үйі" ғимараты";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5-жолдағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі