"Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 447 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5820 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2572 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 37-42, 882-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы нұсқаулықта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін келесі күнтізбелік жылға арналған аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады."
      9-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11, 15, 23 және 25-тармақтардағы "Министрлікке", "Министрлік" деген сөздер тиісінше "уәкілетті мемлекеттік органға", "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13, 23-тармақтардағы: "Министрдің" деген сөз "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                   А. Жақыпов