Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2572 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 37-42, 882-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы нұсқаулықта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін келесі күнтізбелік жылға арналған аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады."
9-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
11, 15, 23 және 25-тармақтардағы "Министрлікке", "Министрлік" деген сөздер тиісінше "уәкілетті мемлекеттік органға", "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13, 23-тармақтардағы: "Министрдің" деген сөз "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Жақыпов