Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  384 және  388-баптарына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың тізімдемесі мен жүк кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеудің ережесі; Қараңыз.K100296
      2) Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу ережесі бекітілсін. Қараңыз.K100296
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

"Тауарларды декларациялаудың кейбір  
мәселелері туралы" Қазақстан      
Республикасының Кедендік бақылау   
агенттігі төрағасының         
2003 жылғы 20 мамырдағы     
N 221 бұйрығымен           
бекітілген              

  Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың
тізімдемесі мен жүк кедендік декларациясын тіркеуден бас
тарту парағын ресімдеудің ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың тізімдемесі мен жүк кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 384-бабына сәйкес әзірленді және жүк кедендік декларацияға қоса берілетін құжаттардың тізімдемелерін, сондай-ақ жүк кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту парағын ресімдеу тәртібін айқындайды. Қараңыз.K100296

      2. Осы Ереже жүк кедендік декларацияны қолдану арқылы, оның ішінде уақытша, мерзімді және алдын ала декларациялау рәсімдерін пайдалану арқылы тауарларды декларациялаудың барлық жағдайларына, сондай-ақ басымдықты тәртіппен кедендік ресімдеу кезінде қолданылады.

  2.  Жүк кедендік декларацияға қоса берілетін
құжаттардың тізімдемелерін ресімдеу тәртібі

      3. Жүк кедендік декларациямен (бұдан әрі - ЖКД) және Кодекстің 48-тарауында айқындалатын құжаттармен бірге жүк кедендік декларацияға қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес екі данада кеден органына беріледі. Қараңыз.K100296

      4. ЖКД-ны қабылдау қоса берілетін құжаттардың екі тізімдемелерінде жауапты қызметкердің тегі мен лауазымы көрсетіле отырып күні мен уақытын, сондай-ақ "Декларация қабылданды" деген жазба қою арқылы расталады.

      5. Расталғаннан кейін қоса берілетін құжаттар тізімдемелерінің бірінші данасы декларантқа қайтарылады, екінші данасы ұсынылған ЖКД мен құжаттарға қосылады.

      6. ЖКД-ны тіркеу кезінде қоса берілетін құжаттар тізімдемелеріне жауапты қызметкер ЖКД-ның тіркеу нөмірін қояды.

      7. ЖКД мен оның электронды көшірмесін тексергеннен кейін кеден органының кезеңдік құжаттамалық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары ЖКД-ның бірінші данасындағы белгілерден басқа, құжаттар тізімдемесінің сыртқы жағына тиісті кезеңдегі бақылау нәтижелері туралы "Тексерілді. Ескертпелер жоқ" жазбасы түрінде  белгілер қояды, не Кеден кодексінің 385-бабында көзделген тәртіппен қателерді түзету қажеттілігін көрсетеді. Қараңыз.K100296

      8. Жүргізілген барлық жазбалар мен белгілер жауапты қызметкердің жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.

  3. Жүк кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту
парағын ресімдеу тәртібі

      9. Кеден органы Кеден кодексінің 384-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда ЖКД-ны тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ, бұл ретте кеден органының ЖКД қабылдау мен тіркеуге жауапты лауазымды адамы декларант орындамаған талаптарды міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысанға (2-қосымша) сәйкес ЖКД тіркеуден бас тарту парағын ресімдеуге міндетті. Қараңыз.K100296
      Есепке алу мақсаттары және ЖКД-ны тіркеуден заңсыз бас тарту фактілеріне жол бермеу үшін бас тарту парағы белгіленген нысанға (3-қосымша) сәйкес ЖКД тіркеуден бас тарту парағын тіркеудің арнайы журналында тіркеледі және оған кедендік ресімдеу бөлімінің бастығы, не оның орнындағы адам қол қояды.

      10. ЖКД тіркеуден бас тартылған жағдайда, кеден органының жауапты қызметкері ЖКД тіркеуден бас тарту парағымен бірге декларантқа ЖКД мен қоса берілетін құжаттарды қайтарады. Бұл ретте ЖКД тіркеуден бас тарту парағына декларант бас тарту парағын алған күнді және уақытты жазады және алғандығына қол қояды.

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының    
2003 жылғы 20 мамырдағы       
N 221 бұйрығымен бекітілген    
Жүк кедендік декларацияны қабылдау 
кезінде құжаттардың тізімдемесі   
мен жүк кедендік декларациясын    
тіркеуден бас тарту парағын      
ресімдеудің ережесіне 1-қосымша   

Кеден органы лауазымды       
адамының жеке нөмірлік       
мөріне арналған орын        

Жүк кедендік декларацияға қоса берілетін
құжаттардың тізімдемесі
N__________________

      ___________________________________________________ ұсынды
                      (декларанттың атауы)

------------------------------------------------------------------
N р/б!  Құжаттың атауы  !Парақтардың саны!Даналардың саны! Ескерту
------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------

Декларанттың уәкілетті
адамының қолы                                    М.О.

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының    
2003 жылғы 20 мамырдағы       
N 221 бұйрығымен бекітілген    
Жүк кедендік декларацияны қабылдау 
кезінде құжаттардың тізімдемесі   
мен жүк кедендік декларациясын    
тіркеуден бас тарту парағын      
ресімдеудің ережесіне 2-қосымша   

      ____________________________________________________________
            (декларанттың (алушының/жөнелтушінің) атауы)
                 берген жүк кедендік декларациясына 

                   ЖКД тіркеуден бас тарту парағы

------------------------------------------------------------------
N р/б! ҚР Кеден кодексі 385-бабының қандай талабы  !  Ескерту
     !              орындалған жоқ                 !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

Күні, уақыты

Кедендік ресімдеу бөлімі бастығының қолы жеке нөмірлік мөрмен, не кеден органының мөртабанымен куәландырылады.

Декларанттың ЖКД тіркеуден бас тарту парағын алғандығы белгісі

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының    
2003 жылғы 20 мамырдағы       
N 221 бұйрығымен бекітілген    
Жүк кедендік декларацияны қабылдау 
кезінде құжаттардың тізімдемесі   
мен жүк кедендік декларациясын    
тіркеуден бас тарту парағын      
ресімдеудің ережесіне 3-қосымша   

      ЖКД тіркеуден бас тарту парақтарын тіркеу журналы

------------------------------------------------------------------
N р/б!  Алушының/жөнелтушінің ! ЖКД-ны   !Кеден органы!Кеден органы
     !          атауы         !тіркеуден ! лауазымды  ! лауазымды
     !                        !бас тарту ! адамының   ! адамының
     !                        ! себебі   ! Т.А.Ә.     ! қолы
------------------------------------------------------------------
  1  !             2          !     3    !      4     !     5
------------------------------------------------------------------

"Тауарларды декларациялаудың      
кейбір мәселелері туралы"       
Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының    
2003 жылғы 20 мамырдағы       
N 221 бұйрығымен бекітілген    

  Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып
тауарларды кедендік ресімдеу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 388-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды мерзімдік декларациялаудың тәртібін айқындайды. Қараңыз.K100296

      2. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға арналған рұқсатты белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) кеден органы береді.

      3. Тауарларды мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалана отырып ресімдеу мұндай тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастырмастан жүргізіледі.

      4. Қазақстан Республикасының кеден органдары отыз күнтізбелік күн ішінде тауарлардың әрбір жеткізілімінің өтуіне есеп пен нақты бақылауды жүзеге асырады.

  2. Тауарларды әкелу кезінде мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ерекшеліктері

      5. Әрбір партия жеткізілу орнына келгеннен кейін тауарлар мен көлік құралдары көрсетіледі, ал оларға арналған көліктік және тауарға ілеспе құжаттар кеден органына тапсырылады.

      6. Кеден органының лауазымды адамы тауарға ілеспе құжаттар мен мерзімді кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтердің тауарларды тексеру нәтижелеріне сәйкестігін тексереді.

      7. Декларант ұсынған құжаттарда көрсетілген мәліметтер тауарларды тексеру нәтижелеріне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамы мерзімді кедендік декларация нөмірі мен тауарлардың шығарылған күнін көрсете отырып көрсетілген лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырылатын көліктік және тауарға ілеспе құжаттарға "Шығаруға рұқсат етіледі. Мерзімдік декларациялау" деген жазбаны жазады (немесе мөртабан қояды).

      8. Мерзімді кедендік декларацияда көрсетілген мөлшерден асатын мөлшерде тауарлар әкелген жағдайда, декларанттың өтініші бойынша кеден төлемдері мен салықтарды төлей отырып әкелінген тауарлардың мөлшері туралы мәліметтерге түзету жүргізіледі. Мәліметтерді түзету бұрын алдыңғы мерзімді кедендік декларацияда мәлімделмеген тауарлар туралы мәліметтер көрсетіле отырып, мерзімді кедендік декларацияны беру нысанында жүзеге асырылады.

      9. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, декларант мерзімді кедендік декларацияны қайтарып алуға құқылы, қайтарып алынған декларация жоюға жатады. Бұл ретте уақыттың келесі кезеңіне мерзімді кедендік декларация әкелінбеген тауарлардың мөлшері ескеріле отырып толтырылады.

  3. Тауарларды әкету кезінде мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ерекшеліктері

      10. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат берген және мерзімді кедендік декларацияны ресімдеген Қазақстан Республикасының кеден органы ол арқылы тауарларды іс жүзінде әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пункті кеден органына әкетілетін тауарлар туралы негізгі мәліметтерді көрсете отырып мерзімдік декларациялау рәсімінің ашылғандығы туралы ақпаратты жолдайды және Қазақстан Республикасының кеден шекарасында кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін ресімделген мерзімді кедендік декларацияның көшірмесін ұсынады.

      11. Жөнелтілетін әрбір тауар партиясына арнап декларант жөнелтуші кеден органына тауарға арналған көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды ұсынады. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы құжаттарда көрсетілген мәліметтердің тауарларды тексеру нәтижелеріне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      12. Декларант ұсынған құжаттарда көрсетілген мәліметтер тауарларды тексеру нәтижелеріне сәйкес келген жағдайда, жөнелтуші кеден органының лауазымды адамы көліктік және тауарға ілеспе құжаттарға мерзімді кедендік декларацияның нөмірі мен тауарлардың шығарылған күнін көрсете отырып көрсетілген лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырылатын "Шығаруға рұқсат етіледі. Мерзімдік декларациялау" деген жазбаны жазады (немесе мөртабан қояды).

      13. Тауарларды әкету мөлшері кезеңдік кедендік декларацияда көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда, декларанттың мәлімдемесі бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып әкетілген тауарлардың мөлшері туралы мәлімдемені түзету жүргізіледі. Мәлімдемелерді түзету алдыңғы кезеңдік кедендік декларацияда бұрын мәлімделмеген тауарлар туралы мәліметтерді көрсете отырып кезеңдік кедендік декларацияны беру нысанымен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N  294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      14. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкету жүзеге асырылмаған жағдайда, декларант мерзімді кедендік декларацияны қайтарып алуға құқылы, қайтарып алынған декларация жоюға жатады. Бұл ретте уақыттың келесі кезеңіне мерзімді кедендік декларация әкетілмеген тауарлардың мөлшері ескеріле отырып толтырылады.

  4. Қорытынды ережелер

      15. Мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша кедендік ресімдеуді жүргізуші кеден органдары кедендік бақылау мақсаттары үшін белгіленген нысандағы мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша ресімделген тауарлардың есебін жүргізу журналында (2-қосымша) мерзімдік декларациялау рәсіміне сәйкес өткізілетін тауарлардың есебін жүргізеді. Журнал Қазақстан Республикасының кеден органында  тауарлардың мерзімдік декларацияланғандығы туралы соңғы жазба қойылған сәттен бастап бес жыл бойы сақталады.

      16. Тауарларды іс жүзінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына(нан) әкелу (әкету) жүзеге асырылмаған жағдайда не мерзімді кедендік декларацияны қайтарып алу жүзеге асырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы берілген мерзімді кедендік декларацияны есептен алады.

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының    
2003 жылғы 20 мамырдағы       
N 221 бұйрығымен бекітілген    
Мерзімдік декларациялау рәсімін   
қолдана отырып тауарларды кедендік 
ресімдеу ережесіне 1-қосымша    

Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға арналған
Рұқсат

"___"___________200_ж.                          N ХХХХХ/0000

Кеден органының атауы
Осымен

__________________________________________________________________
            (тауарлардың СЭҚ ТН сәйкес атауы мен коды,

__________________________________________________________________
                    не ерекшелігіне сілтеме)

_____________________________________________ кеден режиміне сәйкес
шарт немесе өзге құжат бойынша өткізілетін___________________
                                          (күні және нөмірі) 
тауарларға арналған мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға
рұқсат етіледі.
Тауарлардың шыққан елі____________________________________________
Шамамен алғандағы кедендік құн____________________________________
(әкету кезінде) - кедендік өткізу пункті _________________________

Рұқсат "___"___________ дейінгі мерзімге берілді.

Рұқсатқа кеден органының басшысы қол қояды және кеден органының 
мөрімен куәландырылады.

Ескерту: Рұқсаттың нөмірі мынадай үлгіде жасалады:
ХХХХХ/0000, мұнда:
ХХХХХ - рұқсатты берген кеден органының коды;
0000 - рұқсаттың реттік нөмірі.

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының    
2003 жылғы 20 мамырдағы       
N 221 бұйрығымен бекітілген    
Мерзімдік декларациялау рәсімін  
қолдана отырып тауарларды кедендік 
ресімдеу ережесіне 2-қосымша    

Мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша ресімделген тауарлардың есебін жүргізу журналы

--------------------------------------------------------------------
N р/б!Декларант!МКД N!Рұқсаттың! Тауардың !Тауардың  ! Кедендік
     !         !     ! нөмірі  !атауы және!тексеруге ! бақылау
     !         !     !мен күні !  саны    !ұсынылған ! жүргізуші 
     !         !     !         !          !күні      ! лауазымды
     !         !     !         !          !          !адамның Т.А.Ә.
--------------------------------------------------------------------
  1  !     2   !  3  !    4    !     5    !     6    !     7
--------------------------------------------------------------------

       Ескерту:
      1) журналда МКД бойынша ресімделген әрбір жеткізілген тауарлар
жөніндегі деректер көрсетіледі;
      2) жеткізу кезеңінің аяқталуы бойынша әрбір МКД бойынша 
қорытынды деректер есептелінеді;
      3) рұқсатты қолдану мерзімінің аяқталуы бойынша әрбір рұқсат
бойынша қорытынды деректер есептелінеді.